Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А. Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  3. Бектурова А.Ш. Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  4. Бектұров Ш.Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  5. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  6. Рысбаева Г.К. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  7. Сыздық, Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  8. Хасанова С. Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с

  9. Әуелбеков Ш. Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

  1. Бақылау:

  1. Медицинаның қандай салаларын білесіз?

  2. Хирургияның қай салалары жақсы дамыған?

  3. Хирургия саласының қандай жетістіктері бар?

  4. Медицинада қандай жаңа техника игеріліп, қандай жаңа әдістер қолданылады?

1. Тақырып №3, аталуы: Емдеу және сауықтыру орындары, қызметі.

Сөйлем құрлымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынастар

түсініктілігі.

2. Мақсаты: Тақырып туралы айта білуге дағдыландыру. Ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе

білуге дағдыландыру. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Емдеу және сауықтыру орындар.

2. Емдеу және сауықтыру орындарының қызметі.

3. Сөйлем құрлымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынастар.

5. Оқу және оқытудың әдістері. Сөздікпен жұмыс, аударма, тілдамыту, сұрақ- жауап, түсіндіру,

сұхбаттасу.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» мәтіні бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.

әлеуметтік – социальный

жиынтық – совокупность

құқық – право

жүйелі бақылау – системный

контроль

емдеу – лечение

тексеру – обследование

күрделі – сложный

көп салалы – многопрофильный

мамандырылған– специализированный

әскери – военный

мүгедек – инвалид

ғылыми зерттеу – научное

исследование

қабылдау бөлімі- приемная

мекеме – учреждение

емдік балшық – грязевое лечение

денсаулық сақтау –

здравоохранение

жедел медициналық көмек –

скорая медицинская помощь

бөлімшелер – отделения

қабылдау – принимать

емдеу диагностикалық – лечебная

диагностика

емшаралық – процедурный

таңу бөлмелері – перевязочные

комнаты

тұрғын – житель

ерекшелік – особенность

әкімшілік шаруашылық –

административно-хозяйственный

амбулаторлық көмек –

амбулаторная помощь

міндет – обязанность

емдеу бөлімшелері – лечебные отделение

әл-ауқат – состояние

2-тапсырма. Аударма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Поликлиника. Этим словом (от греческого «поли» - много) называют лечебно-профилактическое учреждение, предназначенное для окзания специализированной медицинской помощи приходящим больным и для лечения на дому. От амбулатории поликлиника отличается объемом деятельности и приемом по всем врачебным специальностям.

Клиника. Этот термин происходит от греческого слова «клине» - кровать или «клинике» - лечение, уход за лежачим больным. Теперь словом «клиника» обычно называют больницу, в которой не только лечат, но и обучают студентов-медиков и молодых врачей. Словами «клиническая картина» болезни обозначают внешние проявления того или иного заболевания.

Амбулатория. Так называют (от латинского слова «амбуло» - гуляю) лечебное учреждение, оказывающее медицинскую помощь по основным врачебным специльностям приходящим больным, а так же на дому.

Аптека. Есть много слов с таким же окончанием: библиотека, картотека, фильмотека. Все это значит: хранилище того-то –и происходит от греческого -слова «тэке» - «ящик», «хранилище». «Аптека» по-гречески значило просто «склад». В европейские языки слово перешло со значением: «склад лекарств».

3-тапсырма. Тілдамыту. Мәтінді оқыңыз, түсінгеніңізді мазмұндаңыз.

Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы - оның денсаулығы. Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жиынтығы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген.

Емдеу-сақтандыру мекемелерінде амбулаторлық көмек көрсетіледі. Оларға амбулатория немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде), дәрігерлік пункт (здравпункт), емхана, диспансерлер, медициналық көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диагностикалық орталық, әйелдерге кеңес беру (консультациясы), жедел жәрдем станциясы жатады.

Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.

Стационардың түрлері:

1.Аурухана медицина ғылымы мен техниканың соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары медициналық көмек көрсетеді. Аурухана көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

2. Госпиталь – әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана.

3. Клиника – науқастарды емдеумен қатар студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін ауруханалық мекеме.

4. Шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме. Оларды минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге салады.

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бір салалы (мамандандырылған) және құрамына әр түрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және т.б.) бөлімшелер кіретін көп салалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен бөлімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық (нақтам- және емдеу бөлмелері, ота жасайтын (операциялық), емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді.

4-тапсырма. Сұрақ- жауап. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерің атаңыз.

2. Аурухана қандай көмек көрсетеді?

3.Госпиталь дегеніміз не?

4.Клиника қандай мекеме?

5.Шипажай дегеніміз не?

6. Ауруханалардың қандай түрлері болады?

7. Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

8.Адамның басты байлығы дегенді қалай түсінесіз?

5-тапсырма. Түсіндіру.Тақырыпқа қатысты нақыл сөзді түсіндіріңіз.

Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

Ы.Алтынсарин.

6-тапсырма. Сұхбаттасу. «Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері» деген тақырыпта төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сұхбаттасыңыздар.

Адам денсаулығы, әл-ауқаттың жиынтығы, әйелдерге кеңес беру, жедел жәрдем станциясы, мугедек адамдар, орта медициналық қызметкерлер, бөлімшенің түрі, емшаралық, таңу бөлмелері, бекітілген, әскери, жетістіктер.