Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау:

1. Өттің құрамындағы холестериннің көбюі ненің пайда болуына әсер етеді?

2. Тастардың сыртқы түрлері қандай болады?

3. Аурудың негізгі және алғашқы белгісі

4. Іріңді қабыну қашан басталады?

1. Тақырып №29, атауы: Ұлы Отан соғысының батырлары. Сөйлемдерді синтагмаларды мәтінде бір- бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі.

2. Мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ұлы Отан соғысының батырлары. Сөйлемдерді синтагмаларды мәтінде бір- бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі.туралы өз ойларын ортаға салу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

-Ұлы Отан соғысы жайында мәліметтерді;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары атағын алған қандастарымыз кімдер?

2.Батырлық, ерлік туралы қандай мақалдар білесіз?

3.Соғыс тақырыбына жазылған қандай кітаптар оқыдыңыз?

5. Оқу және оқытудың әдістері. Оқылым: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру,

пікірлесім, мақал-мәтел

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Ұлы Отан соғысы

Биылғы жылы Ұлы Отан соғы­сы­ның аяқталғанына 66 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер  бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапылда Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. 

Осынау соғыста бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшы­лар, партизандар, қарапайым халық өкілдері осы елдегі 1934 жылы  белгіленген ең жоғарғы құрмет – Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарында оған ие болған қазақ ұлтының аза­мат­тары 103 болып отыр.

Өзбектер иеленіп кеткен айтулы қазақтар: генерал-майор Сабыр Рахимов пен бөлімше командирі Расул Есетов осы санатқа қосылды. Дәлірек айтқанда, соғыс кезеңінде бұл атақ 100 адамға нақты берілсе, 1946 жылы оны Сұрағанов Құдайберген, 1965 жылы генерал Рахимов Сабыр, ал 1990 жылы Момышұлы Бауыржан алды. 

 Бұл таза ұрыс алаңында барлығы 103 қазақ осы жо­ға­ры атаққа ие болды деген сөз. Кейін, яғни бейбіт ке­зеңде оған қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубә­кіров, Ауған соғысының қаһарманы Қайырболат Майданов қосылды. Соңғы азамат кейіннен Че­шен­стандағы қантөгісте Ресей Батыры атағын да иеленді. Өкінішке қарай, 2000 жылы оның тік­ұша­ғы атып түсіріліп, өзі қазаға ұшырады. Бұлардан тыс 90-шы жылдардың соңында кеш те болса Ресей Батыры атағын Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ұшқыш-радист жетісулық Бақтыораз Бейсекбаев та алды.  1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақ­тат­ты. Мына төменде беріліп отырған Кеңес Ода­ғының Батыры атағын алған қандастарымыздың тізімі – соның айғағы.