Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Кредиттік технологияның басқа жүйелерден артықшылығы неде?

2. Қазақстандағы білім беру жүйесі неге негізделген?

3.Оның ең маңызды үдерістері қандай?

4.Кредиттік оқу жүйесінің басқа елдерде қолданылу ерекшелігі неде?

5.Студенттің білімі қандай бірліктермен өлшенеді?

6. Қазіргі оқу жүйесі сізді толық қанағаттандыра ма?

1. Тақырып №35, аталуы: Ғылым мен техника. Ғылым-инновациялық экономиканың

негізі. Әлем картасындағы ғылыми технологиялар. Күрделі

сөйлемдер жүйесі.

2. Мақсаты: Студенттерге ғылым мен техника, ғылым-инновациялық экономиканың негізі, әлем картасындағы ғылыми технологиялардың маңыздылығын жеткізу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ғылым мен техника.

2.Ғылым-инновациялық экономиканың негізі.

3.Әлем картасындағы ғылыми технологиялар.

4.Күрделі сөйлемдер жүйесі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым,аударма,сұрақ-жауап, мазмұндау, сұхбаттасу,эссе.

1 - тапсырма.Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз.

процесс

үдеріс

по шире

кеңірек

объединяться

бірлесу

формировать

қалыптастыру

«четыре столпа образования»

«білім берудің төрт тағаны»

достигнуть

қол жеткізу

критическое мышление

сындарлы ойлау

ориентация, ориентир, направление

бағдар

одаренный

дарынды

точная наука

нақты ғылым

естествознание

жаратылыстану

способность

қабілет

намечается

көзделіп отыр

фундамент

іргетасы

современный

заманауи

лаборатория

зертхана

прорыв

серпіліс

поток информации

ақпарат ағыны

2– тапсырма. Оқыңыз, аударыңыз, мазмұндаңыз.

Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».

Ұзақ жылдар бойы біздегі білім берудегі басты проблема ақпараттарға қол жеткізу болды. Бүгінгі жағдай басқаша. Қазіргі кезең – «ақпарат ғасыры». Болжам бойынша 2010 жылы ақпарат көлемі алты есеге ұлғаймақ. Ақпараттың мұндай көлемінде жоғалып кетуге де болады.

Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті – ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау.

Бізде дарынды өте балалар көп. Олардың таланттарын ашу үшін интеллектуалдық мектептер ашылып жатыр. Бұл мектептерде нақты және жаратылыстану ғылымдары оқытылып, оқушылардың сындарлы және креативті ойлау қабілетін дамыту көзделіп отыр. Олар Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болулары тиіс.

Астана қаласында әлемдік деңгейдегі Халықаралық университет ашылмақшы. Онда инженерлік және техникалық кадрларды, генетика, биохимия, физика мамандарын дайындайтын болады. Және де заманауи зертханалар, Ұлттық биотехникалық орталық т.б. жұмыс істейтін болады

(Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығында оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» лекциясы бойынша (Алматы, 13 қазан 2009 жыл) ықшамдалып алынды).

1. Сөз тіркестерін біріктіріңіз.

1. білім беру

1. әлемде

2. қазіргі заманғы

2. үдерісі

3. білім ала

3. қабілетті

4. білім берудегі

4. білуге

5. интеллектуалды элитаны

5. ойлау қабілеті

6. бағдар ала білуге

6. басты проблема

7. сындарлы және креативті

7. тәрбиелеудің іргетасы

2. Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңыз.

  1. Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше ... .

  2. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, ...

  3. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған ...

  4. Ұзақ жылдар бойы біздегі білім берудегі басты проблема ...

  5. Ақпараттың мұндай көлемінде ...

3 - тапсырма. Сұхбатпен танысып, эссе жазыңыз.

  • Айдана, сен елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың лекциясын тыңдадың ба?

  • Қай лекциясы, Әсем, Гумилев атындағы Еуразиялық университетіндегі ме, жоқ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ма?

  • Әрине, соңғы лекциясы. Қалай аталушы еді?

  • «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деп аталады. Мен сол лекцияда болдым.

  • Қандай бақыттысың! Мен теледидардан көрдім. Бес бөлімнен тұратынын білемін. Жалпы әлемдік дағдарыстың себептеріне кеңірек тоқталған жоқ па?

  • Дұрыс айтасың. Сонымен қатар еліміздегі дағдарысқа қарсы шаралар да айтылды.

  • Маған «Интеллектуалдық ұлт» жобасы ұнады. Егер осы жоба шын мәнінде іске асса, Қазақстан әлемді мойындатады.

  • Әрине, Әсем! Біздің алар биігіміз әлі алда!

1.Күрделі сөйлемдермен ғылым мен техника, ғылым-инновациялық экономиканың негізі, әлем картасындағы ғылыми технологиялар туралы газет бетінен ақпараттарды жинастырып, әңгімелеңіз.