Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.3 Басқару қызметінің мәдениеті

Басқару - (синонимі-менеджмент) ұйым шеңберінде қойылған белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалған реттелген іс-шаралардың жиынтығын көрсетеді. Басқару психологиясы саласындағы белгілі зерттеуші В.Зигерт «Басқару-қойған мақсаттарды ізгілікпен, үнеммен және тиімді орындауға жағдай жасайтын адамдарды басқару және құрал-жабдықтарды пайдалана білу» деген. Басқаруға американдықтар өте қарапайым түрде «Бір нәрсені екінші адамның қолымен істеу» деген анықтама береді. Басқарушылық – бұл ақыл - ой мен физикалық іс - әрекет, ал мақсаты - берілген әрекеттердің бағынушылардың орындауы және белгілі бір тапсырмалардың шешілуі болып табылады.

Басқару қызметінің қоғамның тарихи дамуында қалыптасқан материалдық және рухани құндылықтар деңгейі бар. Ол басқару мәдениетінің, яғни ақпарат, ұйым, техника, технология, әдіс, стиль, еңбек жағдайы, жұмысшылармен қарым - қатынас, кадрларды топтастырудағы жетістік деңгейін көрсетеді.

2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-ұждан кодексі туралы» Жарлығында мемлекеттік қызметкерлердің өзін-өзі ұстай білуі, адамдармен қарым - қатынасы, топ алдында атқаратын жұмысына жауапкершілігі туралы нақты ереже берілген. Әрбір қызметкердің іс-әрекетінде осы этикалық нормалардың сақталуы - оның мәдени деңгейінің көрсеткіші.

Басшы қызметіндегі адам өз мінезін жақсарту бағытында үнемі жұмыс істеуі керек. Қатты тартылған канатта түрлі өнер көрсететін адам өзінің қайда тұрғанын жақсы сезінеді. Ол кез келген абайсыз адым және кішкене қателік жіберсе төмен құлайтынын біледі. Басшы да сол сияқты, өзі қатты тартылған аспа жолмен келе жатқанын ешқашан есінен шығармай, әр аттаған адымын жасамас бұрын жеті өлшеп, бір кесуі қажет.

Басқару мәдениетінің мынадай түрлері бар:

1.Ақпараттық - ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, жіберу, қызметтік сұбхат, құжатпен жұмыс істеу мәдениеті.

2.Ұйымдастырушылық - ұйымның жұмысын жүргізуді жоспарлау заңдар мен заңнамалық құжаттарды басшылыққа алу, нормалар мен нормативтерді орындау, жұмыс орындарын ұйымдастыру, жиналыс өткізу, тексеру, бақылау, келушілерді қабылдау мәдениеті.

3.Әлеуметтік - басқару аппаратындағы әлеуметтік жағдай, басшы қызметкерлердің жұмыс орындарын күту, персоналды-кадрларды әлеуметтік қорғау мәдениеті.

4.Экономикалық - бизнес, шаруашылық, экономикалық серіктестік, экономикалық аудит, анализ мәдениеті.

5.Психологиялық - ұйымда өзара түсіністікті қамтамасыз ету, жеке персоналдың тұлғалық сапаларын: мінез-құлқын, қабілетін, темпераментін тани білу мәдениеті.

6.Құқықтық - заңдар мен заңнамалық құжаттарды басшылыққа алу, нормалар мен нормативтерді орындау ұйымдағы легитимділік пен трансперенттілікті іске асыру мәдениеті.

7.Техникалық - персоналдардың денсаулығын сақтап, түрлі кенеттен болатын техногендік, өндірістік апаттардан қорғаудың алдын алу мақсатындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениеті.

Басқару - бұл адамға белгілі бір өкілеттілікті, берілген билікті пайдалануға мүмкіндік беретін қызмет.

Ұйымды тиімді басқару үшін басқарушының тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамыған, топ алдында беделі бар, көшбасшы ықпалына ие болуы қажет. Бірақ басқарушы тек осы қасиеттердің арқасында көшбасшы бола алмайды. Қазіргі кездегі басқарушы бір мезгілде мынадай мәртебеге ие болады:

1.Билікке қолы жеткен басқарушы.

2.Өзінің беделін, жағымды эмоцияларды, жоғары кәсібилікті пайдаланып өзіне бағынушыларды соңынан ерте алатын көшбасшы.

3.Әріптестері мен өкілетті орган қызметкерлері арасындағы қатынасты орнатып, үйлестіреді, ішкі және сыртқы қақтығыстарды шешетін дипломат-мәмілегер;

4. Өнегелі қасиеттерге ие, ұйымды құра білетін және оның дамуын қажетті арнаға түсіре білетін тәрбиеші.

5. Қазіргі кездегі әлемдік бизнестегі ғылымның рөлін түсінетін, бағалай алатын және өндірісте «ноу-хау» жаңа өнертабыстарды, рационалды ұсыныстарды қолдана алатын инноватор.

6. Терең білімге, мәдениеттіліктің жоғары деңгейіне, адалдыққа, күшті ерік – жігерге, барлық қатынастарда үлгі болу қабілетіне ие болатын қарапайым адам.

Біз басқарушы функциялары (атқаратын қызметі) туралы айтқанда оның негізгі орындайтын міндеттерін сипаттаймыз. Басқарушының функциялары түрлі критерийлер (өлшемдер) бойынша топтастырылады. Қазіргі кездегі зерттеушілер басқару функцияларын топтастыру негізіне ұйымды басқарудағы бөлек циклдарды емес, ұжымдағы басқарушы іс - әрекеттің барлық құрылымын алады. Мұнда басқарушының әкімшілік рөлі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық, тәрбиелеу міндеттері қарастырылады. Осының негізінде басқарушы функцияларының тізіміне ұйымдастырушылық іс - әрекет, педагогикалық (тәрбиелеу мен оқыту) және психотерапиялық функциялар қосылады. Басшының өзінің алдына келген адамды өзінің кісі екенін сезінетіндей деңгейде сөйлесетін қабілеті болуы қажет. Өз қызметін айғай шу, эмоция арқылы шешуді ойлайтын «басшы» тек өз мүддесімен ғана өмір сүретін, білім деңгейі төмен, отырған тағынан түспеудің қамын ойлайтын басшы. Себебі ол мұрнының астынан күбірлеп, иегінің астындағыдан басқаны көруге, өз мүддесінен тыс алдында отырған адамның мүддесін көруге қабілетсіз.

Сұрақтар:

1. Басқару жұмысын қалай түсінесіз?

2. Басшыға қойылатын талап қандай құжатта көрсетілген?

3. Басқару мәдениетінің түрлері қандай?

4. Басшының тұлғалық қасиеттеріне не жатады?

5. Басқарушының мәртебесіне нелер кіреді?

Әдебиеттер

1.Зингерт В., ЛангЛ. Руководить без конфликтов Пер. с нем. М., Экономика,1990.

2.Ладанов В. Практический менеджмент. Часть1-ш. М.: Ника,1992.

3.Ковалевский С. Руководитель и подчиненный. Пер с польск., М.: Прогресс, 1973.

4.Кунц Г.,О Доннелл С. Упрвление. Системный и ситуационный анализ управленческих функции т.1. Пер. с англ М.:Прогресс, 1981.

5.Кузьмин И. Этапы эффективного менеджмента Ж. «Лидер», №12, 1999.