- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
2.Пікірдің бегісіздік заңының мәні неде?
3.Өзара қабылдаудың сәйкес болмауы қандай факторлармен байланысты?
4.Өзін-өзі бағалаудың сәйкес болмау заңын қалай түсінесіз?
5.Ақпараттың бұрмалануы немен байланысты ?
6.Өзін-өзі сақтау заңының мәні неде, топпен шығармашылық жұмыс жасауда қалай пайдалануға болады?
7. Адамның кемшіліктері қандай заңдылыққа сәйкес реттеледі?
Әдебиеттер
1.Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.
2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. Пер. с английского М.Дело, 1992
3. Тейлор Ф.У. Менеджмент. Пер. с английского М., Контроллинг,1992
4.Файоль А.Общее и промышленное управление.Пер.сфранцузск М.,Контроллинг,1992.
5. Ладанов В. Практический менеджмент. Часть1-ш. М.: Ника,1992
6.Ахтаева Н.С., Басқару психологиясы.Алматы: Бастау, 2009.
1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
1. Психоанализ теориясы. Әрбір әлеуметтік процесті зерттеуде қазіргі басқару психологиясы адамға, тұлғалық басымдылықтарға ерекше назар аударады. Әр адам өзінің ойлау тәсілін нәтижесі болғандықтан тиімді деп есептейді, бірақ шектелулілігі және сенімділігі, жаңалықтан қорқуы жалған тәсілдер мен өзіне шектен тыс сенімділігіне байланысты шығармашылықтың тиімділігі төмендейді. Адамның қабілетінің қоры шексіз, оның интеллекті, психикасы өте күрделі. Ертедегі ойшылдардың «Өзіңді өзің таны» деп өте жоғары мақсат қоюы кездейсоқ емес. Басшы техникадан гөрі көп жағдайда адаммен жұмыс істейді. Америка авторлары «өндіріс бәсекелестігінің артуы және басшы жұмысының тиімділігін бағалау адамдарды басқару өнерінің сын сағаты болды» деп есептейді. Басқару саласының әрбір қызметкері өзі басқаратын ұжымда ешнәрсеге сенімді болу қиын екенін жақсы біледі. Ол үнемі көңіл күйді бақылап және жедел шешім қабылдап отыруы тиіс. Мұндай мақсатты сенімсіз бөлшектерден жинақталған машинаның сенімділігін анықтау мәселесі туғанда Дж.фон Нейман зерттеген. Алынған зерттеу нәтижелері мұндай сенімділік жеке элементтерінің қимылын дұрыс ұйымдастырумен және олар өзара тығыз байланысты екенін көрсетті. Адамдар социумын басқаруда осы байланысты үнемі ескеріп және болжап отыру керек. Әрбір адамда биологиялық тіршілік иесі ретінде тұқым қуалай берілген немесе өмірден қабылдаған дара ерекшеліктері, өзінің қайталанбас эмоциялық, интеллектуалық және психологиялық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар адам социумына тән ерекшеліктерді, өзі жұмыс істеп, оқыған ұжымына тән үлгілік нормаларды көрсетеді. Тұлғаның биологиялық қасиетінің негізіне тұқым қуалау информациясы, оның генотипі жатады. Тұлғаның әлеуметтік сапалары қоршаған ортаның ықпалымен қалыптасады.
Алғашқылырдың бірі болып тұлғаны және адамның мінез-құлық мотивтерін 1856-1939 жылдары австрия дәрігер-психиатры Зигмунд Фрейд зерттеуге талпыныс жасады. Ол психоанализдің негізін қалаушы ғалым. Зигмунд Фрейд әрбір психикалық құбылыстың негізінде белгілі бір себеп болады, ол санасыз процестермен байланысты деп есептеді. Адамның мінезі екі инстинктивті талпыныстармен анықталады: өмір сүруге талпыныс (эрос) және өлімге талпыныс (танатос). Осы талпыныстардың әрқайсысының энергиясы шексіз. Эрос энергиясын «либидо» және танатос энергиясын «мортидо» (бұл түсінікті Фрейдтің жолын қуушы Э.Берн енгізген) деп аталады. Тек осы бағыттар адамның белсенділігін анықтайды. Психоанализдің негізгі теориясы мінез-құлық талпынысын анықтайтын санасыздық идеясы. З.Фрейд кез келген шығармашылықтың негізі қанағаттанбау, соның ішінде көп жағдайда адам өзінен де жасыратындықтан санасыздыққа ысырылып қалатын сексуалдық, қалау деп есептейді. Ол қалаулар сублимацияланып, яғни сексуалдық энергия шығармашылық энергияға ауысады. З.Фрейд барлық өркениеттің дамуы жыныстық қалаудың басқа қалауға ауысу процесіне қарыздар деп есептеді.
Сублимация жасампаздықта байқалатын адамның инстинктивтік талпынысынан қорғануының бір түрі болып табылады. Қорғанудың невротикалық түрі басшының да бағыныштының да іс-әрекетін өзгертеді. Қорғанудың бұл түрі мәселені нақты шешудің орнына одан алшақтатады.
Бұл туралы қазақ халқында: «Ас тасыса қатығы төгілер, ашу тасыса ақылы төгілер» деген мақал бар. Адамдардың қарым-қатынасындағы көптеген мәселелердің негізі әлеуметтену процесінде кездескен жағымсыз жағдайларға, яғни психосекусалдық дамумен байланысты деп есептеді. Егер, адам дамуының белгілі бір сатысы жағымсыз болса фиксация пайда болады, яғни ересек адам өмірде кездесетін қиын жағдайларда белгілі бір жастағы баланың қылығын жасайды.
Зигмунд Фрейд әлеуметтенудің төрт сатысын бөліп қарастырды, олар: оралдық, анальдық, фаллилық және генитальдық. Осы сатылардың әрқайсысында бала қиналу және рахаттану сезімдеріне қатысатын өз денесінің түрлі бөліктеріне көңіл аударады.
Алдыңғы үшеуінің ересек адамның психикасының бұзылуына ықпалы ерекше. Ересек адамдармен қарым-қатынастағы оралдық (туғаннан 1,5-2 жасқа дейінгі) сатыдағы жағымсыз мәселелердің тууы адамның қиналған кезінде өз аузына көңіл аударудан байқалатын фиксация тудыруы мүмкін.Темекі шегу, алкоголизм, сағыз шайнау, дәмді нәрсені шайнауға ұмтылу, боқауыздық, төбелесу-осының барлығы сол бала дамуының оралдық сатысында жағымсыз жағдайдың болғанын көрсетеді.
Ересек адамдармен қарым-қатынастағы анальдық (2 - 3 жас) саты баланы дәретке баруға үйрету кезеңімен сәйкес келеді. Егер, ересек адамдар баланың іс-әрекетіне шамадан тыс назар аударып, байқамаған ұқыпсыздығына жазаласа анальдық мінез: ұқыптылық, үнемшілдік, педанттық сапалар артып, бала оларға ерекше мән беретін болады.
Үшінші саты (фалли 4-5 жас) өзінің жыныстық р-лді тасушы екендігі туралы түсінігі қалыптасады. Егер бұл сатыда тәрбиеде кемшіліктер кетсе (әйелдер ортасында өскен ұлдар тәрбиесіндегі шамадан тыс жұмсақтық, ерлер ортасындағы қаталдық) Эдип комплексі және Электр комплексі пайда болуы мүмкін. Бұл комплекстер ересек адамдардың отбасылық мәселелерді басқа адамдарға аудара салуынан байқалады.
З.Фрейдтің теориясын толықтырған психоанализ мектебінің келесі өкілі Карл Густав Юнг. 1875-1961 жылдары өмір сүрген К.Г.Юнг «ұжымдық санасыздық» ілімінің авторы, аналитикалық психологияның негізін қалаушы ғалым. Ол адамның мінезі өзінің қалауымен ғана емес, сонымен қатар өмір сүру процесіндегі тәжірибесінде жасалған мақсаттар жүйесімен анықталады деп есептеді. К.Г.Юнг тұлғаның психологиялық типтері («архетиптер»-объектінің туа берілген психикалық жетістіктері) сондай ақ экстраверттелген сыртқы ортаға бағдарлану және интроверттелген (өзінің ішкі әлеміне бағдарлану) түсініктерін енгізді. К.Г.Юнг экстравертивтік және интровертивтік процестер жирылып және кеңейіп тұратын жүректің қызмететін еске түсіреді дейді. Басқаша айтқанда адамның іс-әрекеті бірде сыртқа бірде ішке қарай қозғалып тұратын маятниктің қозғалысын елестетеді. Бірақ маятникке қарағанда адамның мұндай қозғалуында түрлі ауытқулар болуы мүмкін, себебі ол кейбір жағдайларға көбірек, кейбіріне аз тоқталады. Сондықтан ол адамды не экстравертке, немесе интровертке жатқызады. Кейбір адамды бүкіл әлем қызықтырса, енді біреулерді өз денсаулығы мен жұмысы қызықтырады. Басқаруда бір-біріне қарсы типтердің бірін-бірі түсінбейтінін ескеру қажет. Сондықтан психологтар әр типпен «өз тілінде» сөйлесуді: экстравертке мысалмен, бейнелеп, мәліметке мимика, пантомимикамен, түрлі қозғалыстың көмегімен зейінін аудартуды ұсынады. Ал интроверттер мәліметтер беруде мұндай қосымша факторларға зейін аудармайды, керісінше бұлар оған кедергі жасайды. Интроверттер үшін ең маңыздысы айтылған ақпараттың мәні және мазмұны болып табылады.
2. Үйрету теориясы. И.П.Павловтың, Д.Б.Уотсонның, Б.Ф.Скиннердің еңбектерінде басқарушы мен бағыныштыладың арасындағы кері байланыс орындаушының қабілетіне сәйкес ақылға қонымды еңбек ету сферасын анықтау мадақтау және жазалау (үйрету) жүйесіне негізделген. Үйрету теориясының негізі - организмнің сыртқы тітіркендіргіштерге жауабы- рефлекс болып табылады. Рефлекстер туа берілген (шартсыз) және тәжірибенің арқасында жасалатын шартты болып бөлінеді. Туа берілген рефлекстер көбінесе санасыз акттерде, сезімнің күрделі гаммасында, эмоцияда, қалауда, сондай ақ ерік пен шешімділікті талап ететін мінез-құлық актілерін қалыптастырады. Шартсыз рефлекстер тәрбиенің, білім алудың және әлеуметтік тәжірибенің әсерінен тежелетін және өзінің көрінісінде шектелетін тұлғаның инстинктивті мінез-құлқын анықтайды. Шартты рефлекс бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша ойлау мен мінез-құлықтың стереотипін қалыптастырады және адамның мотивациялық жүйесінің негізгі компоненті болып табылады.
И.П.Павловтың пікірі бойынша адамның мінез-құлқының бір негізі туа берілетін шартсыз рефлекстермен іргелес тұратын білуге құмарлық, жаңаны сезіну, еңбекте жетістікке жетудің алғышартын жасайтын мақсат рефлексі (басқаша айтқанда-бағдарлау). Бұл қуатты рефлекс өнертапқыштардың, түрлі коллекционерлердің, тіпті сүйіспеншіліктің таңқаларлық табандылығын түсіндіреді. Мақсатына табанды түрде ұмтылу түрлі ұжым басшыларына және барлық шығармашыл тұлғаларға тән қасиет. Алдына қойған мақсатына жетуде кездесетін түрлі қиындықтар оларды белсенді іс-әрекетке жетелейді. Басқару психологиясының тәжірибесінеде үйрету теориясы адамның ұжымға бейімделуінде кеңінен қолданылады. Себебі адамның мінез-құлқы мен социум өзара тәуелді. Ұжымға бейімдеу нәтижесінде қарым-қатынастың реттелуі адамға да ұжымға да пайдалы. Адамның қоғамдағы іс-әрекеті үнемі бағаланып, мадақталып және талқыланады. Мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары қалыптасқан норма мен ережелерге сәйкес реттеледі.
