Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі қалай аталады ?

2.Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады ?

3.Көмейдің қызметі ? (көмекей) .

4. Кеңірдектің пішіні.

5.«bronchus» – грек тілінен аударғандағы мағынасы қалай аталады ?

1. Тақырып №14, аталуы: Жүйке жүйесі.

2. Мақсаты: Жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сауатты жазуға дағдыландыру. Сөйлеу

қабілеттерін кәсіби бағытта арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүйке жүйесі.

2. Орталық және аймақтық жүйесі.

3. Жұлын.

4. Ми.

5. Оқу және оқытудың әдістері. Сөздікпен жұмыс, тілдамыту, сұхбат,аударма, түсіндіру.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Кестедегі термин сөздерді аударыңыз.

2-тапсырма. Тілдамыту. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Жүйке жүйесі орталық және аймақтық бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Аймақтық бөлімге жүйкелер

мен жүйке түйіндері жатады.

Жұлын омыртқа жотасынын өзегіне орналасады. Оның диаметрі 1 см. Жұлынның ортасына сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.

Ми бас сүйек қуысында орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортанғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір-бірімен тығыз байланысты.

Жүйке жүйесінің бір бөлігі қанқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді, ол соматикалық жүйке жүйесі деп аталады. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам іс - әрекетті меңгереді, яғни өз еркімен қимылдайды немесе қозғалысты тоқтатады. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді, ол автономиялық жүйке жүйесі деп аталады. Автономиялық жүйке жүйесінің қызметі адам еркіне бағынбайды. Мысалы, жүректі тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болмайды.

3-тапсырма. Сұхбат.Суреттегі термин сөздерді аударып,сұхбат әзірлеңіз.

4-тапсырма.Аударма. Қазақ тіліне аударып, мәтінге қосымша ақпарат ретінде пайдаланыңыз.

Деятельность нервной системы. К периферическому отделу относятся нервы и нервные углы. Часть нервной системы. Посредством соматической нервной системы. Деятельность внутренних органов. Регулирует работу скелетных мышц. Рефлекторная функция спинного мозга. Связь между спинным и головным мозгом. Обеспечивает работу органов. Спинной мозг расположен в позвоночном канале. Работа автономной нервной системы. Ускорить процесс пищеварения.

5-тапсырма. Түсіндіру. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

1. Кісі қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас.

2. Жұпарды жасыра алмайсың

3. Болған кісі, болдым демес,

Болдым десе, болғаны емес.

4. Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес.

5. Дүниеде тас қатты,

Тастан бас қатты.

6. Адам құлақтан азады,

Қаңқудан тозады.

7. Жігіттің құны — жүз жылқы,

Ары — мың жылқы.

8. Адаспаймын деген жігіт,

Талтүсте адасады.