Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер

Когнитивтік қабілеттер:

Ақпараттық ізденіс;

Концептуализация;

Концептуалдық икемділік

Директивті қабілеттер:

әсер ету;

өзіне сенімділік;

жариялау

Мотивациялық қабілеттер:

Тұлғааралық ізденіс;

Басқарушылық әсер ету;

Дамуға бейімділік

Әрекет етуші қабілеттер:

Әрекет етуші бейімдеу;

Сәттілікке бейімдеу.

Менеджер ақпарат пен оның көздерінің әр түрлі типтер жиыны бойынша ақпараттық ізденісті жүзеге асырады. Ақпаратты жинаудың айқын, стандарттық емес тәсілдері: клинетке бару, басқа салаларды талдау, ұйымды шешім қабылдауға дайындау үшін мол ақпараттық ортаны жасау, мәліметтер базасын құру.

Концептуализация (концепцияны қалыптастыру). Басшы (менеджер)

ақпарат негізінде жағдай, немесе оқиға туралы болжау-гипотеза, идея мен үлгілерді қалыптастырады. Сондай-ақ, концепцияларды жасап, оқиғалар мен себеп-салдар байланыстарын анықтайды, мәселені шешудің шығармашылық әдістерін қалыптастырады (мысалы, ми шабуылын дайындайды). Үрдістердің мәні мен құбылыстардың себептерін сырт көзге байқалмайтын ақпаратпен байланыстырып, анықтайды.

Концептуалдық икемділік. Басшы осы қабілетін көрсете отырып, жалғыз бір шешіммен шектелмей, шешім қабылдау мен жоспарлауда қосымша жоспарлар, нұсқалар мен болашақ болжаулар жасайды. Шешім қабылдай отырып, қосымша нұсқалардың теріс және оң жағын талдап, оны жоспарлау жұмысында ескереді. Қызметтің түрлі нұсқаларын бір мезгілде назарында ұстап, барлық қарсы және жағымсыз әсер етпейтін жағдайларды бағалайды.

Тұлғааралық ізденіс. Басшы басқа адамдардың идеялары мен түсініктері туралы ақпарат жинайды. Өз сезімі мен пікірімен бөлісуді қажет етеді. Өзінің басқа адамдарды түсіну деңгейін тексеруде ашық сұрақтар, түйіндеме, вербализация және басқа да техникаларды қолданады. Оқиға, мәселелер, мүмкіндіктер мен жағдайларды басқа адамның көзқарасы тұрғысынан қабылдай алады.

Басқарушылық әсерлесу. Басшы басқаруда басқалардың әсерін немесе қатысуын қолдайды, қызығушылық, «топтық күйге келу» атмосферасын қалыптастырады; топ мүшелері ұсынған ерекше ұсыныстарды қолдайды. Қарым-қатынас үрдісінің орталықтандырылуын қаламайды. Топ мүшелері топ үшін өзінің құндылығын, жауапкершілігін сезініп, жалпы мақсаттарды бөлісетін топ құра алады.

Дамуға бейімділік. Өзінен басқа адамдардан жоғары мүмкіндіктерді байқап, көреді, оларға дербестік пен шығармашылықты талап ететін қиын тапсырмаларды сеніп тапсырады. Кадрларды өсіреді, жауапкершілік пен өзі-өзіне жауап беру сезімін қалыптастырады. Адамдар өздерінің күштері мен шектеулерін түсінетін сезімді дамытатын жағымды жағдай жасап, жұмысты жақсарту үшін оқу, жаттықтыру, тұлғалық өсуді қамтамасыз етеді.

Әсер ету. Өзінің көзқарасының артықшылықтарын түсінікті жеткізеді, ұсынылатын идеяларды басқалардың мүдделерімен байланыстырады. Басқалардың көзқарасынан жалпы мақсаттар мен қызметтерді қалыптастыруға жағдай туғызатын мүмкіндіктер іздейді, жалпы көзқарастармен одақ құрады. Аргументтеудің, мінез-құлықты модельдеудің түрлі әдістерін қолданады. Ұсынылған идеяларға қолдау жасау мақсатымен басқалардың пікірлерін тыңдап, көзқарастарына жүгінеді.

Өзіне сенімділік. Өзінің көзқарасына сенімді, қиындықтан қорықпайды, мақсатқа жету мүмкіндігіне сенеді және басқалардың да сәттілікке сенімін қалыптастырады. Мәселелер бойынша өзінің көзқарасын нақты ұсынады. Қажет болғанда толқымай шешім қабылдайды, өз шешіміне сенімділігін сақтайды. Жүзеге асырылып жатқан қызметке болашақ сәттілікке сенімділік білдіреді.

Жариялау (ақпаратты көрсету). Ақпарат басқаларына түсінікті болатындай жүйелі және тәртіппен беріледі. Ақпарат беруде вербальдық емес құралдар мен көрнекілер қолданады. Іс ағымы бойынша басқаларды хабардар етіп отырады. Идеяларды түсінікті, қызықты етіп, хабарлап жатқан ақпаратты басқа адам түсінетіндей етіп жеткізеді. Техникалық, символдық, көрнекілік және бейнелік құралдарды тиімді қолданады.

Әрекет ету арқылы бейімдеу. Топ үшін міндет пен жағдайды құрылымдайды, «толқусыз» жоспарлар мен идеяларды жүзеге асырады. Жағдайдың барлық мәселелеріне және қиындықтарға тәуелсіз алға жылжуына жауапкершілікті өзіне алады. Жоспарларды жүзеге асыруға кірісе отырып, қиындықтарды болжай біледі және оларды жоспарды жүзеге асыруға жұмылдырады. Берілген тапсырмада белгіленген жауапкершіліктен де жоғары жауапкершілікті өз мойнына алады.

Сәттілікке бейімдеу. Қызметтің жалпы немесе оның қандай да бір дербес көрсеткіш бойынша жетілдірілуін ойластырып, жоспарлайды. Мақсатқа жетуде жетістікті дәл бағалайды. Жұмыстың жоғары ішкі стандарттарын меңгерген және оған қол жеткізе алатын мақсаттар қояды. Мақсатқа жетудегі іс-әрекетінің деңгейін есептеп отырады, жұмысты жақсы істегісі келеді және қызметінде тиімдірек және сәттірек болғысы келеді.

Аса сәтті менеджерлердің жұмыстарын зерттеу көрсеткіштері бойынша, орташа мәнде оларда он бір қабілеттің тек үшеуі аса жақсы дамитынын көрсетті. Бұл нәтижелер менеджер барлық жағынан жақсы болу керек деген кең таралған елестің теріс екендігін көрсетеді. Өзінің қызметінде бірқатар жоғары дамыған қабілеттеріне сүйене отырып, менеджерлер елеулі жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар, мұндай әдіс ұйымды, бизнесті басқаруда жоғары жетістіктерге қажетті қабілеттердің толық жиынтығына ие болатындай тиімді топтарды жинақтауға мүмкіндік береді.

Дана адамдар тек бизнесте ғана емес, өмірде де көшбасшы болуға тырысады. Тарихтағы ұлы көшбасшы М.Ганди бірде пойздан түсіп келе жатып, аяғынан бір сандалын түсіріп алады. Оны еңкейіп алуға мүмкіндік болмағандықтан ол екінші аяғынан сандалын шешіп, түсіріп алған сандалының жанына қарай лақтырып жібереді. Серіктестері бұл ісінің мәнін сұрағанда платформада жалаңаяқ келе жатып, жымия: «Енді бір кедей рельстен екі сандалды тауып, аяғына киетін болады» деп жауап берген екен. Сонымен қатар М.Ганди өте сыпайы болған адам.

Бірде гүлдердің қоспасынан демделген шәй әкелген даяшыға ерекше сыпайы ризашылығын білдірген басшы кесесіне шәйді кемерінен асып толса да құя беріпті. Шәй кесенің сыртына құйылып жатқанын көрген серіктесінің «неге бұлай жасадыңыз?» деген сұрағына: Бұл көшбасшылар үшін маңызды сабақ. Олардың көпшілігі осы кесе сияқты ішіне сиятындай -ақ мөлшерде ойлайды деген. «Ол қалай?» деген сұраққа «Олардың ақылы, идеясы мен пікірлері бұдан артық ешқандай жаңа идеяның болуы мүмкін емес» деген сенімде болады. Жылдам өзгеретін заманда басшының үнемі жаңа түсініктермен, көзқарастармен таныс болып, жаңа іскерлік дағдыларды меңгеруі жетіспейді. Одан шығу жолы қандай деген сұраққа - Өте қарапайым. «Көшбасшылар өз дүнинтанымын кесенің ішіндегіні ішіп босатқандай босатып, кеңейтіп отыруы керек. Ғылыми атақ, дәрежесіне қарамай өзін үнемі оқушы санауы тиіс»- деген екен.

Білім мен ерліктің ұштасуы адамға қалағанын жасауға мүмкіндік береді. Көшбасшылық-тұтас өмір философиясы.

Сұрақтар:

1.Гарри Шродердің жоғарғы деңгейдегі басқарушылық қабілеттер туралы концепциясын қалай түсінесіз?

2. Күрделі және тез өзгеретін ортада басқару қызметтері қосымша қандай қабілеттерді талап етеді?

3. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттерге сипаттама беріңіз.

4.Басшылар туралы өз пікіріңіз қандай, ол ненің негізінде қалыптасты?

Әдебиеттер:

1.Немов Р.С. Общая психология: Краткий курс.-СПб.:Питер,2006.

2.Даринская В.М., Чаплыгин И.Н. Оценка и развитие пресонала методом «ACCECCMEHT-ЦЕНТР».-СПб.: Речь, 2008.

3.Кабаченко Т.С. Психология управления.М.,2003.

4.Шарма Робин. Уроки лидерства. От монаха который продал свой «феррари». Восемь ритуалов для руководителей с перспективнымными идеями. /Перев от англ. М.: ООО Изд. София»,2009.-352с.

5.Касьяник П.М.Психология управления: Конспект лекций.М.: АСТ;СПб.: Сова. 2005.