Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Студенттің өзіндік жұмысының негізгі міндеті – оның өздігінен қажетті ғылыми білімді жинақтау іскерлігін дамыту, сондай – ақ өзінің оқу, ғылыми және практикалық іс - әрекетінің шығармашылық жағын қалыптастыру болып табылады. Студент өзіндік жұмысты әр пәнге арналған оқу бағдарламасын (силлабус) мұқият оқудан бастағаны дұрыс. Бағдарламаның құрылу жүйесіне ерекше назар аудару керек. Бағдарламада лекция, семинар сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны, соңында пайдаланатын әдебиеттер тізімі берілген. Қандай болмасын тапсырманы орындауға кірісу үшін тиісті әдебиеттермен, яғни оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, жеке деректермен жан - жақты танысу қажет.

Білім алушының жоғары оқу орнындағы оқуының нәтижелі болуы, білімнің сапалы болуы, оның мәдениеттілігінің деңгейі, әрине оның әдебиетпен жұмыс істей білу іскеріліктері және дағдыларымен анықталады.

Білім алушы өзіне тиісті кітапты алған кейін онымен жұмыс істеуге кіріседі. Оқуға кіріспес бұрын алдын – ала кітаппен мұқият танысу керек. Ол:

  1. Өте мұқият сыртқы бетін оқу (кітаптың аталуы, авторы, басылым жылы, баспасы және т.б.).

  2. Оның жоспарымен, яғни мазмұнымен танысу (не туралы және ондағы материалдар қандай ретпен берілегн).

  3. Кітаптың мазмұны мен мақсатын білу үшін кіріспені жақсылап оқып шығу.

  4. Кітаптың негізгі құрылымымен танысу (тараулар, бөлімдер, тақырыптар, олардың аталуы).

  5. Библиографияны қарап шығу (кітап соңындағы әдебиеттер тізімі).

Осындай ретпен кітап туралы алдын – ала мәлімет алғаннан кейін тиісті бөлімді қиын жерлеріне тоқталмай оқып шыққан дұрыс. Екінші рет қайталап оқу кезінде баяу оқу керек және автордың айтайын деген ойын ондағы қиын жерлерге баса мән беріп оқыған дұрыс.

Кітаптара ең әуелі нақты тезис, анықтама, тұжырымдама беріледі де, автор одан кейін оны түсіндіреді, дәлелдейді, мысалдармен нақтылайды. Автордың жаңа мағыналы ойы жаңа жолдан басталды. Маңызды жерлері болса, ол ерекше белгілерімен көрсетіледі. Бірақ кітаптан тек сондай бөлінген жерлерді іздеу дұрыс емес, өйткені ол материалды түсінуде қиындық әкелді.

Білім алушы кітапты осы ретпен оқу барысында, оның мазмұны туралы жалпы түсінік алады.

Кітаптағы терминологиялық сөздіктерге аса мән беріп, анықтама, сөздіктермен жұмыс істеу керек. Демек, студентке әр тақырып бойынша негізгі түсініктерді ең әуелі мұқият қарау керек. Сондай-ақ кітап мазмұнында берілген сурет, кесте, таблица, фотоларға да мұқият назар аудару керек.

Материалды терең меңгеру бар зейінін сол материалға шоғырландыру деген сөз. Зейінді шоғырландырудың бірнеше тиімді жолы бар:

  1. түсініксіз жерлерді қашан түсінікті болғанға дейін мұқият ойланып оқу;

  2. оқылғанды терең түсіну үшін өте қиын жерлерін өз сөзіңмен бірнеше рет қайталау;

  3. материалдың қиын жерлеріне өз сұрақтарын қою;

  4. жаңа тұжырымдамалар мен мәліметтерді өзіңдегі бар біліммен байланыстыру, мысалдар қарастыру;

  5. кітаптағы ең басты жерлерге назар аудару.

Кітаптағы материалды меңгеру үшін студент мынадай шарттарды орындауы қажет:

Біріншіден, дұрыс оқу, яғни белсенді оқуды кітаппен жұмыстың

әр түрлі әдістерін қолдана отырып ұйымдастыру;

Екіншіден, кітаппен жан – жақты танысу;

Үшіншіден, оқығанды терең түсінуге талпыну;

Төртіншіден, оқып – түсінген мәтінді конспект түрінде міндетті түрде жазып алу.