Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Әлия молдағұлова

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Әлияның анасы 8 жасында қайтыс болып, ол нағашысының қолында тәрбиеленген. 1935 жылы Әлия нағашысының отбасымен алдымен Мәскеуге, ал соғыстың алдында Ленинградқа көшіп келді.

Елімізге неміс басқыншылары соғыс ашқан кезде, Әлия снайперлерді дайындайтын курста оқып, 1943 жылы Солтүстік Батыс Майданының 5-атқыштар бригадасына аттанады. Онда 4-батальонның снайпері болды. 1944 жылдың қаңтар айында Псков облысының «Казачиха» деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы 4-маусымда Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Бүгін де Әлияның атында ескерткіштер, көше, мектеп, мұражайлар бар. Әлияға ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қылқалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалым – зерттеуші С.Синицкий «Белые ночи» деген кітап жазса, Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары», Ж.Жұмақанов «Әлия» атты повестер жазған. Әлияға ескерткіш Новосокольники қаласында (авторы М.Әйнеков), Ақтөбеде (авторы – Л. Рапутов, М.Штамм), Мәскеуде (суретші Б. Әбішев) тағы да басқа қалалардағы мемориалдық мұражайларда бюстары орнатылған. Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазақстанның барлық қалаларында Әлия атындағы мектептер бар. Қазақ - қашанда жауынгер халық, батыр халық. Олардың батырлығы ерлігі ұрпаққа үлгі. «Ер есімі – ел есінде»,-демекші батыр қыздар Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерліктерін кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпақ емес.

Мәншүк мәметова

Мәншүк Мәметова (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Орал облысының Орда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда тұратын апайының қолында өткізеді. Ол Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк соғыста өзінің мергендігімен және табанды батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып,фашистердің қолынан ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы аға сержант Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс кезінде Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.

Қазақтың батыр қызының ерлігі туралы көптеген жыр, естелік, повесть, әңгімелер жазылды.

Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов: «Соғыс жылдары көрсеткен ерлігі және батырлығымен елді таңдандырған ХХ ғасырдың осы бір тұлғасына әйелдер бейнесін жасайтын, бар өмірін соған арнайтын не суретші, не мүсінші болсам ғой»,- деп жазды.

Мәншүк Мәметовамен майдандас болған режиссер Мәжит Бегалин өзінің батыр досы, қаһарман қазақ қызының өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы ән» көркем фильмін түсірді.

Батыр қызды бала кезінен жақсы білетін ақын Мәриям Хәкімжанова «Мәншүк Мәметова» поэмасын жазған. Осы поэма негізінде режиссер Сейілхан Асқаров «Мәншүктің балалық шағы» телефильмінің сценариін жазды. Сондай-ақ М.Мәметованың майдандастары Александр мен Акентай Хамидуллиндер «Мәншүктің жұлдызды» сәті атты кітап жазды.

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. Невель Алматы, Орал тағы басқа қалаларда Мәншүк атында көшелер, республикамызда ондаған мектептер, Қызылорда қаласында Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі бар.

2010 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Мәншүк Мәметова атындағы кабинет ашылды. Сонымен қатар университет мұражайында Мәншүк Мәметоваға арналған бөлме бар. Алматы қаласында 1997 жылы Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш орнатылды.

4-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз, жаттап алыңыз.

  1. Ананың көңілі балада, Мать живет заботами детей,

Баланың көңілі далады. Дети – своими интересами.

  1. Інісі бардың тыныс бар, У кого есть старший брат,

Ағасы бардың жағасы бар. У того опора есть

У кого есть младший брат,

У того подмога есть.

  1. Әкенің қадірін Цену отцу узнаешь,

Балалы болғанда білесің. Когда появятся собственные дети.

5-тапсырма. Оқып есте сақтаймыз!

Әкелері жайында балалары не ойлайды?

6 жасында – Менің әкем бәрін біледі!

20 жасында - Менің әкем біраз нәрсе біледі.

30 жасында - Әкем соншалықты көп нәрсе біле қоймайды.

40 жасында - Мен де әкемдей білемін.

50 жасында - Әкем біраз нәрсе біледі.

60 жасында - Менің әкем бәрін біледі!

70 жасында - Әттең, әкем өмірде болса, әкеммен ақылдассам ғой!

6-тапсырма. Төмендегі ситуациялық сұрақтарға жауап жазыңыз:

Әттең! Шіркін!

(если бы)

...............................................................................................................

  • Бұл қандай отбасы?

...............................................................................................................

  • Олардың неше баласы бар?

...............................................................................................................

  • Балалары неше жаста?

...............................................................................................................

  • Балалары қандай?

...............................................................................................................

  • Әйелі неге қуанады?

...............................................................................................................

  • Күйеуі неге ренжиді?

...............................................................................................................

  • Балалар неге ата-аналарын ренжітеді?

...............................................................................................................

7. «Қазақ елі батыр қыздарын мақтан етеді», «Қазіргі замандағы батыр қыздар», «Батырлықтың өнегесі» тақырыптарының біріне шығарма жазыңыз.

8. Еліміз Ұлы Жеңісің 65 жылдық мерекесінде батыр қыздарға қандай құрмет көрсетілді? тақырыбында досыңызбен сұхбат құрыңыз.