Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Отбасы бюджетін жоспарлай білейік

Сіз отбасы бюджетін жоспарлай аласыз ба? Қаржыны қалай жұм­сау­ды білмесеңіз, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы қа­ла­сын­да­ғы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті сізге көмектесуге әзір.

Егер сіздің осы уақытқа дейін өз ақшаңызды, атап айтқанда, отбасы бюджетін бө­лу жоспарыңыз болмаса, онда асы­ғуыңыз керек. Егер адам қайда баратынын білмесе, онда болашақта да ол ешқайда бармайды.

Кез келген жоспарды, оның ішінде қаржы жоспарын сая­хат­шының жол картасымен са­лыстыруға болады. Ондай картасы болмаса, адам адасады және көздеген жеріне тез жете алмайды. Сондықтан адам бір орында тұрып қалмай, алға ұмтылғысы келсе, жоспардың болуы – өмірлік қажет талап.

Қаржы жоспарын жасау үшін әуелі ағымдағы қаржылық ахуалды талдау қажет. Ол үшін алдымен бір айдағы және бір жылдағы кіріс пен шығыс туралы есеп жасау керек. Одан кейін қолда бар активтер мен пассивтерге талдау жасалуы тиіс.

Жас отбасының бюджеті

Мысалы екі адамнан тұратын, от­басылық бюджетті енді ғана бірле­сіп жүргізе бастаған жас от­ба­сы­ның қаржы жоспарын қа­рас­ты­ра­йық.

Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арнал­ған тәсілді өзгерту қажет. Егер қа­зір­гі жағдайда оның пассиві көп бол­са және негізінен отбасының ағым­да­ғы қажеттіліктерінен тұ­ратын бол­са, болашақта бюджет кіріс әке­ле­тін активтермен толықтырылуы тиіс.

Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай? Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағы­дай отбасының шығыстарын қыс­қарту, әрине күр­де­лі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады.

Екінші кеңес: отбасының тұрақты қо­рын қалыптастыру толық аяқ­тал­ған­­ша қарызға ақша алмау және н­е­­сие­­ге ірі тауарлар сатып алмау керек.

Үшіншіден, отбасы шығын жұм­­салатын жерде үнемдеу керек, бі­рақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.

Қаржы жоспары

Жас отбасы несие төлеген жағ­дайды қарастырайық. Екі жылдан кейін жас жұбайлар өздерінің бос ақшаларын инвестициялай алады. Олар үшін неғұрлым тиімді нұсқа – банк депозиті. Қаржы жоспарында инвестициялау стратегиясы берілген, ол ағымдағы қызметтен түсетін ақша қаражатының оң балансын пайдалану негізінде құ­рылады, яғни орын алып отырған қалдықты немесе «бос қаражатты» сіз тұтыну ретінде емес, салым ретінде жұмсайсыз. Осы бос қаражат алға қойған мақсатқа қол жеткізуге арналған қажетті капиталды жинақтау үшін қаржы құралдары­на инвестициялауға ар­­на­лады. Отбасының қар­жы­лық тәуел­сіз­ді­гі нақты мақсат болады. Егер бір жылғы пассивтік кіріс ағымдағы жылдық шығыстардан асатын болса (ПК>ЖШ), осындай жағ­дай­ға қол жеткізуге болады. Ин­вес­ти­ция­лау үшін біз, бұрын кредитті өтеу үшін жұмсалған, ай сайын 9 000 теңге жинақтау арқылы қа­лып­тас­ты­рыл­ған бос 108 000 теңгені аламыз.

Кестеде осындай жағдайға тек капитал жинақтаған 23-ші жылы ғана қол жеткізілетіні көрініп тұр. Алайда біз есеп үшін барлық жыл­дар бойы өзгермеген шартты цифрларды алдық, мысалы, отба­сының кірісі, жалпы шығыстар және салымдар. Сондай-ақ біз капиталды инвестициялаудың және жинақтаудың ең консервативтік құралын – салымның ең сенімді, бірақ кірісі төмен түрлерінің бірі депозитті қарастырдық. Осы шартты түрде алынған отбасылық жұпты және олардың шартты кірістерін мысалға келтіре отырып, біз шығыстарды қалай белгілеуге және оларды қалай бақылауға болатынын көрсеттік. Сондай-ақ өзіңіз инвестицияланған ақшаның сіз үшін қалай жұмыс істейтінін көрнекі түрде көрсеттік.

Кез келген компанияның же­тістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кә­сіп­орынның экономикасымен са­лыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.

3- тапсырма. Аударма. Орыс тіліне аударыңыз.

Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай? Бюджеті барынша шектелген отбасының шығыстарын қыс­қарту, әрине күр­де­лі болады. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады.

Екінші кеңес: отбасының тұрақты қо­рын қалыптастыру толық аяқ­тал­ған­­ша қарызға ақша алмау және н­е­­сие­­ге ірі тауарлар сатып алмау керек.

Үшіншіден, отбасы шығын жұм­­салатын жерде үнемдеу керек, бі­рақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.

4 - тапсырма. Жазылым. Сөйлемдерді мына сөздермен аяқтаңыз. (болады,алға,емес,депозиті,ақша,алып,отбасы,алады)

Жас ....... несие төлеген жағ­дайды қарастырайық. Екі жылдан кейін жас жұбайлар өздерінің бос ақшаларын инвестициялай ........ Олар үшін неғұрлым тиімді нұсқа – банк ..... Қаржы жоспарында инвестициялау стратегиясы берілген, ол ағымдағы қызметтен түсетін ........ қаражатының оң балансын пайдалану негізінде құ­рылады, яғни орын ...... отырған қалдықты немесе «бос қаражатты» сіз тұтыну ретінде ......, салым ретінде жұмсайсыз. Осы бос қаражат .......... қойған мақсатқа қол жеткізуге арналған қажетті капиталды жинақтау үшін қаржы құралдары­на инвестициялауға ар­­на­лады. Отбасының қар­жы­лық тәуел­сіз­ді­гі нақты мақсат ...........