Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Н.Ә.Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына»

атты дәрісінде не айтылды?

2.Қазақстан Азия Барысына айналу жолында өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алып жүр ме?

3.Соңғы он жыл ішінде қазақстандық Барыс қандай дәрежеге жетті деп ойлайсыз?

4.Қоғамдағы жастардың рөлі

1. Тақырып №34, аталуы: Қазақстандағы білім беру жүйесі. Кредиттік оқыту

жүйесіндегі артықшылықтар. Әңгімені бастау, қолдау мен

аяқтауға арналған тілдік құрылымдар.

2. Мақсаты: Жаңа тақырып туралы мәліметтер беріп,білімділік дағдыларын

қалыптастыру. Оқу орынын мақтан етуге баулу.Студенттердің мәтін туралы

айта білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстандағы білім беру жүйесі.

2. Кредиттік оқыту жүйесі.

3. Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар.

4. Әңгімені бастау, қолдау мен аяқтауға арналған тілдік құрылымдар.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: аударма,жеке топпен жұмыс жасау,түсіндіру, мазмұндау, сұхбаттасу.

1 - тапсырма.Аударма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен аударып, сөйлем құраңыз.

Стратегиялық міндеттер, ұлттық білім берудегі жетістіктер, сәйкестендіруге негізделеді, жандандыруға бағытталған, жаңа арнаға салу, ықпалдасу, сынақ бірліктері, шеберлік пен іскерлік, желілік емес түрі, үзіліссіз білім беру, ерікті түрде, жалпыға міндетті стандарт.

2– тапсырма. Мазмұндау. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Кредиттік оқыту жүйесі.

Қ азақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізде-леді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1) бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

2) магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

3) докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс-тәжірибелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30-ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

«Кредиттік оқыту жүйесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр» С.Әбдіманов. Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеттің ректоры, профессор.

«Егемен Қазақстан», қазан, 2004 ж.

1.Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне аударыңыз. Сөз тіркестерін қосып, сөйлем құраңыз.

Современный мир, настоятельно требует, от высших учебных заведений, обеспечить такое образование студентам, который воспитывает в них хорошо информированных, глубоко мотивиро-ванных граждан, способных к критическому мышлению, поиску и решению проблем, способных брать на себе социальную ответственность, выполнить множество различных ролей в обществе, гибкость образовательной системы, должна сочетаться со стремлением, к реализации высоких стандартов, подготовки современного специалиста.

3 - тапсырма. Түсіндіру. Даналық ойлардың мағынасын ашып түсіндіріңіз.

Халық пен халықты,

адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

М.Әуезов

Білімді болу деген сөздің мағынасы –

белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.

Әл-Фараби

Білім мен даналық – адам көркі.

Ә.Науай

Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаман адам.

Оның бойында екі кесел бірдей ұялаған.

Платон

Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ.

Сократ

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды,

ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.

Шоқан Уәлиханов

1. Сөйлемді аяқтаңыз.

1. Кредиттік оқыту технологиясының артықшылығы – ...

2. Оқушының қорытынды бақылау бойынша алған бағасы ...

3. Сынақ бірлігі жүйесі оқу процесін ұйымдастыру бағытында ...

4. Оқытушы жетекшілік ететін студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) ...

5. Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша ...

6. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы әдеттегідей ...

7. Студент оқу пәндерін бекітілген жеке оқу жоспарына сай ...

2.Өзіңіз оқып жатқан кредиттік оқыту жүйесінің кемшіліктері мен артықшылықтарын атап шығыңыз. Қай жағы басымдау?

кемшіліктері:

артықшылықтары:

3. Мәтіндегі мына сөйлемдерді өз сөзіңізбен толықтырыңыз.

1. Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде...

2. Кредиттік технологияға көшу...

3. Сынақ бірлігі жүйесі ...

4. Оның артықшылығы...

5. Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің...

6. Оқу жылы қалыптасқан...

7. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу...

8. Күндізгі оқу формасы...

9. Оқу жылының басы...

10. Мұндай жағдайда әрбір пән ...

4. Берілген сөздермен және сөз тіркестерін аударып, жаттаңыз.

Біртұтас ұлттық тест, ассоциацияланған дәреже, тиісті үлгідегі сертификат, міндетті шарты, әлеуметтану, таңдаған пәндер, қосымша білім беру шеңберінде, өз еркімен, тәжірибе түрі.

4-тапсырма. Сұрақ-жауап. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Бакалавриаттағы кредиттік оқыту жүйесі.

Бакалавриатқа түсу үшін біртұтас ұлттық тесті сәтті тапсыру керек. Оқу барысы – 4 жыл, оқу пәндерінің саны 40-тан кем болмайды. Бакалавриаттың төменгі сатысында оқу 2 жылға созылады. Мұнда студент 68 кредит алуға тиіс. Төменгі сатының аяғында студент мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі керек. Одан сәтті өткен студент жоғарғы сатыға көтеріледі. Ал

өте алмаған жағдайда, оқу орны оған ассоциацияланған дәреже береді де, тиісті үлгідегі сертификат тапсырады.

Бакалавриатта оқуды аяқтаудың міндетті шарты – теориялық оқу бойынша студенттің жинаған кредиті

128-ден кем болмауға тиіс: оның 42- 60-ы міндетті компоненттер, ал 68-86-сы таңдаған пәндер бойынша. Сонымен бірге міндетті оқуда 68 кредит ағыл-шын тіліне бөлінеді. Жалпы білім беретін (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары циклі) пәндер 35-45 кредитті құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихы, әлеуметтану, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, математика, информатика секілді 7 пән міндетті болып табылады. Дене тәрбиесі пәні қосымша білім беру шеңберінде жүзеге асады да, жалпы кредит көлемінің ішіне кірмейді. Қосымша жаратылыс пәндерінің элективті пәндерін студент мамандығына қарай өз еркімен таңдайды. Тәжірбиенің барлық түрі және оқытудың басқа да формалары қосымша білім беру бағдарламасы шеңберінде қарастырылып, жалпы кредит ауқымына енгізілмейді. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімінің әрбір студенті 12-18 кредит жинауы керек.

Міндетті және ерікті түрде таңдалатын компоненттер бойынша, тиісті мөлшердегі несиені жинап, мемлекеттің стандарт талаптарын орындаған студент бакалавриатта диплом жұмысын қорғап, емтихан тапсыру түрінде өтетін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Диплом жұмысын жазуға 2-4 кредит бөлінеді.

Студентке жоғары кәсіби білім құжатын (диплом) тапсыру және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мәселе мемлекеттік қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша шешіледі. Барлық емтихандарды “А”, “А-”, “В+”, “В”және “В-” бағаларына тапсырған, қорытындысында өту балын 3,25-тен кем жинамаған, сондай-ақ дипломдық жұмысын “А”, “А-” бағасына қорғаған немесе осындай бағаға мемлекеттік емтихан тапсырған студентке үздік диплом беріледі.

Сұрақтар:

1. Бакалавриатқа оқуға түсу үшін не тапсырады?

2. Бакалавриатта неше пән оқылады?

3. Мұнда студент теориялық оқу бойынша неше несие жинайды?

4. Неше міндетті пән болады?

5. Бір семестр ішінде күндізгі оқу бөлімі студенті неше несие жинайды?

6. Қай кезде студент үздік дипломға ие болады?

7. Диплом жұмысын жазуға неше несие бөлінеді?