- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Отбасы бюджетін жоспарлай білейік
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •2. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз
- •3. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіз қызыл бояумен берілген бағанда сізге қажетті сөзді табасыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Сөздерді орыс тіліне аударып, жаттаңыз.
- •2. Адамның сыртқы келбетіне байланысты сөз тіркестерін жаттаңыз.
- •6. Әдебиет:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
- •2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
- •4. Көлденең шапалақтаңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •2. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Сөздерді жаттаңыз.
- •6. Үлгідегідей толтырыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
- •2. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыз.
- •3. Берілген сөздерді мағыналық жағынан дұрыс тіркестіріп жазыңыз
- •4. Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен тіркестерді пайдаланып
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Ұлттық рухты жоғары ұстаған «МузАрт» тобы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Ұлттық байлық, ұлттық валюта.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •2. Сөздерді оқып, мағынасын ашып, жаттаңыз.
- •Абай философиясы
- •1.Өлеңдерді мазмұнына, ұйқасына қарай толықтырыңыз, қандай философиялық мән барын анықтаңыз.
- •2.Мәтінді мәнерлеп оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіз. Мәтінге ат қойып, әңгімелеңіз.
- •3. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.
- •4. Берілген қара сөздегі философиялық ойды анықтаңыз.
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы имандылық концепциясы
- •1.Кестені толтырыңыз. Шәкәрім «Жастық туралы»
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Қазақстан экологиясы
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау.
- •2. Сөйлемді толықтырыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Туған жерге саяхат. Қазақстанның көрікті жерлері.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Қазақстанның тарихи орындары Түркістан
- •Отырар қаласы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтары.
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Университет – білім ордасы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтары.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •ҚазАқстан – Азия барысы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау.
- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Шығыс медицинасы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7.Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Қан тамырлары
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •І.Паспорт бөлімінде:
- •Іі. Шағымдар
- •Емдеуші дәрігердің науқасты бастапқы қарауы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтары.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.
- •1.“Дәрумендер” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Төмендегі берілген мәтінді мазмұндаңыз. Дәрумендер
- •1.Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.
- •2. Суретте жазылған дәрумендер қандай жеміс-жидектерге тән екенін ажыратып, сұхбат әзірлеңіз немесе «Дәрумендер» туралы ертегі құрастырыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Нәресте және оны күту
- •5. Бесік жырын жаттаңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •2. Қыз бен ұлдың өсу ерекшелігіне назар аударыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліңіз немесе жоспар құрыңыз.
- •2.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Рахит ауруының клиникалық белгісі берілген абзацты табыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Теміртапшылықты анемия.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •2. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.
- •3. Төмендегі туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарына жауап беріп, интонация қойып рөлге бөліп айтыңыздар.
- •4. Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Өт жолдарының аурулары.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Сөздердің мағынасын ашыныз.
- •3. Қазақтың батырлары туралы не білесіз және де сол туралы шағын эссе жазыңыз.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Әлия молдағұлова
- •Мәншүк мәметова
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Наша тарту
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Дәрігер этикасы
- •Дәрігер қандай болу керек?
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
6. Әдебиет:
Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.
Оразахынова Н.А.
Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил
Бектурова А.Ш.
Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.
Бектұров Ш.
Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.
Доскеева Б.Ж.
Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.
Рысбаева Г.К.
Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.
Сыздық, Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.
Хасанова С.
Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил
Әуелбеков Ш. Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с
7. Бақылау:
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Отбасы – шағын мемлекет деп не себептен айтылады ?
2.Қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі деп нені айтамыз?
3.Отбасында адамның қандай қасиеттері қалыптасады?
4.Отбасынан алынған тәрбие баланың келешегіне қалай әсер етеді?
5.Қандай отбасы азаматтық қоғамды қалыптастырудың қуатты факторы болып
табылады?
1. Тақырып №2, атауы: Сәлем- сөздің анасы. Отбасы және ұлттық дәстүрлер.
2. Мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ата-
аналарын құрметтеуге, сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу, өз ойларын ортаға салу.
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білу керек:
- сөз – синтагмалардың ерекшелігі екенін білу;
- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;
- тақырып бойынша жаңа сөздерді
Студент істей білуі керек:
- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін
бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Сәлем – сөздің анасы
2. Отбасы және ұлттық дәстүрлер.
3. Қазақ халқының сәлемдесу дәстүрі.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: аударма, оқылым, сұрақ-жауап, тіл дамыту,
жазылым, сәйкестендіру, түсіндіру.
1-тапсырма. Аударма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Сәлем – сөздің анасы
Қазақ елінің дәстүрі бойынша таныс, бейтаныстығына қарамастан, жасы кішінің жасы үлкенге бірінші болып сәлем беруі – міндет. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, көргенсіздік, әдепсіздік. Көпшілікке сәлем беруші олардың арасында өзінің жақтырмайтын, түс шайысып қалған адамы болса да, онысын басқаға сездірмей ашық, айқын дауыспен барлық адамдармен бірдей сәлемдесуі керек. Мұндай кезде әлгі дүрдараз кісі де сәлем берушінің сәлемін алуы тиіс.
Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып бір қолын ұсынуы да жараспайды. Біреумен амандасқанда көз-көңілдің басқа жақта тұруы – әдепсіздікпен пара-пар. Дастархан үстіне кірген кісінің дауыстап бәрімен амандасқаны дұрыс. Мұндай жағдайда жағалай түгел қол беріп амандасқаны орынсыз, әсіресе, қол алысып болып, қолын жуу – нағыз әдепсіздік. Әркім сәлемдесуді ғана емес, қалай сәлемдесуді, сәлемдескен кезде өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын алдындағы адамға жағымды әсер қалдыратындай етіп қадағалауға талпыну керек.
2-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқыңыз.
... Айтқан уақытында Бәукең мен Нарбай ақын да төменге түсті. Екеуі де жайдары, өте көңілді боп көрінді...
Дәм үстінде Бәукең біраз шешіліп, өткен жылы Ыстықкөлде дем алғанын айта бастап еді, жанымызға совхоз директоры болып істейтін тығыншықтай семіз біреудің аяқ астынан келіп киліккені. Әлгі омыраулаған қалпы Бәукеңнің тұсынан ұмтылып барып, Нарбайдың қолын қысты:
Ассалаумағалейкум, Нарбай аға, өткен жолы біздің совхозға келіп кетіпсіз. Ауылда болмай қалғаныма сіздің алдыңызда ұяттымын. Арнайы келіңіз. Күтеміз, - деп желімдей жабысып, айрылар емес. Өзгемізге көз қиығын да салмады.
Бауыржан тағы жекіріп тастай ма деп, қипақтап отырған Нәкең «иә, иә, жақсы, жақсымен» тез құтылғысы келіп, жаны шығып барады.
Ал сау тұрыңыз, Нәке,- деп бұрыла беріп еді, Баукең:
Әй, жігітім,- деп саңқ ете түсті. Директор қайтып оралды.
Мен Бауыржан Момышұлы дегенмін. Бір дастарханның басында отырған үш
төрт адамды алалап сәлем бергенді қай атаңнан көріп едің?
Сасып қалған директор:
Ө-ө, кешіріңіз,-деп, есі шығып сасқалақтап қалды. Ортаға түскен Нәкең: «Бұл бәленше деген совхоздың директоры» ,- дей бастап еді, Бәукең: - Сәлемін түзей алмай жүріп, жұртты қалай басқармақ? Марш! – деді мұртын тікірейтіп.
М. Шаханов.
3-тапсырма. Сұрақ-жауап. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтіндегі «Бәукең» деген кім?
Бәукең дәм үстінде өзін-өзі қалай ұстады?
Әдемі әңгіменің шырқын бұзған кім?
Совхоз директоры дастархан басында отырғандарға қалай сәлемдесті?
Бәукең ол туралы не айтты?
Болған іске байланысты Бәукеңнің көңіл-күйі қайтті?
4-тапсырма. Тіл дамыту. Совхоз директорын сипаттаңыз.
5-тапсырма. Жазылым.
1.Мәтіннен алынған келесі сөздер мен тіркестердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап біліп, сөйлем құраңыз.
Бейтаныс, селқос болу, кекірею, түс шайысу, дүрдараз болу, қалшиып тұру, көз-көңіл, бет-жүз, қас-қабақ, инабатсыздық, көргенсіздік.
2. Мына сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.
Уақыт, дәм үстінде, ойламаған жерден, жаны, ортаға түсу, түзей алмау.
3. Мына сөздердің антонимін жазыңыз.
Төмен, түсу, тығыншықтай, семіз, қысу, алды, саңқ ету, сасқалақтау.
4. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыз.
Бір адам көп адамға ... ... .
Келе жатқан адам отырған адамға... ... .
Моншада, дәретханада ... .
Табалдырықтың екі жағында тұрып ... ... .
Келіндер қайын елінің үлкен адамдарына ... ... ... .
Жақсы сыйласқан адамдарға алыс-жақын тұрғанына қарамай әдейі ... ... .
Алыстан келген қонаққа ... ... .
5. Көп нүктенің орнына қажетті етістікті тілек, бұйрық мәнде қолданыңыз.
Жасы кіші үлкенге бірінші болып ... ... .
Жасы үлкенге жасы кіші ... ... .
Жасы кішіге жасы үлкен ... ... .
Келген қонақ отырғандарға ... ... .
Келіндер ата-енесіне иіліп ... ... .
Баланы ата-анасы жасынан сәлемдесуге ... .
Келген қонақтармен ... ... .
Құда-құдағиларды ... ... .
Ата-енеме иіліп ... ... .
Жиыннан соң атаңа ... ... .
6. Сыпайылық әдебіне қатысты мына сөздерді қатыстырып, сөйлемдер жазыңыз.
Кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін, ғапу етіңіз, кешірім өтінемін, қаласаңыз, қарсы болмасаңыз.
6-тапсырма. Сәйкестендіру. Кімдер қалай сәлемдесетінін көрсетіңіз.
Ата-ана баласын 1. қол алысады.
Келіндер үлкендерге 2. төс түйістіреді.
Ер адамдар 3. құшақтасып, сүйіседі.
Шәкірт ұстазға 4. беттен сүйеді.
Құдағилар 5. тізе бүгіп сәлем жасайды.
Құда-жекжаттар 6. бас киімін алып сәлемдеседі.
7-тапсырма.Түсіндіру. Сөздердің мағынасын ашыңыз.
Жайдары –
Аяқ астынан –
Килігу –
Омыраулау –
Тұсы –
Желімдей жабысу –
Көз қиығын салмау –
Жекіріп тастау –
Қипақтау –
Құтылу –
Жаны шығу –
Алалау –
Сасқалақтау –
