Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

3. Жұлын қайда орналасқан?

4. Жұлын қандай қызмет атқарады?

5. Жұлынның диаметрі қанша?

6. Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?

7. Ми қайда орналасқан?

8. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

9. Автономиялық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

1. Тақырып №15, аталуы: Ас қорыту жүйесі. Объектілік, субъектілік, предикативтік

қатынастардың берілу жолдарындағы функциональдық ерекшеліктері мен мағыналық реңктер.

2. Мақсаты: Ас қорыту жүйесі мен ас қорыту жүйесіндегі аурулар туралы мағлұмат беру.

Жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сауатты жазуға дағдыландыру. Сөйлеу қабілеттерін

кәсіби бағытта арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ас қорыту жүйесі.

2. Ұйқы безі

3. Аш ішек 

4. Асқазан аурулары

5.Объектілік, субъектілік, предикативтік қатынастардың берілу жолдарындағы функциональдық

ерекшеліктері мен мағыналық реңктер.

5. Оқу және оқытудың әдістері. Сөздікпен жұмыс, тілдамыту, сұрақ-жауап, салыстыру, сұхбат,

жазылым, жағдаяттық тапсырма.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Сөздерді жаттаңыз.

ұйқы безі – поджелудочная железа

өзек – проток

он екі елі ішек – двенацатиперстная кишка

қоймалжың – полужидкий

ыдырау – расщепление; распад

тоқ ішек – толстая кишка

аш ішек – тонкая кишка

тік ішек – прямая кишка

кенеулі – питательный

қоймалжың– густой, не жидкий

өңез – cлизистый налет

құсу – вырвать; срыгнуть

тырысу – судорога

күдік – подозрение

жүрек айну – тошнота

қыжылдау – изжога

іш қату – запор

іш кебу – вздутие живота

2-тапсырма. Тілдамыту. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Ас қорыту– өте күрделі үрдіс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.

Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі.Жұтқыншақ – ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.Өңеш– ас қорыту жолының бір бөлігі. Ересек адамның өңешінің ұзындығы 25-30 см.

Асқазан – сол қабырға астында орналасқан толық бұлшық етті ағза. Оның кардиальды тесігі XI кеуделік омыртқа деңгейінде орналасқан. Кіреберіс тесігі I бел омыртқаның деңгейінде, омыртқа бағанасының оң жағында орналасқан. Асқазан қабылдаған тағам үшін резервуар болып табылады, сонымен қатар сол тағамды химиялық қорытылуына әсер етеді. Осыған қоса, биологиялық белсенді заттардың секрециясы мен сіңіру қызметін атқарады. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның шырышты қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4-8 сағаттай болып асқазан сөлінің әсерінен қорытылады. Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерімен болады. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді, майдың ерітінділері негізінен, лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, аш ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, латынша  duodénum – аш ішектің бастапқы бөлігі, ол асқазанның кіреберісімен жалғасады. Он екі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады. Оның атауы сипатына сәйкес, себебі көлденең өлшемі он екі саусақ өлшеміндей. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.

Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады. Массасы, шамамен, 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті, оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш-жасыл түсті. Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады.

Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Аш ішек – адам ағзасындағы асқазан мен тоқ ішек арасында орналасқан ішектің бір бөлігі. Аш ішектің негізгі қызметі – қоректік заттарды сіңіру. Аш ішектің ұзындығы 7- 8 м.

Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Тоқ ішек –адам ағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі, ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.

Асқазан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит. Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Адам бұл ауру ас қорыту жолына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк және басқалар) түскенде пайда болады.

Гастриттің жедел түрінде немесе тамақтан уланғанда (ұшынғанд- науқастың іші, басыауырады, әлсірейді, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе кейде 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілінің үстін ақшыл-сары өңез басады, іші аздап кебеді. Ауыр түрлерінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, тіпті науқас есінен танып қалады, аяқ-қолы тырысуы мүмкін.

Дұрыс емделгенде науқастың жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті аппендициттен, дизентериядан айыра білу керек.Интоксикация белгілері жойылғанға дейін төсектен тұрғызылмайды, асқазанды натрий гидрокорбанатының ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады. 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Одан кейінгі күндерде арнайы диета тағайындалады.Жедел гастрит дұрыс емделмесе, диета ұстамаса созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.

Созылмалы гастрит – асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бiрi. Ол ересек жастағы адамдардың 50%-да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкiндiгi жоғарылай түседi. Бiрақ науқастардың көбi ауруына мән бермеуiнен дәрiгерге қаралатындардың саны 10-15%-дан аспайды.

Бұл аурудың дамуына алып келетін себептер:

  • инфекция түсу(95%) ;

  • ұзақ қолданған кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;

  • уақтылы тамақтанбау, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы, ыстық немесе

салқын тағамдарға әуесқойлық;

  • зиянды әдеттердің әсері (iшкiлiкке салыну, темекi тарту);

  • жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы (невроз, стресс т.б.).

Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазанда қабыну үрдісі дамиды, сөйтіп асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

Созылмалы гастриттiң клиникалық көрiнiсiне мынандай жалпы белгiлер тән:

  • тәбеті нашарлау;

  • асқазан тұсының тамақ iшкенге байланысты ауыруы;

  • жүрек айну;

  • асқазан қыжылдау;

  • оқта-текте құсу;

  • ауыздан жағымсыз иіс шығу;

  • іш қату.

3-тапсырма. Сызбаға қарап ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеңіз.

4-тапсырма. Сұрақ-жауап. Адам қандай зардап шегеді? деген сұраққа үлгі бойынша жауап беріңіз.

Төмендегі себептерден

адам қандай зардап шегеді?

Үлгі:Іш қатудан

үлкен дәретке ұзақ уақыт бармаудан ағза уланады.

Тамақты шайнамастан асығыс жұтудан

Тәбеті нашарлаудан

Зиянды әдеттердің әсерінен

Ауыздан жағымсыз иіс шығуынан

5-тапсырма. Салыстыру. Бауыр мен өкпеге салыстыру жүргізіңіз.

6-тапсырма. Сұхбат.Төмендегі сұхбатты мазмұнына қарай толықтырыңыз.

– Қай жеріңіз ауырады?

–...

– Қай кезде ауырады? Тамақ алдында ма, әлде тамақтанғаннан кейін бе?

– ... .

– ...?

– Ащы тамақ жегеннен кейін ауырады.

– ...?

– Кеше кішкене қызуым болды.

– Әлсіздік сезінесіз бе?

–...

– Жүрегіңіз айни ма?

– ...

– ...?

– Иә, бірнеше рет құстым.

– Тәбетіңіз қалай?

– ... .

– Ішіңіз қата ма?

– ... .

– ...?

– Иә, асқазаным қыжылдайды.

7-тапсырма. Жазылым. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестеріне объектілік, субъектілік, предикативтік қатынастардың берілу жолдарындағы функциональдық ерекшеліктері мен мағыналық реңктеріне қарай сөйлем құраңыздар.

Асқазан сөлі, ас ботқасы, улы заттар, ащы тағамдар, зиянды әдеттер.

8-тапсырма.Жазылым. Науқас адамға дәрігердің атынан кеңес беріңіз.

а. Рецепте тағайындалған дәрі-дәрмектерді көрсетілуі бойынша қабылдаңыз.

ә. ____________________________________________________________________

б._____________________________________________________________________

в._____________________________________________________________________

г._____________________________________________________________________

9-тапсырма.Жағдаяттық тапсырма. Сіздің іс-әрекетіңіз.

Жедел жәрдем арқылы жеткізілген 68 жастағы науқастың асқазаны ұдайы сыздап ауырады, жүрегі айниды, жиі кекіреді, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан соң ауру оң жақ белге беріледі. Науқасқа алғашқы көмек көрсетілді, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Бірақ науқас тағайындалған антибиотиктерді қабылдаудан бас тартты.