Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Халқымыздың үйленуге және үй болуға байланысты қандай салт-дәстүрлері бар?

2. «Құда аттанар», «құда тарту», «ат байлар», «құйрық-бауыр жеу» деген құдалықтың

жол-жоралғысы қалай жасалады?

3. «Бауыздар құда, құдағилар», «бесік құда», «қарсы құда» деген не?

4. Неліктен халқымыз жеті атаға шейін қыз алыспаған ?

5. «Қонақты қусаң құт қашады» деген сөзді қалай түсінесіз?

1.Тақырып № 5, аталуы: Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер.

Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы.

2. Мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру Қазақстан

Республикасындағы демографиялық мәселелері туралы өз ойларын ортаға салу.

Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы туралы білімдерін арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасын.

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер.

2. Халықтың демографиялық өсуінің жолдары.

3. Қазіргі уақытта қазақ халқының демографиялық даму мүмкіндігі.

4. Халықтың табиғи өсуіне оң ықпал тигізетін әлеуметтік іс-шаралар.

5. Демографиялық мәселелердің басты бағыттары.

6. Фразеологизмдердің лексикалық синтагматикасы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, түсіндіру, жазылым, сәйкестендіру.

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, негізгі ойды табыңыз. Қысқаша орыс тіліне

аударыңыз.

Қазақстандағы демографиялық жағдай.

Халықтың демографиялық өсуінің екі жолы бар: оның бірі – табиғи өсу болса, екіншісі-жасанды, яғни сырттан келушілердің есебінен өсу. Қазақстанда қазір халық санының өсуіне осы екі жол да оң ықпал етіп отыр.

Қазіргі уақытта қазақ халқының демографиялық даму мүмкіндігі зор. Тәуелсіздік алған елімізде халықтың табиғи өсуіне оң ықпал тигізетін әлеуметтік іс-шаралар мысалы, жас отбасыларына материалдық көмек беру, оларды үймен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдаулар көрсету және т.б. жүргізілуде. Қазіргі уақытта елімізге шет елдерден ағылған ұлы көштің ата мекенге ат басын тіреп жатқаны да жақсы нышан. Жыл сайын оларға бөлінетін квота көлемі де артып келеді.

Соңғы жылдары демографиялық ахуалдың жақсаруына еліміздің экономикалық тұрғыдан дамуы, Қазақстан Республикасының «Көші-қон саясаты туралы» Заңы қабылданып, жүзеге асырыла бастауы да оң ықпал етіп отыр.

Алайда, осындай жүргізіліп жатқан игі істер оң нәтиже беруі үшін біз қазіргі кездегі демографиялық мәселелердің ең басты бағыттарын дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білуіміз керек. Бұл ретте әлемде өтіп жатқан индустриализация мен урбанизацияның жоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екені ескерілуі тиіс. Ондай мәселелр қатарына «өркениет ауруы» атанып отырған туудың азаюы, өлімнің өсуі, жанұялардың көп ажырасуы, қазіргі экологиямызға байланысты ауру балалардың туылуы немесе әйелдердің мүлде туа алмауы, айықпас дерттердің көбеюі және олардан айығудың тұйыққа тірелуі секілді жағдайлар жатады. Осындай әлемдік мәселелердің Қазақстан демографиясына әсерін, оның шешімін табудың жолдарын Үкіметтік деңгейде қарастырған дұрыс.

Өз елінде азшылыққа ұрынып, тепкі көрген ұлт шамшыл келеді. Ендеше, біз, жалған достық пен бауырмалдыққа бас ие бермей, шындыққа тіке қарап, Қазақстанның иесі - қазақ, тілі - ұлттық, діні - мұсылмандық екенін болашақ ұрпақтың санасына орнықтыруға тиіспіз. Қазақтың саны Қазақстанда азайып, қазақтың тууы төмендесе, бұл Қазақстан үшін жақсы нышан емес. Шет елдік «отбасын жоспарлау» саясаты да Қазақстан үшін аса қажет нәрсе емес.

(Интернет материалдарынан).

2-тапсырма. Түсіндіру.

1. Сөздердің мағынасын ашыңыз.

Халықтың санының табиғи өсуі –

Халықтың санының жасанды өсуі –

Оң ықпал ету –

Қолдаулар көрсету –

Ағылған ұлы көш –

Ата мекенге ат басын тіреу –

Демографиялық ахуал –

Игі істер –

Тиімді жол –

Қарқынды жүруі –

Айықпас дерттер –

Дерттен айығу –

Тұйыққа тірелу –

Азшылыққа ұрыну –

Тепкі көру –

Шамшыл келу –

Бас ие бермеу –

Шындыққа тіке қарау –

Санасына орнықтыру –

Жақсы нышан емес –

Бас ию –

2. Мына нақыл сөздерді қалай түсіндірер едіңіз?

  1. Бір нәресте дүниеге келсе, бір түп жусан артық өседі.

  2. Әр баланың өз несібесі өзімен.

  3. Балалы үй - базар, баласыз үй – мазар.

  4. Елдің ертеңі – бүгінгі нәресте.

3-тапсырма. Жазылым.

1. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыз.

Демографиялық өсу табиғи және жасанды жолдармен ... .

Қазақстандағы халық санының өсуіне осы екі жол да ... ... .

Елімізде демографиялық өсуді жүзеге асыру үшін барлық жағдай ... .

Қазіргі кезде шет елден келген отандастарымыздың тұрмыстық жағдайы да ... ... .

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық жағдайы да қарқынды ... ... .

Оралмандарға бөлінетін квота саны да жыл сайын ... .

Демографиялық өсуге кері әсер ететін ғаламдық сипатқа ие мәселелер де ... .

2. Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен тіркестерді пайдаланып«Қазақстандағы демографиялық жағдай» тақырыбына эссе жазыңыз.

4-тапсырма. Сәйкестендіру.

1. Фразеологизмдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда‑ қазан!

бірікті, ұйымдасты, ауызбірлік жасады

ең байлық

уақыт өткен сайын заман өзгереді деген мағынада

даңқы арта түсті

жұмысты, іс-әрекетті барлығы бірдей бар ықыласымен істеді

бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды

мол қазына, қыруар мал‑мүлік

бір‑біріне сеп болды

атағы әлемге әйгілі болды; күллі жұрт қадір тұтты

билеп алды (тұрды)

бірін-бірі түсінді, тілек-талабы қосылды

сөзінің (айтқанының, дегенінің...) жаны бар

бақыт орнаған тұрақ, жайлы мекен

жұмыла кірісті

біріне‑бірі көмектесті

жарастық тапты

өз дегеніне көндірді, басқарып тұрды

құтты мекен (қоныс)

айтқаны дұрыс

2. Фразеологизмдерді мағынасына қарай топтаңыз.

Синонимдер

Сөзін жерге тастамады

Сөзі түйеден түскендей

Сөзге келмеді

Сөзін қимады

Сөзі (тілі) мірдің оғындай

Сөз қайырмады

Ісі өрге басты

Салқын қанды

Мінезі ауыр

Сабасына түсу

Райынан қайту

Тасы өрге домалады

Антонимдер

Бетінен оты шықты

Жолы болмады

Сыр алдырды

Ит пен мысықтай болды

Айы оңынан туды

Беті бүлк етпеді

Араларынан қыл өтпеді

Іші тар

Басына бақ қонды

Сыр бермеді

Қолы ашық

Басынан бағы тайды