Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау:

  1. Абай жазу жұмысында қандай ақын-жазушылардың шығармаларын үлгі етеді?

  2. Адам баласының өмір сүру мақсаты неде деп ойлайсыз?

  3. Мәтінде қандай жетілу түрлері туралы айтылады?

  4. Абай жастарды неге шақырады?

  5. Мәтінде қандай көп мағыналы сөздер қолданылады

1. Тақырып №24, аталуы: Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық

концепциясы

2. Мақсаты: Студенттерге Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық

концепциясының маңыздылығын жеткізу. Өз ойын еркін айтуға үйрету

арқылы студенттің таным мүмкіндігін дамыту.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

2. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары.

3. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясы

5.Сабақ беру және оқыту әдістері: тыңдалым,аударма,кластер толтыру,әңгімелеу

1- тапсырма. Тыңдалым. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы деректі фильм көріп, әңгімелеңіз.

2 – тапсырма. Аударма. Сөздерді оқып, аударыңыз.

1

имандылық

2

инабаттылық

3

көрегенділік

4

ізетбілдіру

5

қайшылықтар

6

наразылық

7

тұлға

3-тапсырма. Кластер толтыру. Шәкәрім шығармашылығы туралы білетін ақпараттарыңызды кластерге түсіріп, әңгімелеңіз.

Полотно 53 Овал 54

4 – тапсырма. Мазмұндау. Мәтінді мазмұндаңыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясы

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрімнің асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр.

Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Шәкәрім  лирикасындағы тақырыптық мазмұн-қоғам қайшылықтарын азаматтық талғамда терең мән беріп, сын тезіне салуы, сол қоғамның шындығы мен сұранымынан туындаған ағартушылық–демократтық мақсаттағы сыншылдық идея. Ақынның қоғам өмірін суреттеген сыншылдығы да, шыншылдығы да, наразылығы да, лирикалық жанр үлгісінде тоғысады. Оның реалистік сипаттағы лирикалық туындыларында әдеп, мінез-құлық, имандылық, ар ілімі сынды категориялары бірден көзге түседі. Бұл Шәкәрім лирикасындағы авторлық ерекшелік болып табылады.

Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі - қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады. ("Патшалар сансыз шығыс қылады", 1919; "Адам немене" 1915) , "Бостандық таңы атты", " Бостандық туы жарқырап" (1917) өлеңдері Қазан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет "Шаттық" деген сөзді қолданғанымен, Ш.Құдайбердиевтің жаңа заманның өзгерісіне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілдікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда еді. "Қош жұртым" өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанмен халықтан қол үзбегенін, болашаққа сеніммен қарайтынын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған хатында(3.2.1931) айқын білдірген. Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман - Мамыр" дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік - Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады.

Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы тарихи - әдеби процеске ерекше ықпал еткен таза ұлттық таным тұрғысынан айнымаған Шәкәрім лирикасына теориялық тұрғыдан талдау жасағанда оның қазақ поэтикалық өлең үлгісіне жаңа көркемдік түр мен сапалық мазмұн енгізгенде көз жеткіземіз. Азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым жататын Шәкәрім лирикасы оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талапшылдықты, адамгершілікті насихаттаған философиялық ойшыл ақындық тұлғасымен, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, өз заманының шындығын нақты түрде, үлкен сыншылдықпен ашық көрсетуі арқылы ерекшеленеді. Автордың лирикалық шығармаларын зерттеу арқылы, туындыларының идеялық-көркемдік ізденістері сан алуан, лирикалық сезім табиғаты әлде қайда күрделі, пәлсапалық дүниетаным өресі терең, ақындық шеберлігі мен қуаты ешкімге ұқсамайтын дара екендігіне көз жеткіземіз.