Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау.

1. Қандай тыныс алу ауруларын білесіз?

2. Аурудың неден басталатындығын науқасқа түсіндіріңіз

3. Болашақ маман ретінде кеңес беріңіз.

1. Тақырып №25, аталуы: Бронхит. Сөйлемнің актуальды мүшеленуі.

2. Мақсаты: Бронхит ауруына қатысты сөздерді меңгеру, өз ойын еркін жеткізу, сөйлем

құрауға, схбаттасуға машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері: ойын жеткізе алуы;

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтіннің мазмұнын жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша мәліметті қорыта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Бронхит қандай аурулар түріне жатады?

2.Бронхиттің неше түрі бар?

3.Аурудың белгілеріне қатысты термин сөздерді айтыңыз

5. Оқу және оқытудың әдістері. Суретпен жұмыс, оқылым, сұрақ-жауап, сұхбат,

түсіндіру.

1-тапсырма. Суреттегі терминдерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.

2-тапсырма. Оқылым. Мәтінді мазмұндаңыз.

Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.

Бронхит (bronchіtіs) — қолқаның қабынуы. Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б. микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді.

Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады.

Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік жаттығулар жүргізіледі. Науқас С дәруменіне және ақуызға бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды пайдаланбағаны жөн.

3-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз.

4-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, «Лор дәрігерінің қабылдауында» атты сұхбат әзірлеңіздер, сөйлемнің актуальды мүшелеріне назар аударыңыздар.

5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

1. Жолдасты жол айырады.

2. Қарау адам — күншіл,

Мекер адам — міншіл.

3. Сырты жалтырауықтың

Іші қалтырауық.

4. Жерік талғамайды,

Ғашық алдамайды.

5. Жаным десе, жан семірер.

6. Көз — нұрдың ұясы,. Көңіл — сырдың ұясы.

7. Жақсының жүрген жері — абат.

8. Қатты жауған күн

Тез ашылады,

Қатты ашуланған кісі

Тез басылады.

6-тапсырма. Суретті қолданып, науқасқа сырқатнама толтырыңыз.