Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өт жолдары ауруларының пайда болу себебі қандай?

2.Халангит, перитонит сөздерінің түсініктемесін беріңіз?

3.Өт сөзін қандай сөздердің тобына жатқызасыз?

5. Оқу және оқытудың әдістері: жазылым: сурет бойынша жұмыс, сөйлем құрастыру,

сөздік жұмысы, оқылым, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, түсіндіру.

1-тапсырма. Суреттегі терминдерді қазақ тіліне аударып, сөздік жазыңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдер құрастырыңыз.

Өт жолдары, дәрігер, өмір, тағам, ішек, адамның ағзасы, денсаулық, мәлімет, бауыр, ас қорыту, ем, тірлік.

3-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді орыс тіліне аударыңыз,

әңгімелеңіз.

Өт жолдарының аурулары.

Өттің құрамындағы холестериннің көбюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оның пайда болуына бірден-бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында,өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүкін.

Оның негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырылған тамақнемесе жұмыртқажегеннен кейін басталды. Шаншу күні уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға берілді. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт жүретін жолдары таспен жабылып қалғанда, адам денесі, көзі сарғая бастайды. Ол көбінесе екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәрітінің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін.

Өт жүретін жолдарда ірінді қабыну басталады (халангит), Өттің айналасында түйін пайда болады, сары сулы сұйықтар(перитонит) шыға бастайды, осының әсерінен көбінесе адам сарғайып кетеді. Себебі өт жолын ішіндегі тас (тастар) жауып, өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады. Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып, ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысына төгіледі. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, сырқатқа қолма-қол ота жасап, емдеу қажет.

4-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, « Дәрігердің қабылдауында» атты сұхбат әзірлеңіздер.

5-тапсырма. Мәтін мен суретті қолдана сырқатнама жазыңыз.

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с