Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. «МузАрт» тобы осы уақыт ішінде қандай жетістікке жетті, қандай белестерге көтерілді?

  2. Он жыл ішінде неше ән жазылған?

  3. «МузАрт» сөзі қай тілден енген, қандай мағынаны білдіреді екен?

  4. 10 жыл бойы өнерде бірге жүрулеріне не себепші болуы мүмкін деп ойлайсыз?

  5. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген топтың ұстанымы қандай деп ойлайсыз?

1. Тақырып №21, аталуы: Ұлттық мәдениет тамыры. Күй атасы-Құрманғазы.

Жай сөйлемнің негізгі семантикалық және функционалдық

ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттерді ұлттық мәдениет туралы айта білуге дағдыландыру.

Көпшілік ортада ұлттық мәдениет туралы ойын жеткізе алуы.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ұлттық мәдениет тамыры.

2.Күй атасы-Құрманғазы.

3.Жай сөйлемнің негізгі семантикалық ерекшеліктері.

4 Жай сөйлемнің функционалдық ерекшеліктері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым,сұрақ-жауап,ассоциация,айтылым,жаттау,

жазылым.

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып.түсінгеніңізді айтыңыз.

Күй атасы-Құрманғазы.

Қ ай ұлтқа, қай халыққа болса да сол ұлтпен, халықпен бірге жасасып келе жатқан киелі мұралары қымбат. Қазақ халқы үшін сондай құнды, бағалы мұралардың бірі – күй.

Қазақ сахарасындағы күй өнері – өте ертеден келе жатқан халқымыздың көне тарихын бойына сіңірген өнер. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй тыңдап, күйді түсінген адам жамандыққа, арамдыққа бара алмайды. Күй құдіреті деген осы.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Оның “Сарыарқа”, “Балбырауын”, “Серпер”, “Адай” сынды күйлері Отан, ел деген ұғымдармен астасады. Құрманғазы өмір бойы заңсыз іс-әрекеттерге қарсы күресіп, қарапайым адамдар құқығын қорғап келген.

Құрманғазының “Сарыарқа”, “Алатау”, “Бұлбұлдың құрқұры” атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, “Кішкентай”, “Төремұрат”, “Адай” күйлері батырлар бейнесін “Қайран шешем”, “Қызыл қайың”, “Кісен ашқан” күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Патша үкіметінің қудалауынан туған жерінде қала алмай елмен қоштасу кезінде “Сарыарқа” күйі жазылған. Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Адай» күйлерін тыңдағанда бойды ерекше сезім кернейді. Ұланғайыр қазақ даласы көз алдыңа елестейді. Желмен жарыса жүйткіген жылқылар. Ат үстіндегі қолын сермей жүзі жайнап бара жатқан бала. Шаттық. Қуаныш. Асқақтаған көңіл-күй сезімін сыйлайды.

Құрманғазының күйлерін халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде қазақ ұлттық халық консерваториясына, академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестріне, балалар музыкалық мектебіне, саз колледжіне, жас орындаушылар сайысына Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді.

Ұлттық сана, ұлтты сүю, қадірлеу бабаларымыз аманат етіп кеткен дәстүрден, өнерден бастау алатынын ұмытпағанымыз абзал. Қасиетті өнеріміздің бір тармағы, құдіреттісі – күй өнері. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов кезінде «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй» деген.

2-тапсырма. Сұрақ- жауап. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі не?

2. Музыкалық мұраларымыз бізге қалай жетіп отыр?

3. Құрманғазы есімімен аталатын мәдени орындарын білесіз бе ?

4. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесіз?

5. Күй құдіреті неде?

3-тапсырма. Ассоциация. Құрманғазының «Сарыарқасы» мен Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйлерін тыңдағанда ойыңызға келген «ассоциацияны» дәптеріңізге жазып, жай сөйлем құрастырыңыз.

Мысалы: Ассоциация: кең дала, жайлау, ... .

Жай сөйлем: күмбірлеген күй кең даламызды елестетті.

4-тапсырма. Айтылым.

1.«Күй – сезім туындысы» деген пікірге келісесіз бе? Өз ойыңызды айтыңыз.

2.«Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» дегенге қосар ойыңыз.

5-тапсырма. Жазылым. Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Күйшілік өнер» атты шағын ойтолғау жазыңыз.

Күй тартылды, халық, ән салды, ел жиналды, күйшілер жиылды, құнды пікірлер, еңбегін елге жеткізді, күй құдіреті, жаныңды тербиді, қызығамын,үйренгім келеді.

Сурет бойынша «ұлттық мәдениет тамыры» деген тақырыпта жай сөйлемдер құрастырыңыз.

6-тапсырма. Жаттау. «Күй ойнайды қазағымның қанында» өлеңін жаттаңыз.

Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев Сөзін жазған: Шөмішбай Сариев

Күй ойнайды қазағымның қанында

Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –  Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Үй тапсырмасы: Домбыраның құрылысын жазыңыз.