Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.“Дәрумендер” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Мал өнімдері, өсімдік, қалыпты тіршілік, жүрек қызметі, көмірсу, зат алмасу, тез шаршау, дәрумендердің жетіспеуі, ағза, көз жанары нашарлау.

2. Төмендегі берілген мәтінді мазмұндаңыз. Дәрумендер

Дәрумендер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайданалады. Бірақ дәруменсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін артырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.

Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Дәрумендер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т.б. әріптермен белгіленеді.

А дәрумені ағзаның өсуі дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол-дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде көп кездеседі.

В дәруменінің түрлері өте көп. В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп айтады. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болса адам тез шаршайды, жүйкесі тозады, ашуланшақ болады. В12 дәрумені жетіспесе қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 дәрумені жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.

С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл дәрумендер ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын дәрумендер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.

3-тапсырма. Жазылым: естіген, оқыған мәтінді жазбаша мазмұндау

«Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құраңыз.

4-тапсырма. Айтылым: мамандығы бойынша өз ойын айта білуі, хабарлау, пікірлесу түріндегі мәтіндерді құрастыра білуі, сұрақ қоя білуі, берілген сұрақтарға тез жауап бере білуі

1.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.

2. Суретте жазылған дәрумендер қандай жеміс-жидектерге тән екенін ажыратып, сұхбат әзірлеңіз немесе «Дәрумендер» туралы ертегі құрастырыңыз.

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с