Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау.

1.Ұлттық медицина ғылымының дамуы туралы не білесіз?

2. Медицина ғылымы дегенді қалай түсінесіз?

3. Лебіздегі сөйлем құрлымы дегеніміз не?

4. Қаратпа, қыстырма сөздердің өзіндік ерекшеліктері.

5. Одағай сөздер

1. Тақырып №2, аталуы: Медицина салалары.

2. Мақсаты: Сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Жаңа сабаққа қатысты медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өтілген тақырып туралы айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

-берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

-тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Медицина салалары.

2. Хирургия салалары.

3. Хирургия саласының жетістіктері.

4. Лебіздегі сөйлем құрылымы мен олардың өзіндік ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: аудару, тіл дамыту, жазылым.

1-тапсырма. Аудару. Мәтінді оқып, аударыңыз. Қазақстандағы хирургия.

Республикада хирургия 1950 жылдардан бастап қарқынды дами бастады — өкпе, кеуде, жүрек-қантамыр хирургиясы, сондай-ақ ангиокардиография және рентгенді-эндоваскулярлық әдістер кеңінен қолданылды. Эндоскопиялық техника жетілдірілді, мұның нәтижесінде кеңірдек пен өңеш, асқазан мен ішек ісіктерін (полиптерін) алып тастау операциялары жетілдірілді.

20 ғасырдың 70 — 80-жылдары ауруларды ультрадыбыс арқылы анықтау, компьютерлік томография, ядролық магнитті-резонансты томография әдістері хирургиялық тәжірибеде кеңінен қолданылатын болды, сондай-ақ лазер және микрохирургия техникасы игерілді. 1990 жылдан бастап оперативті видеотехника іске қосылды. Эндовидеохирургияны клиникалық тәжірибеге енгізудің нәтижесінде кеуде және құрсақ қуысына лапароскопиялық операциялар жасалынатын болды.

Қазіргі уақытта лапароскопиялық телевидеоқондырғылар республиканың барлық облыстар орталықтарында орнатылған. Қазақстанда видеоскопиялық хирургия 20 бағытта дамыған және сол арқылы эндокриндік жүйеге, әйелдердің жыныс органдарының әр түрлі ауруларына реконструктивті операциялар жасалынады. Жүрек-қантамырын эндоваскулярлы стентірлеу, кава-фильтрлерді орналастыру, қолқаны эндоскопиялық жолмен протездеу, соғып тұрған жүрекке операция жасау игерілді. Жүректің ишемиялық ауруын, миокард инфарктісін, жүрек жетіспеушілігін емдеуде бағаналы клетканы қолданып регенерациялық терапия жүргізу жетілдірілді. Бұл миокардтың қалыпты қызмет ететін жаңа тіннің өсіндісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір бұл бағытта бағаналы клеткаларды органдар мен жүйелердің әр түрлі ауруларында қолдану үшін эксперименталды зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ органдар мен жүйелердің, әсіресе, паренхиматозды, эндокринді органдар, орталық және шеткі жүйке жүйесі мен сүйек-буын жүйесінің транспланталогиясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Хирургияның онкология, нейрохирургия, ортопедия, пластикалық хирургия, микрохирургия, т.б. салалары жақсы дамыды.

2 –тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Хирургияның қай салалары жақсы дамыған?

2. Хирургия саласының қандай жетістіктері бар?

3. Ауруларды анықтауда қандай әдістер қолданылады?

4. Медицинада қандай жаңа техника игеріліп, қандай жаңа әдістер қолданылады?

3- тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Қарқынды даму, әдістерді қолдану, операцияларды жетілдіру, хирургиялық тәжірибеде, медицина салалары, тәжірибеге енгізу.