- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
Әрбір ұйымның іс-әрекеті тиімді болуы үшін алдына белгілі бір мақсат қоюы керек. Ұйымның ішінде қойылатын міндеттер басқарушылық міндеттер деп аталады және оны шешуде басшы жауапты. Басшы іс-әрекетінің негізгі мазмұны басқару функцияларын орындаудың барлық деңгейлеріндегі басқару міндеттерін орныдау арқылы іске асады. Басқару міндеттерін шешу әр түрлі міндеттердің арасындағы көп деңгейлі қиын қарым-қатынасты реттеуді қажет етеді. Олар экономикалық, техникалық, технологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. болуы мүмкін. Басқару мақсаттарын шешудегі психологиялық түсініктерге көшпес бұрын басқару разрядына жатпайтын міндеттерді психологиялық шешуге жататын негізгі түсініктерге көңіл бөлеміз. Психологиялық түсінікте міндет дегеніміз не? Психологияда міндет дегеніміз әдетте белгілі бір жағдайда оны өзгерту арқылы белгілі бір мақсатқа жету. «Міндет»терминінде талап (мақсат), жағдай-(белгілі) және іздейтін (белгісіз) мәселе сұрақ түрінде көрсетіледі. «Міндет» термині қолданылғанда ойлау объектісін білдіретін ерекше іс-әрекет болып табылады. Психологияда «міндетті шешу» термині әр түрлі мағынада қолданылады:
1) мақсатты іске асыру, шешу жоспар түрінде (тәсіл, әдіс);
2) мақсат талаптарын іске асыру процесі, шешу жоспарын орындауды іске асыру процесі;
3) шешу жоспарын орындау нәтижесі ретінде. Сонымен мақсатқа жетуді шешуде проблемалық ситуацияны шешу ойға келеді. Мақсаттың ерекшелігіне байланысты түрліше байқалатын ойлау әрекеті операцияларының сипатына байланыссыз адамға тән ойлаудың жалпы заңдылықтары туралы айтуға болады. Мақсатты шешуде ойлаудың ең жалпы заңдылықтары: қисындық-логикалық және интеллектуалдық түрлері көрінеді. Мақсатты қисындық-лоикалық және интеллектуалдық шешу жолдарын салыстырғанда олар бір-бірімен толық сәйкес келмейді. Бұл міндеттерді объективті және субъективті ой жүйесімен шешудің негізі болып табылады. Бұлардың сәйкес келмеуі қолданылатын ақпараттың объективті ақпарапен толық сәйкес келмейтінін көрсетеді. Олар басқарушылық міндеттерге жатады. Аталған сәйкессіздіктер психологтарды мынадай ойға әкеледі, мәселелерді шешу кезінде ақпарат тез игерілмейді, ол шешім қабылдау процесінде анықталады.
Басқару міндеттерін шығармашылық міндеттерге жатқызуға болады. Оны тек қана шешімнің даму сатысы ретінде ғана қарамай, мәселенің өзінің дамуы ретінде қарастыру қажет. Мақсатты талдағанда, қандай да болмасын шешімнің шешілетін мәселенің бұрышынан табылатынын білу керек. Ойлауға келетін болсақ, бұрын болған пунктіне нақты қайта қайтып келмейтін диалектикалық сипаттағы процесс. Жүйелілік тұрғысынан келгенде ойлаудың мазмұндық жоспарын реттеу туралы гипотеза (болжау) міндеттерді шешудегі ойлау процесін және басқаруды қарастыруға мүмкіндік береді. Ойлауды жоспарлау бұл іс-әрекеттегі мақсаттылықты зерттеу болып табылады. Мақсатқа жету жолын шешудің алдын алу субъектінің іштей бағытталуын білдіреді. Нәтижесінде шешудің бірнеше принциптері табылады. Мақсатты нәтижелі шешу жолдарын табудың алғышарты – рефлексия, яғни оның мәнді аспектілерін түсіну, сондай - ақ оны бағалау және мәнін түсіну. Мақсатты шешу жолдарын іздеудің нәтижелілігі жеке бастың рефлексивті бағалауының сипатымен тығыз байланысты. Басқару мақсаттарын шешуде басшының интеллектуалдық және жеке басының мүмкіндіктері пайдаланылады.
Көп түрлілігіне қарамастан, басшының ойлау стилінің мынадай типтерін бөліп қарауға болады:
Жүйелілік стилі, мұнда мақсатты шешу әдісіне сүйенеді. Мұндай жағдайда мәселені жеке компоненттеріне бөлуге тырысады.
Интуитивтік стиль, түрлі әдістер қолдана отырып, мәселені тұтас түсінуге тырысу.
Рецептивтік стиль, мәселенің түрлі бөлшектеріне, детальдарына көңіл аудару.
Перцептивтік стиль, мәселенің түрлі бөліктерінің арақатынасын анықтау. Басқару мақсатының өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар:
а) мақсат белгісіз, кейде қарама-қарсы жағдайда болуы мүмкін;
б) мақсатты шешу құралдары туралы ақпараттың болмауы;
в) шешу жолының нақты алгоритімінің болмауы;
г) мақсаттар көбіне уақыттың «аздығымен» шешіледі.
Басқару мақсатының үш негізгі типін бөліп қарауға болады:
1. Концептуалдық жоспардың міндеттері: болжау, жоспарлаумен байланысты стратегиялық мақсаттар.
2. Өндірістің технико-технологиямен байланысты мақсаттары (жаңа техниканы, технологияны жасау және оны енгізу т.б.)
3. Адам факторы әрекетімен байланысты (кадрлық мәселелер, ұжымдғы әлеуметтік-психологиялық жағдайды есепке алу).
Басқару мақсаттарын қарастырғанда оларды жіктеуге-классификациялауға кедергі келтіретін белгілі өлшемдерін (критериилерін) анықтау керек. Әр түрлі басқару буындарының жинаған эмпиркалық мәліметтері бойынша басқару міндеттерін бағалауда мынадай өлшемдерді-критерийлерді пайдалануға болады. Олар:
1. Мазмұндық критерий осы критерийерге байланысты барлық басқару мақсаттары маңызды және аса маңызы емес деп бөлінеді.
2. Міндеттердің орындалуына байланысты критерий. Оның негізінде барлық басқару жұмыстары орындалатын және орындалмайтын болып бөлінеді.
3.Басшының мақсат туралы білімінің критерийі. Бұл критерий бойынша барлық басқару мақсаттары басшының құзырына кіретін және кірмейтін деп бөлінеді.
4. Функционалдық шығындардың мөлшерін бағалау критерийі. Оған байланысты мақсаттар жеңіл және ауыр деп бөлінеді.
Жеңіл міндеттерге ағымдағы өндірістік мақсаттар кіреді, мәселен техникалық қауіпсіздікті сақтау. Қиын мақсаттарға болжау, модельдеу, стратегиялық жоспарлау жатады. Қазіргі көзқарас бойынша бұл стратегия толығымен нәтижелі деп есептелінеді.
Әрбір басшы басқарушылық мақсатын шешуде осы немесе басқа да мақсаттрының шешімдеріне қатысты өзінің субъективтік бағалау жүйесін қолданады. Сонымен қатар әрбір басшы мақсаттардың иерархиялары туралы шешуге қажет ұсыныстардың анық жүйесін білуі керек.
Мақсаттар туралы ұсыныстардың қалыптасуына байланысты басшы мыналарды бағалайды:
1) міндетті тәртіппен шешу;
2) қандайда бір оқыс жағдайда шешу;
3) қандайда бір мақсатты шешуден бас тарту.
Өзінің нақтылығы бойынша мақсаттың (аймақтық шектерінің нормативтік бекітілген) функцияларды орындаудағы басқару қызметінің анық көлемін анықтау. Мақсаттарды шешу облысы және олардың жіберілген кері күші мақсаттың анық деңгейіне және көлеміне байланысты ауысады.
Жұмыс басқару мақсатының маңызды екі экстремальдық аймағын іске асыру туралы гипотезадан бастау алды: төтенше маңызды және маңызсыз (2 дейгейлік маңызды мақсат); мазмұнды, маңызды мақсаттар қарама-қарсы жақта өтуі мүмкін. Олардың диалектикалық қарым-қатынасына сәйкес, егер олар бірқатар себептерге байланысты өз уақытында шешілмесе, маңыздылығын жояды. Мысалы, қайта құруға дейінгі кезеңді алсақ, онда басшы үшін төтенше маңыздылығы, мысалы СОКП ОК пленумдарының мақсатын орындауды ұйымдастыру болды, бірақ бірнеше жылдар өткеннен кейін СОКП -ың жойылуына байланысты бұл мақсаттар жойылды.
Қазіргі заманғы өндіріс жағдайында басқару мақсатының бірқатар шешімі шектеу-регламентация деңгейіне байланысты. Мысалы, жоспарлануға байланысты мақсаттар, бірақ бұл жағдайда ол бірқатар анықтаулар үлесіне әсер етеді. Мысалы, еңбек өндірісін іске асыруға және т.б.
Әрбір басшыдан ұйымдастыру жұмысында қандайда бір болмасын ең басты, ең маңызды деңгейін көрсететін, кейінге қалдрылмайтын бастапқы шешімді таңдау талап етіледі.
Осындай стратегия қажетті және мақсатқа сай болып табылады. Бірақ басқару қызметінің тәжірибесі көрсеткендей мұндай стратегияны әр басшы қабылдай бермейді. Анығында басқа да стратегиялар орын алады. Бұл стратегияда басшы басқару мақсатын екі категорияға бөледі: Маңызды және маңыздылығы аз мақсаттар. Бұндай көзқарастағы басшылар барлық мақсатты шешуге бел буады, кейде іс жүзінде мұны іске асыра алмауы да мүмкін. Басқару тәжірибесінде екі қарама-қарсы тенденцияның диалектикалық және бір-бірін толықтыратын жақтары бар. Сонымен қатар қарама-қарсы, бірақ іс жүзінде бір-бірін толықтыратын үрдістерге-тенденцияларға басқару қызметінде мыналар жатады:
а) басшылар іске асуына байланысты барлық мақсаттарды маңызды деп санайды;
б) басшылар ең маңызды керекті басқару мақсатының тек бір бөлігін шешуді анықтайды.
Басқару мақсатын шешу мәселесін теориялық жағынан қарастыруда мынаны атап көрсеткен жөн: әрбір басқару деңгейі үшін мақсаттың түрлі аймақтары әртүрлі деңгейдегі қиындықтарымен қатар түрлі көкейкесті мақсаттардың аймақтары бар.
Басшылық деңгейдің өзгеруіне байланысты мәселенің көкейкесті және көкейкесті болмау сәйестігі өзгереді. Басқару деңгейінің әртүрлі басшылығы үшін бірқатар анықтауда кейбір мәселелер ұтымды шешілуі мүмкін. Мемлекеттік кәсіпкерлер жүйесіне қатысты өндірістегі бірқатар басшылардың пікірлері бойынша шикізат бар болған жағдайда жоспарлардың орындалуы және кадрлық ресурстар шешілетін мақсат болып табылмайды. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты маңызды мақсаттардың бір бөлігі кейде шешілмейді. Оларды шешу үшін қажетті жағдайдың болмауы: материалдық, ұйымдастырушылық, қаржылық және т.б. себептері болады. Бұл жағдайда ұйымдастыру қызметінің қаражаты мен міндетінің сәйкестігі бұзылады. Барлық басқару мақсаттары бір-біріне тәуелді. Орындалуы қиын мақсаттарды шешу үшін көп жағдайда басқа да маңызды мақсаттардың басым бөлігін шешу қажет. Мұндай мақсаттарға кадрлық мәселелерді шешуді жатқызуға болады. Мысалы ұйымдарды, кәсіпорындарды қайта құру, шаруашылық-құқықтық және т.б.
Басқару тәжірибесі көрсеткендей шешілетін мақсаттар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Мысалы қажетті шикізаттың бар болуы, бірақ кадрлық ресурстардың жоқ болуы немесе оларды тиімсіз пайдалану басқарушылық мақсатты орындауда жоспарланған өнімнің көлемін орындауға мүмкіндік бермейді.
Басшылардың басқару қызметін талдау.
Басқару қызметін талдауда түрлі қиындықтар бар. Олар негізінен: объективтік және субъективтік деп бөлінеді. Қиындықтың болуы басқару тәжірибесінде мақсаттарды шешу стратегияны таңдау әрқшанда қиын мәселе. Шешімді қабылдау барысында басшы қателікке жиі бой алдырады. Мақсатты шешу бұрыс стратегияны қабылдауға да байланысты болады. Ережені ескермеу, оған сәйкес қиыншылықты бағаламау немесе керісінше маңызды шешу қиыншылығының қайта бағалануы осы қиындықтың көрінісі.
Мұндай жағдайда басшы өзінің басқару мүмкіндігін дұрыс қолдана алмауына байланысты тиімді, оңтайлы шешім шығаруы қажет. Сонымен қатар басшылар өз шешімінің нәтижесінің мүмкіндігін дұрыс бағаламайды. Басшы мақсаттарды шешудегі қиындықтардың бар екендігін білгендіктен олардың көзін қалай жоюды да білді.
Мысалы тәжірибеде бұл қалай болады? Инновацияны құру, енгізуге байланысты, сондай-ақ материалдық-техникалық, қаржылық, еңбек, кадрлық және басқа да ресурстарды қайта анықтауға байланысты. Бұндай құбылыстар экономиканың тұрақсыздығына әкеліп соғады. Басқарудағы қиындықтарды шешуде кей жағдайда басшы үшін көкейкесті мәселе болып есептелмейтін бірқатар қиыншылықтар басшының ұсынысы бойынша жақсы тұрғыда жойылуы мүмкін. Мұндай қиыншылықтар негізінен көп жағдайда жұмыс барысында шешіледі. Себебі ол басшы үшін үлкен мәселе болып табылмайды. Осыдан келе, мәселелердің көкейкестілігін анықтау үшін ол мәселелерді шешудегі қиындықтың көзін жою қажет. Мақсатты шешу үшін оларға жағдай жасау қажет. Басқару мақсатының шешу қиыншылығының көзін жою мүмкіндігіне байланысты қиыншылықтың екі түрін анықтауға болады:
1) Басшының өз құзыретінің шегінен шығуы (Мысалы, басқа инстанцияға жоспарланбаған шақырымдардың ең көп саны, жоғары басшылықпен қарым-қатынас мәселесі, олардың әрқайсысы әр түрлі мақсаттар қояды және т.б.);
2) Өндірістің объективтік жағдайларымен байланысты, мәселен кадрлардың тұрақтамауы, басқару объектісінің аймақтық алшақтығы, заң актілерінің қайшылықтары және жоғары органдардың талаптары мен нұсқауларының сәйкес келмеуі.
Әр басшы іс жүзінде әр түрлі қиындықтағы міндеттерді шешеді. Кез келген деңгейдегі ұйымды басқаруда өзекті мәселелер көп кездеседі. Бірақ басқару деңгейінің өзгеруіне қарай мәселенің өзектілігі және өзекті болмауына қатынасы өзгеріп отырады.
Әрбір басшының басты мақсаты кез-келген басқару ситуациясын бағалауы болып табылады. Егер басшы басқару жағдайын дұрыс бағаламаса, міндеттерді шешудің дұрыс стратегиясын анықтай алмаса жағымды нәтижеге қол жеткізе алмайды. Барлық жағдай адекватты бағалауға тәуелді болады. Басқарушылық жағдайлар дұрыс бағаланбаса, кейбір маңызды міндеттер басшының қарауынан тыс қалады. Кезінде мемлекеттік мекемелелерге өзіне қатысы жоқ күрделі мәселелерді шешу жүктелген мысалы 2 аптада 120 тонна шөп шауып, оны жинау т.б.
Сұрақтар:
1. Басқару міндеттерін шешуде реттеуді қажет ететін экономикалық, техникалық, технологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және т.б қарым-қатынастар деңгейін қалай түсінесіз?
2. Психологиялық түсінікте міндет дегеніміз не?
3.Психологияда «міндетті шешу» термині қандай мағынада қолданылады?
4. Басшының ойлау стилінің типтері қандай, оларға сипаттама беріңіз.
5. Басқару мақсатының негізгі типтері және олардың ерекшеліктерін талдаңыз.
6. Басқару міндеттерін бағалауда қандай өлшемдерді-критерийлерді пайдалануға болады?
Өзіңіз білетін басшылардың басқару қызметін талдаңыз.
Әдебиеттер
1. Немов Р.С. Общая психология: Краткий курс.-СПб.:Питер,2006.
2. Асеев В.Г. Личность и значимость побуждений М.,М.: ИПРАН, 1993
3.БрушлинскийВ.А.Мышление:процесс,деятельность,общение.М.: аука,1982
4.Гурова Л.Л. Психологический анализ решения задач. Воронеж, изд-во Воронежского университета,1976.
5.Перлаки И. Нововедения в организациях М.: Экономика,1980.
6. Психологический словарь. М., Политиздат, 1983.
7.Шушанский Я. Методология рационализации М.: Экономика,1987.
8.Уотермен Р. Фактор обновления. Как сохраняют конкурентоспособность лучшие компании М.: Прогресс,1980.
9.Франкл В. Человек в поисках смысла Пер.с англ., М.: Прогресс,1990
10.Кәрібаева Г.М. Кәсіби іс-әрекет мотивациясы. Астана, 2009.
11.Даринская В.М., Чаплыгин И.Н. Оценка и развитие пресонала методом «ACCECCMEHT-ЦЕНТР».-СПб.: Речь, 2008.
