Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

10. Жауапкершілік психологиясы

«Жауапкершілік» термині психологияның түрлі салаларына тікелей қатысты. Бұл түсініктің мазмұны жеке тұлғаны зерттеуде, когнитивтік процестерде, басқару психологиясында, адамгершілік тәрбиесінде талданады.

Сондай-ақ жауапкершілікті заңгерлер де, әлеуметтанушылар да, философтар да зерттейді. Жауапкершілік бір ғылымның шеңберінің өзінде де адамның түрлі іс-әрекетін қарастыруда қолданылады.

«Жауапкершілік» термині қазіргі орыс тілі сөздігінде «біреуге жүктелетін немесе біреудің өз іс-әрекеті үшін басқаның алдында жауап беру және оның мүмкін болатын нәтижесін өзі жауапкершілігіне алуы» деп түсіндіріледі. Алған міндеттемені орындау жауапкершілік, яғни сөзсіз орындауды талап ететін міндеттеме, келісім шарт. Субъекті іс-әрекетінің соңғы нәтижесі «міндеттеме, өз ісінің нәтижесін өз мойнына алу» және өз міндеттемесіне жауап беру ғана емес, сонымен қатар ол тұлғаның қасиеті болып табылады. Жауапкершілік адамның жеке мақсатының көлемін, жауапкершілігінің шегін көрсетеді. Міндет деп тұлғаның біреудің, өз арының алдындағы жауапкершілігін айтамыз. Ал, ар деп түсіну және қиналу жауапкершілігін айтамыз. Жауапкершілік жеке басқа ғане тән қасиет. Жеке бастың жауапкершілікті сезінуі бірнеше факторлармен анықталады. Олар танымдық, мотивациялық, сипаттамалық, ситуациялық т.б. Жауапкершілік эволюциясының басты тенденциясы – бақылаудың ішкі механизмінің пайда болуы. Яғни субъект өз арының алдында жауапты болуы. Мұндай жауаптылықтың болуы индивидтің ғана емес, қоғамдық өмірді де реттеуде мәнді орын алады. Адам жауап беретін орындар өте көп.

Бұрын жауап беретін орындар: құдай, ар, патша т.б. болған. Революцияға дейін адамдар заңсыз әркеттерді көп жасамаған, себебі құдайдың жазасынан қорыққан. Қазіргі кезде құдайдың, ар алдындағы жауапкершіліктен басқа түрі азайғандықтан, адам төзбес қылмыстар: кісі өлтіру, тонау, адамдарды ұрлау т.б, көбейді. Әрине, ар түсінігі қазір де бар, бірақ ол тек бұрын қалыптасқан адамдарда ғана. Ал ар болмаса, ол туралы не айтуға болады. Ойға Абайдың «ұятсыз арсыз салтынан, қалғып кетер артынан» деген сөзі оралады. Жауапкершіліктің көп түрлері субъектінің іс-әрекетін жеке бас позициясынан, немесе қоғамның позициясынан бақылаудың бір түрі. Жауапкершіліктің психологиялық алғышарты қалауға мүмкіндіктің болуы, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрін саналы түрде таңдап алу. Таңдау қиын болып, күрделенген жағдайда, мысалы жеке бас пен топтың немесе қоғамның арасындағы шиеленісті таңдау мүмкін.

Кез келген таңдау жеке бас үшін өзіндік «меніне» қатысты таңдалады. Бұл жерде «мен болайын ба, болмайын ба?» немесе «болу не ұқсау» мәселесі туындайды. Адам үшін «болу»өзінің өмірлік позициясын сақтау және ол үшін жауапкершілікте болу. Ал «ұқсау» жауапкершіліктен қашу. Жауапкершілік - жеке бастың негізгі қаситеттерінің бірі.

Егер әлеуметтік мінез-құлық нормалары туралы әңгіме болса, онда мәселе жеке бастың әлеуметтік жауапкершілігі туралы болғаны. Ерекшелігі оның объектісі әлеуметтік нормалар және рөлдік қызметі болып табылады. Бақылау субъектісі адамның өзі немесе әлеуметтік қоршаған ортасы болуы мүмкін. Әлеуметтік мінез-құлық нормаларымен қатар рлдік қызметте жауапкершілік объектісі болады. Адам жауапкершілікті сыртқы күшке (жағдай, тағдыр т.б.,), немесе өзінің талпынысы мен қабілетіне таңады. Осыған байланысты адамның белгілі бір мінез-құлық стратегиясы қалыптасады, ол «локус бақылау» түсінігінің ішіне кіреді. Бұл терминді психологияда алғаш ұсынған америка психологі Дж.Роттер. Бұл мәселе психологияда, философияда, әлеуметтануда адамның өз мінез-құлқын басқару қабілетін қарастыруда бұрыннан-ақ зерттелген. Локус бақылау адамның тұрақты сапасы болып табылады. Жауапкершіліктің субъективтік жақтары принциптерін әлеуметтік психолог Хайдер құрастырған каузалдық атрибуцияны зерттеу шеңберінде зерделенеді. Оның теориясының шеңберінде каузалдық локус зерттеледі. Хайдердің теориясы бойынша қабылданатын жағдайды себеп ретінде, субъект локус себепке, белгілі бір әрекетке қатысқан адам немесе сыртқы ортаның себебінен деп есептейді. Адам қабылдаған жағдай екі әрекет жасайтын күш: қоршаған жағдайдың күші және адамның жеке мүмкіндіктері. Атрибуттық қатенің мотивациялық және іргелі екі класы белгілі. Мотивациялық қателік адамның өз пікірін табанды жақтауымен байланысты (іс-әрекет нәтижесін ассимитриялы деп көрсету, мәселен: жетістік - өзінікі, өз қабілетіне, тырысуына, ал жетістікке жетпеу, қателесуді - шешетін жұмыстың қиындығымен, жағдаймен, жолының болмағанымен). Мінез-құлықты басқарудың ең қажет құралы – амның жауапкершілікті түсінуі. Жауапкершілікті түсіну дегеніміз ең алдымен, субъектінің әлеуметтік қажеттілігінің бейнеленуі немесе субъектінің өз іс-әрекетінің мәнін және оның нәтижесін түсінуі. Жауапкершілік атрибуциясының нәтижесінде іс-әрекеттің нәтижесін бағалау, сондай-ақ жетістік пен жетістікке қол жеткізе алмау деңгейін, шара қолдануды т.б. қажет етеді. Жеке бастың жауапкершілігі ең бастысы ситуациямен, когнитивтік факторлармен байланысты. Жағымды іс-әрекет көп жағдайда «жеке нормалармен», әлеуметтік жіктелетін нормалардан туындайтын индивидтің өзі күтетін мәселелерімен басқарылады. Мінез құлықтың жек нормалары «мен» бейнесімен тығыз байланысты. Адамның альтруистік әрекеттері адам психикасының ішіне терең бойлау процесі болып табылады. Мінез-құлықтың бұл ішкі нормалары адамды пайда табу немесе танымал болу мақсатында емес, өзінің әрекетін бағалауға мәжбүр ету. Жауапкершілік түсінігі «өзбеттілік» түсінігімен астас. Шешімді субъектінің өзі қабылдаса, барлық жауапкершілік оның өз мойнында болады. Батыстың көптеген оқымыстыларының зерттеу нәтижелері бойынша топ ішінде жауапкершілік нақты болмайды.

Өндірісте адамдардың іс-әрекеттері көптеген қайшылықтарды туғызады. Мұнда көбіне бір адамға нақты тапсырма беріледі де, екінші бір адамға біріншісінің ісіне қарама қайшы тапсырма беріледі. Мұндай шиеленістің бір мысалы, бір жұмысшы пайдалану процесінде өте ұқыптылықты және нәзік әрекетті талап ететін шетелдік машиналарда істесе, ол машинені пайдалатын адам машинаның өз дәрежесінде сақталуына жауап бермегендіктен оны қалай болса солай пайдаланады. Сондықтан авария болса, ол машинаның техникалық жағдайына, ал онымен істейтін адам оған техник немесе инженер кінәлі деп есептейді. Әрине, бұған кім кінәлі? Егер пайдаланушы мен машинаны күтуге бір бөлім жауап берсе, машинаны пайдалану техникасын білмейтін адам пайдаланбаса, мұндай жағдай болмас еді. Ол бөлім машинаны пайдаланатын кадрлардың біліктілігін қадағалар еді. Жеке бастың әлеуметтік белсенділігін қамтамасыз етудің заңдық және моральдық түрі, әрекетсіздікке жауаптылықты арттыру. Адам өзі жасағандарына жауапкершілікпен қарауымен қатар істеуі керек мәселелерді істемегені үшін де жауапкершілігін сезінуі керек. Топтық жауапкершілік, батыс психологтарының пікірінше жеке жауапкершілікті бәсеңсітіп, нәтижесінде жауапкерсіздікке әкеліп соғады.

Практикада кейбір басшылар жауапкершіліктен қашып, шешім қабылдауда топтық шешімді пайдаланады. Сондықтан басқару практикасында әр басшы жеке жауап беруі тиіс. Бұл мәселе әлі толық зерттелмеген.

Адамдардың кез келген іс-әрекеті жауапкершілікті талап етеді. Ол жауапкершілік түрліше болуы мүмкін. Кей адам адамдардың өміріне, ал кейбірі материалық құндылықтарға жауап береді. Мәселен, банкты күзететін адам мен шөпті күзететін күзетшінің кәсіптік жауапкершілігіне қойылатын талап түрліше болады.

Шығын мен тәуекелді талап ететін кәсіптік жауапкершілік, әрбір әрекетте психологиялық даярлықты талап етеді.

Сұрақтар:

1. Жауапкершілік деп нені айтамыз?

2. Әлеуметтік жауапкершілік қалай сипатталады?

3. Қарыз және ар деген түсініктерді қалай түсінесіз?

4. Жеке бас пен жауапкершіліктің байланысы қандай?

5. Жауапкершілік атрибуциясы және инстанция деген не?

6. Жауапкершілікті сезіну қызметі және жеке тұлғаның мінез-құлқын басқарудың ара қатынасы қандай?

7. Жауапкершілікті мінез немен сипатталады?

Әдебиеттер:

1.Франкл В. Человек в поисках смысла Пер.с англ., М.: Прогресс,1990

2.Мелибруда Е. Я-ТЫ-Мы. Пер. с польск., М.: Прогресс,1986

3.Шостром Э. Анти-Карнеги или человек манипулятор. Пер.с англ.Миниск,ТПЦ «Полиакт»,1992

4.Гришина Н.В. Я и другие /общение в трудовом коллективе/Л., Лениздат,1990.

5.Касьяник П.М.Психология управления: Конспект лекций.М.: АСТ;СПб.: Сова. 2005.

6.Даринская В.М., Чаплыгин И.Н. Оценка и развитие пресонала методом «ACCECCMEHT-ЦЕНТР».-СПб.: Речь, 2008.

7. Кәрібаева Г.М. Кәсіби іс-әрекет мотивациясы. Астана, 2009