Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Зәр шығару мүшелерінің қандай ауруларын білесіз?

2. Бүйректің қабынуы қандай ауру?

3. Бүйрек қай жерде, қалай орналасқан?

4. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

5. Бүйректе не түзіледі?

6. Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша?

7. Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?

1. Тақырып №17, атауы: Тірек- қимыл жүйесі. Құрмалас сөйлемнің семантикалық,

функциональдық ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін кәсіби бағытта жетілдіру. Құрмалас сөйлемнің семантикалық, функциональдық ерекшеліктері туралы білу. Жаттығу жұмыстары арқылы тірек-қимыл жүйесіндегі термин сөздерді қазақша сауатты жазуға дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек: Ережелерді білу керек

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тірек- қимыл жүйесі.

2.Түтікті сүйек.

3.Құрмалас сөйлемнің семантикалық ерекшеліктері.

4.Құрмалас сөйлемнің функциональдық ерекшеліктері.

5. Оқу және оқытудың әдістері. Сөздікпен жұмыс, тілдамыту, жазылым,

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Сөздерді жаттаңыз.

Келтіру-приводить; придать; ввести

Ішкі-внутренний

Қорғау-защищать; охранять

Өзара-между собой

Буын қалтасы-суставная сумка

Сіңір-сухожилие

Омыртқа жотасы-позвоночный столб

Иық белдеуі-плечевой пояс

Жамбас-тазовая кость

Өзіне тән ерекшелік-специфическая особенность

Икемделу-приспособиться

Жуан-толстый твердый

Мықты-крепкий;сильный; прочный

Бейімделу-адаптация; приспособиться

Жартылай-на половину; не полностью

Қабырға-ребро; стена

Жалпақ-плоский

Жілік-трубчатая кость

Қуыс-полоcть; пустота

Таяныш; тірек-опора

Иілімді-гибкий; пластичный; легко сгибаемый

Табан суйегі-кости стопы

Жұқа-тонкий

Жауырын-лопатка

Самай-височная кость

2-тапсырма. Тілдамыту. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) қаңқадан және бұлшықеттерден тұрады. Қаңқаның атқаратын қызметтері: қан жасау, қорғаныш ету, тірек болу. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамындамайлар (15%) және су (50%) да облады.

Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.

3-тапсырма. Жазылым. Сөйлемдерден мезгілдес салалас сөйлем жасаған

шылауларды табыңыз.

1.Жаңбыр тоқтады да, күн жылынды. 2. Ахмет келді де, жиналыс басталды. 3. Жиналыс жүріп жатыр жане сөйлеушілерде көп болды. 4. Клубта ән айтылды әрі би биленді. 5. Жиналыс бітті де, халық тарай бастады.

4-тапсырма. Жай сөйлемдерден жалғаулықты мезгілдес салалас сөйлемдер

құрастырыңыз.

Жаз шықты. Күн жылынды. Жиналыс басталды. Мен жаттым. Біз жүріп кеттік. Биыл жана мектеп ашылды. Облыстан хабар келді. Кеш болды. Кісілер отырды.

5-тапсырма. Құрмалас сөйлемге «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбына төрт сөйлем құрастырыңыз.