Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш. Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  3. Рысбаева Г.К. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  4. Сыздық, Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  5. Хасанова С. Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  6. Әуелбеков Ш. Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Сіздің отбасыңызда қандай дәстүрлер қалыптасқан?

2.Отбасы бақытты болу үшін отбасылық дәстүрлердің маңызы бар деп ойлайсыз ба?

3.Қазақ халқы жасы ұлкендерді қалай құрметтеген?

4.Жас келіндер қайын жұртын қалай құрметтеп, сыйлаған?

5.Қазақ халқының қандай тұрмыстық әдет-ғұрыптары бар?

1. Тақырып №4, атауы: Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-

дәстүрлер.

2. Мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік

қорларын байыту.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- жаңа сөздерді қолдана білуі;

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт- дәстүрлер.

2. Қазақ халқының үйленуге байланысты салт-дәстүрлері.

3. Құдаласу дәстүрі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: аударма, тіл дамыту, жазылым.

1-тапсырма. Аударма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық  салт-дәстүрлер.

    Қазақ халқы қыз бен жігіттің бас қосып үйленуін о бастан-ақ ата-ана, жақын-жуық, ел мүддесімен, өмірімен өзектес деп қараған. Сондықтан, әр ата-ана балаларын уақытында үйлендіріп, жақсы келін түсіруді мұрат тұтып, бұған тікелей басшы болған. Өйткені болашақ жас келін бір үйлі жанның, тіпті бір ауылдың тіршілігіне ұйытқы болған. Бүгінгі жас келін – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелуші ана. Үйлену және үй болуға байланысты халқымыздың құда түсу, жаушы жіберу, құдаларды қарсы алу, есік-төр көрсету, ұрын келу, жасау беру, т.б.салт-дәстүрлері бар. Құда түсу – ерте дәуірден күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жақсы, жарасымды дәстүр. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі. Әке-шешесі ажар-көркіне ғана емес, адамгершілігіне, көргенді, өнегелі отбасынан шыққандығына үлкен мән береді.    Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жол-жоралғысы жасалады. Олар өте көп: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр жеу, т.б. Екі жақтың әкелері, шешелері бір-біріне «бауыздар құда, құдағилар»болады.   Ертеде екі достың әйелдері бір кезде ұл, қыз туса құда болып, «бесік құда» болу дәстүрі де бар.    Егер тұрмысы нашар, төлейтін қалың малы болмаса, қызын жігіт жақтың біреуіне беріп, «қарсы құда» да болған. Халқымыз жеті атаға шейін қыз алыспаған. Бұл дәрігерлер тұрғысынан  қан тазарту мәселесіне өте сай келеді деп дәлелденіп отыр.   Жаушы жіберу – қыз айттыруға баратын өкілді жіберу. Ол жөн-жосықты жақсы білетін, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға жүйрік адам болуы керек.   Құдаларды қарсы алу – құда түскеннен кейін, қыз әкесінің шақыруы бойынша жігіттің әкесі бастаған он шақты сөзшең, әңгімешіл, домбырашы, әнші-жыршы адамдардың келуі. Осы жолы той жабдығы, қалыңмал мәселесі шешіледі.      Ұрын келу – күйеудің қымбат, бағалы сыйлықтар алып, жанына әнші, күйші, сері жігіттер ертіп қалыңдықтың ауылына келуі. Қалыңмал – қыз алатын жақтың қыз беретін жаққа төлейтін малы. Қалыңмалдың тұрақты мөлшері болмаған. Бұл әл-ауқатқа байланысты 47,37,27,17 мал тұяғымен есептелген. Кедей адамдар 5-6 малмен-ақ тынған. Осылармен бірге ілу, өлі-тірі, тоймалы  деген ырымдар да бар.  Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Бұл кейде қалыңмалға берілген дүниеден көп болуы да мүмкін. Екі жақта болатын той-томалақ өз алдына әңгіме.

2-тапсырма. Тіл дамыту. Сұхбатты оқып, жолдасыңызбен әңгімелесіңіз.

Ерлан: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба? Бүгінгі жоспарыңыз қандай?

Қонақ: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң!Рахмет! Егер мүмкін болса, халқыңыздың қазіргі тұрмыс-салтымен таныссам деп едім...

Ерлан: Өте жақсы. Бүгін менің досымның баласы үйленгелі жатыр. Сол тойға келуіңізді сұраймын. Сонда  біздің елдің қазіргі жастарының үйлену салтымен жақын таныса аласыз.

Қонақ: Маған ыңғайсыз болмай ма? Біздің халқымызда «Танымайтын жерге шақырусыз қонаққа бармайды» деген қағида бар.

Ерлан: Өзіңіз де байқаған шығарсыз, біздің қазақ халқы өте қонақжай халық, қонақты еш уақытта жатсынбайды. Қайта Сіздің келгеніңізге қуанып, құрмет көрсетеді.

Қонақ: Дегенмен, ыңғайсызданып тұрмын....

Ерлан: Біздің халқымызда «Қонақтың бөлінбеген еншісі бар», «Құдайы  қонақ» (құдай өзі арнайы жіберген қонақ), «Қонақты қусаң құт қашады» деген сөздер бар. Бізде ешқандай ыңғайсыз болып есептелмейді.

Қонақ: Ерлан мырза, Сіз маған былай да көп қызмет көрсеттіңіз. Шексіз ризамын. Мына айтып отырғаныңызға әбден сенемін. Расында, Сіздің халқыңыз өте қонақжай халық екен!

Ерлан: Онда келісітк кешкі сағат алтыда осында кездесейік. Сонымен, үйлену тойына баратын болдық. Көріскенше күн жақсы болсын!

3-тапсырма. Жазылым.

  1. Мәтінге жоспар құрастырыңыз.

  2. Сөздердің антонимдерін тауып жазыңыз.

Кедей –  

Ата –

Қымбат –

Жақын -

Жуық -

Жас –

Ана –

Дос -

3. Сөздердің синонимдерін табыңыз.

Қыз, ажар, жігіт, тым, бас қосу, өмір, халық.

4. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.

Неке, неке қию, жас нәресте, ер бала, болашақ келін, жас келін, атастыру рәсімі,

құйрық-бауыр, құда түсу, қалыңмал, кит, тыйым