Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді.

Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны француз ғалымы Л. Пастер ашты.

Қазақтар бұл ауруды «құрт ауруы» деп атаған.

Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады: құсу, аяқ-қолы тырысу, естен тану.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырады.

Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп қалу мүмкін.

Туберкулездің ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады.

Жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды.

Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер жоқ.

3. Төмендегі туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарына жауап беріп, интонация қойып рөлге бөліп айтыңыздар.

– ...

– Кеудем ауырады.

–...

– Иә, жөтелемін.

–...

– Қызуым 37 градустан түспейді.

– ...

– Иә, жүдедім. 5-6 кг-дай салмақ жоғалттым.

–...

– Түнде жөтелемін.

–...

– Әлсіздік сезінемін. Тез шаршаймын.

–...

– Иә, қақырық түседі.

–...

– Жоқ, қан байқалмайды.

Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша

4. Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз.

фразалық тіркестер

Білдіретін мағыналары

а

Өкпесі қара қазандай

1

ренжу, өкпелеу

ә

Өкпе-бауыры елжіреу

2

ентігу, алқыну

б

Қызыл өкпе болу

3

қатты ренжу.

в

Өкпе арту

4

ерекше мейірім білдіру

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. Туберкулез сөзінің латын тіліндегі мағынасы қандай?

  2. Қазақтар қалай атаған?

  3. Инфекция жұқтырған адамдардың барлығы бірдей ауыра ма?

  4. Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады?

  5. Туберкулездің белгілері қандай?

  6. Туберкулез адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?

1. Тақырып №28, аталуы: Өт жолдарының аурулары.

2. Мақсаты: ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.