Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы

Басқаруды теориялық және қолданбалы жоспарлауда оптимизациялау мәселесінің шешімі басшының қызметін зерттеуден басталады. Басшы қызметі – ұйымның қалыпты қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін шешілуі тиіс қайталанатын біртекті міндеттердің жиынтығы, оны бір күйден алға қойылған мақсаттарға толық жауап беретін екінші күйіне ауыстыру.

Басшының мақсаты арнайы және жалпы деп бөліп қарастырылады. Арнайы қызметі жоспарлық-экономикалық, қаржылық, кадрлық-персоналдық, технологиялық-өндірістіктен тұрады.

Басқару субьектінің жалпы қызметі әдетте басқарушылық циклдің кезеңдерімен байланысты:

мақсатты жорамалдау (жобалау, мақсаттарды анықтау, оларға қол жеткізу әдістерін таңдау, жоспарлау); ұйымдастыру (жұмысты бөлу-үлестіру, басқарушы жүйені ұйымдастыру, кеңес беру, өкілдік, жеке қызметтердің координациясы); мотивация-қозғау (стимулдау, тәртіп, тәрбиелеу, психотерапия); бақылау (есепке алу, бақылау, атқарушылықты бақылау, тиімділікті бағалау, реттеу және түзету).

Басқару циклының әр сатысында қажет болатын «аралық» қызметтері болады: ақпараттық, шешім қабылдау, коммуникативтік.

Мақсатты жорамалдаудың құрылымы мен негізгі параметрлері

Мақсатты жорамалдау – басқарушылық қызметтің бастамасы мен негізі. Ол өткен жағдайды қарастырудан, қазіргі жағдайды талдаудан, болашаққа шынайы мақсаттарды қоюдан тұрады.

Мақсатты жорамалдау 1-сурет

Мәселе мақсат

жоба

(міндеттер, құралдар, қорлар, тәсілдер, мүмкіндіктер)

Уақыты

Өткен

Қазіргі жағдай

Болашақ

Сұрақтар

Неге?

Не?

Не үшін?

Жағдайлар,күйлер

Қажеттілік (бастапқы жағдай)

Белсенділік (өзекті жағдай)

Рахаттану (ықыласты жағдай)

Қызметтің ең жалпыланған мақсаты миссия – мекеменің барлық мақсаттары бағытталған бағдар. Ол адамның, ұйымның, топтың өмір сүру болмысының себептерін анықтайды. Миссия ресми тұжырымдалған және ұйымның қызметкерлеріне жария болуы тиіс, сондай-ақ оның түрткі-мотив болатындай сипаты болуы керек. Пайданы максимализациялау, акциялар бағасын арттыру, өнім шығаруды арттыру, ұйым қызметкерлері үшін өте күшті қозғаушы күш бола алмайды – бұл нақты стратегияларды жүзеге асырудың нәтижесі. Негізінен қызметкерлердің өз жұмысының әлеуметтік маңыздылығы туралы нақты түсінігі қозғаушы рөл атқарады.

Мақсаттар дегеніміз алдыға қойған міндетті жүзеге асыру кезінде орындалуы тиіс жағдай, немесе миссияны іске асырудағы нақты ақырғы нәтижелер. Бұл- «Біз нені қалаймыз?» деген сұраққа жауап беру. Мақсаттар – мотивациялау көзі, олар қызметкерлердің саналы және санасыз мүмкіндіктерін жұмылдыратын өзін-өзі ұйымдастырудың қуатты үрдістерін жандандыра алады. Мақсаттарды орындауға белгілі бір уақыт беріледі (мысалы, бір жыл немесе бес жыл). Қазіргі кезде практикада ұйымдастыру тиімділігін арттырудың көптеген қазіргі заманғы жүйелері бар. Соның бірі-«Сәттілік психологиясы» оның қызметі жеке және ұйымдық мақсатты мұқият, әрі терең жорамалдау үрдісіне негізделген. Олар мақсатты нақты ойластыруға және дұрыс коюға басты назар аударады. Р.Дилтс мақсатты жорамалдаудың алты типін бөліп қарастырады:

1. Мақсаттар әдетте кезіндегі жағдайға немесе оны терістейтін мәселеге қатысты анықталады. Мақсатты бұлай тұжырымдау жағымсыз болып саналады және мұнда «Мен нені қалаймын?» деген сұрақтың орнына «Мен нені қаламаймын?» сұраққа жауап береді.

2.Мақсатты жорамалдаудың келесісі әдеттегі стратегия – мәселелік жағдайының қарама-қайшылығы немесе полярлығы ретінде анықтау. Мұндай мақсаттың кемшілігі – ішкі қарама-қайшылық пен шиеленіс тудыру, өйткені ол тұрақты түрде мәселелік жағдайға итермелеп тұрады.

3.Мақсатты жорамалдаудың үшінші типі - қажет жағдайды анықтау үшін сыртқы үлгіні қолдану. Ұйымды жоспарлап және дамыту үшін оны аса сәтті бәсекелестермен салыстыру керек. Алайда, ол күтпеген жағдайды, немесе теріс ассоциациялар тудыруы мүмкін, өйткені мұндай жағдайда ұйымның тікелей өзіне тән ерекшеліктері толық ескерілмейді,

4.Мақсатты анықтаудың басқа әдісі – қажет жағдайдың құрылымын, қажет қасиеттердің тізімін белгілеу (мысалы, үнемділік, танымдылық, ерекшелік). Сонымен қатар, қызмет пен құралдарда үлкен икемділікке қол жеткізуге болады. Соған қоса, бұл әдіс көбіне жалпы болғандықтан, бұрмалау, қателікке, белгісіздікке ұшыратуы ықтимал.

5.Келесі стратегия мәселелік жағдайға немесе сыртқы салыстыруға емес, «көбірек», «күштірек», «жылдамырақ» т.б. сөздермен сипатталатын қазіргі кезде бар қорлық сапаларды кеңейтуге қатысты тұжырымдалады. Бұл елеулі артықшылықтарға ие, өйткені ұйым сәйкес жағымды сапаларға қол жеткізгендігін көрсетеді, алайда, егер мәселелік жағдайларда қайшылық болса, бірқатар қиыншылықтар туады.

6.Мәселелік жағдайдан қажет жағдайға ауысқан кездегі стратегия өте күрделі болып табылады, себебі бұл кезде қажет жағдайға қол жеткізгендей болып сипатталады.

Тәжірибеде осы стратегияларды, мақсатты жорамалдау

үрдісінің барлық сатылары ретінде қарастырылады. Себебі бұлар бірлесіп болашақта қол жеткізетін мақсаттарды зерттеу және жасаудың күшті жүйесін құрады.

Міндеттер – мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті амалдар. Міндеттерді

анықтап және оны бөлу кезінде көлем, пайыз, мезгіл, пропорциялар, т.б. өлшеу құралдары қолданылады. Сондай-ақ, кім, не, қалай, қашан және қай жерде істеу қажет екендігі анықталады. Бұл - жоспарлаудың мәні.

Жоспарлау алға қойылған мақсатттарға негізделеді және міндетті орындауға қажетті қорлар туралы сұрақтарды қарастырудан тұрады. Міндеттер мақсат қандай құралдармен жүзеге асатындығына сәйкес орнатылады. Келесі деңгейдің мақсаттарын жүзеге асыру – алдыңғы деңгейдің мақсаттарына қол жеткізудің қажетті және жеткілікті жағдайы.

Кез-келген жоспар мынадай бөліктерден тұруы тиіс: 1) экономикалық негіздеу және рационалдылық (ақырғы мақсатқа аз уақытта, ең аз қаржы шығындарымен қол жеткізу); 2) шынайы мүмкіндіктер (мекемелер, топтар немесе жеке тұлғалар); 3) икемділік (алға қойылған мақсатқа зардапсыз қол жеткізу).

Жоспарлар ағымдағы ай, тоқсанға, жылға есептелген жедел, тактикалық болып нақтыланады. Басшы мен ұйым қызметінің тиімділігі негізінен өз жұмысын қаншалықты тиімді жоспарлауына, жұмыс уақытын қалай қолданатынына байланысты.

Жоспарлау қызметі ұйымдастыру қызметіне ауысады. Ұйымның құрылымынан ұйымдастырудың ерекшелігі - ол басқару қызметінің бір сатысы, бар жұмысты үйлестіру процесі. Оның мақсаты-басшының өз қызметін және өзіне бағыныштылардың қызметін реттеу.

Бұл сатыда басшы-менеджер көп қиындықтармен ұшырасады, себебі ол жеке қызметкердің және формальды топ – ұжымның, және топ ішінде бірлескен бейресми емес бірлестіктер, сондай –ақ көптеген адамдар тобымен жұмыс істейді. Жұмысты ұйымдастыру процесіндегі басшы-менеджер қызметінің басты қиындығы - өз қарамағындағы адамдарға ықпал ете білу. Ол үшін менеджер өз мүмкіндігін, қарамағындағылардың мүмкіндігі мен ерекшеліктерін дұрыс бағалауы керек. Оның негізі адамдармен қарым-қатынас жасауды, іскерлік келіссөздерді жүргізе білуде. А.Файоль ұйымды басқару қызметінде «Ұйым жұмыс істеуге қажетті - шикізат, құралдар, ақша және қызметкерлермен қамтамасыз ету ұйымдастырудың алғышарты» деп көрсеткен.

Сұрақтар:

1.Басшы қызметін зерттеудің мақсаты неде?

2.Басшы мақсатын нешеге бөліп қараймыз және ол немен байланысты?

3.Басқарушылық циклдарына нелер жатады?

4.Басшы қызметіндегі мақсаттар, міндеттер дегеніміз не?

5. «Сәттілік психологиясы» және жоспардың құрамдас бөліктері туралы не білесіз?

Әдебиеттер

1. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.

2.Свенцицкий А.Л. Социальная психология.: учеб.- М.:ТК . Велби, Изд-во Проспект, 2005.

3. Касьяник П.М.Психология управления: Конспект лекций.М.: АСТ;СПб.: Сова. 2005.

4.Бороздина Г.В. Психология делового общения.: Учебник.- 2-е изд.- М.:Инфра.-М., 2003.