Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Нәтижені талдау

1) Әрбір сұрақтар тобының балдарының қосындысын санаңыздар:

I. 1...10 – алаң болу сұрақтары;

II. 11...20 – фрустрация сұрақтары;

III. 21...29 – агрессивтік - өктемдік сұрақтары;

IV. 31...40 – ригидтілік сұрақтары.

2) Балдарды бағалау және интерпретациялау:

I. Алаң болу: 0...7 балл – алаңдамау, 8...14 балл – орташа алаңдау, 15...20 балл – қатты алаңдау

II. Фрустрация: 0...7 балл – өзін-өзі бағалауы жоғары емес, сәтсіздіктерге төзімді, қиындықтан қорықпайды; 8...14 балл – орта деңгейі, фрустрация байқалады; 15...20 балл – өзін-өзі бағалауы төмен, қиындықтан қашады, сәтсіздіктен қорқады.

III. Агрессивтік - Өктемдік: 0...7 балл – шыдамды; 8...14 балл – өктемдіктің орташа деңгейі; 15...20 балл – агрессивті, ұстамсыз, жұмыста және адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар бар.

IV. Ригидтілік: 0...7 балл – ригидтілік жоқ, жеңіл ауысу бар; 8...14 балл- орташа деңгейі; 15...20 балл – күшті байқалатын ригидтілік, мінез-құлық, сенім өзгермейді. Мұндай адамдарға отбасын, жұмыс орнын өзгерту жағымсыз.

16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы

Өзіне қатыстылық қиын, деңгейлік эмоционалды-бағалық жүйеі. Өзіне қатыстылық субъект үшін «мен» мағынасы ретінде айтылуы мүмкін, өзіндік «мен»-ге кейбір тұрақты сезімдер сияқты жалпылығына қарамастан, эмоционалды тон, уайым, өзіне деген лайықты қиналыстың семантикалық құрамы да ажыратылатын арнайы бір модальділікті (өлшем) құрайды.

Саулнаманы өңдеуге бастапқысы ретінде өзіндік «мен»-ге сезім сияқты өзіндік қатынасты маңыздырақ сипаттайтын, тоғыз өлшем (модальділік) іріктеліп алынды: 1) «мен» жете түсіну; 2) өзін құрметтеу және өзіне деген сенімділік; 3) өзіндік басқару және жүйелік «мен»; 4) басқалардың қарым-қатынасын күту; 5) сөзсіз өзін қабылдауы; 6) өз тұлғалығының бағалығын уайымдау; 7) өзінің «мен»-іне үйреніп қалу сезімі; 8) өзін түсінбеуі, «мен» жанжалдылықты уайымдау; 9) өзін кінәлау сезімі.

Шкала 1 – ішкі адалдық. Шкалада «мен», өзіндік қатынас, тәртіп түріндегі аспектілермен байланысты 11 пунктен тұрады, олар тұлға үшін маңызды болғанымен ұғынуға қиын. Шкаланың төмен мағынасы жоғарылатылған рефлекстілік және сыншылдық, өзінен және басқалардан маңызды жағымсыз ақпаратты да жасыра алмайтын «мен»-нің терең ұғымдылығын білдіреді. Одан төмен мағына ұятсыздықпен байланысты өзіндік жалаңашылықты білдіреді. Жоғары мағыналар жабықтылықты, өзі туралы маңызды ақпаратты беру және ұғынуды қаламау немесе қабілетсіздікті білдіреді. Ең болмағанда – тікелей өтірік туралы және әлеуметтік қалайтын жауаптар жағы нәтижесінің фальсификациясы.

Шкала 2 - өзіне сенімділік – өзі туралы дербес, қайратты, жігерлі, сенімді адам, өзін құрметтеу үшін барлық нәрселер бар 14 пунктен тұрады.

Шкаланың оң полюсіне өзі туралы жоғары пікір, өзіне деген сенімділік, ішкі күштің болмауы сай келеді. Төмен мағына өзіне деген және өзінің мүмкіндіктеріне деген қанағаттанбаушылық, құрметтеу қабілетін тудыратын күмәндарды білдіреді.

Шкала 3 - өзін басқару – 12 пунктен тұрады. Шкала субъектінің өзіндік тұлғалығы сияқты әрекетке байланысты нәтижелік және белсенділік көзінің негізі өзі болып табылатынын көрсетеді. Шкала бойынша көп балл алған адам оның тұлғалығын және тіршілік өмірін интегралдаушы ішкі стержень секілді өзіндік «мен»-ін уайымдайды, оның тағдыры өз қолында деп ойлайды.Ішкі мақсат пен ниеттерінің жүйелілігін және негізділік сезімін басынан өткереді. Төмен балдар субъекттің уақытша жағдайға байланысты «мен»-і бағыныңқылығын, тағдырға қарсы тұра алмайтындығын, өзін нашар реттеушілік, шайылған «мен» локусына сенуін және өзінің жасаған әрекеттерінің және нәтижелерінің себептерін іздеудің болмауын көрсетеді. Шкаланың негізгісі конструкт бақылау локусы деп аталатын, мазмұны бойынша ауыспалыға жақын.

Шкала 4 – бейнеленген өзіндік қатынас – басқа адамдар тарапынан өзіне қатынасты күтумен байланысты 11 пунктен тұрады. Шкаланың жоғары мағынасы субъекттің, оның тұлғалығы, мінезі және қызметі басқалардан құрмет тудыруға қабілеттілігі, ұнаушылық, қолдау және түсінумен байланысты. Төмен мағынасы жалпыланған басқадан қарама-қарсы сезімді күтумен байланысты.

Шкала 5 - өзін бағалау – 14 пунктен тұрады. Шкала бойынша жоғары бағалар өзіндік «мен»-де қызығушылық тудыратынын, өзіне деген махаббат, жеке тұлғалығын бағалауды сезінуді және басқалар үшін бір уақыттағы өзінің «мен» шамаланған құндылығын білдіреді. Шкала өзінің эмоционалдық бағасын, махаббаттың, ішкі интимді критерийі бойынша, руханилығын, ішкі әлемінің байлығын көрсетеді. Шкала бойынша төмен балдар өзінің рухани «менін» бағаламау, жеке тұлғалығы құндылығына күмәнділігі, өзінің «меніне» талғаусыздығымен байланысты шетте қалушылығы, өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылықтың жоқ болуы туралы айтады.

Шкала 6 - өзін қабылдау – 12 пунктен тұрады. Жоғары полюс өзіне достық қарым-қатынасты, өзімен-өзі келісу, жоспарлары мен қалауларының қабылдануы, эмоционалды, кейбір жетіспеушіліктері болса да, өзін қандай, сөзсіз солай қабылдауы жатады. Төмен полюс келтірілген қасиеттердің жоқ болуын көрсетеді - өзін жеткіліксіз түрде қабылдауы, бұл ішкі дезадапцияның маңызды белгісі-симптомы болып табылады.

Шкала 7 - өзіне үйреніп қалуы – 11 пунктен тұрады. Шкаланың жоғары мағынасы «мен»-концепциясының регидтілігін, үйреншіктілігін, өзіне байланысты оң қатынасқа ауысқысы келметінін білдіреді. Бұл уайымдаулар неадекватты «мен»-бейнесіне үйреніп қалушылықты білдіреді. Осындай бейненің сақталуына деген тенденцияның соңғы жағдайында соңғы қорғаныс механизмдерінің бірі – сана-сезім. Төмен мағына қарама-қарсы тенденцияларды білдіреді: өзінен бір нәрсені өзгерту, өзі туралы керемет ойлауға сәйкес күш, өзіне қанағаттанбаушылық.

Шкала 8 – ішкі жанжал – 15 пунктен тұрады. Бұл шкала бойынша жоғары мағына ішкі шиеленістің болуын, күмәнді, өзімен келіспеуді, өзінің кінәсін уайымдаумен байланысты мазасыздық-депрессиялық жағдайды білдіреді. Шкала бойынша жоғарылап кету жоғары рефлексияны, өзіне терең енуді, өз қиыншылықтарын сезуді, «мен» адекватты бейнеде және ығыстыруды білдіреді. Шкаланың одан да төмен мағынасы проблеманы мойындамау, жабықтылықты, үстірт масаттанушылық, импуситивті тенденцияны білдіреді.

Шкала 9 - өзін кінәлау – 10 пунктен тұрады. Жоғары мағына интрапунктивтілікті, өзін кінәлауды, өзінің бақытсыздықтары мен мүлт кетулеріне өзін кінәлауға дайын болуын, өзіндік жетіспеушіліктерін білдіреді. Шкала ұнаушылық жоқ болудың индикаторы болып табылады, өзін жоғары бағалау және жетістікке қарамастан өзіне деген негативті эмоциямен бірге жүреді.

Әдістемеде үш тәуелсіз және жақсы интерпретирленген факторларды көрсетуге болады.

Бірінші фактор мына шкалалардан тұрады: ішкі адалдық, өзіне деген сенім, өзін басқару және бейнеленген өзіндік қатынас. Бір факторда оларды, осы шкалалардың барлығы адамгершіліктің, табыстың, еркіндіктің, мақсатқа талпынушылықтың, әлеуметтік қолдаудың және т.б әлеуметтік-нормативті критерийіне байланысты сыналатын өзіндік «меннің» бағасын көрсетуіне байланысты біріктіреді. Бұл осы факторды өзін құрметтеу ретінде интерпретациялауға негіз болады.

Екінші факторға үш шкала кіреді: өзін бағалау, өзін қабылдау және өзіне өзі үйрену. Бұл шкалалар әлеуметтік-нормативті критерийлермен де, объектінің басқа да тұлғалық сипаттарына байланысты емес. Олар өзінің «меніне» субъектінің эмоционалды қатынасын анағұрлым таза түрде көрсетеді және аутосимпатия шкалалары сияқты интерпретациялануы мүмкін.

Құрамында ішкі жанжал мен өзін кінәлау бар үшінші фактор негативті өзіндік қатынаспен байланысты және «өзін қорлау» деген атқа ие.

Сауалнама

  1. Менің сөздерім жұмыспен сирек байланысады.

  2. Кездейсоқ адамға мен сүйкімді адам болып көрінемін.

  3. Басқалардың проблемасына әрқашан өзімдікі секілді қараймын.

  4. Менің өзіммен ойша сөйлескенім маған ұнамайтынын сеземін.

  5. Менің таныстарым маған ұнатумен қарайды деп ойлаймын

  6. Адам өз өмірінде жасай алатыны – бұл өз тағдырына қарсы келмеу.

  7. Менде ойлағанымды өмірде қолдану үшін жеткілікті түрде қабілет те, энергия да бар.

  8. Егер де мен екі еселеніп кетсем, онда маған өз сыңарыммен тілдесу қызық болар еді.

  9. Мен маған сүйікті және туған адамдарыма жандарын ауыртпайтын едім.

  10. Менің ойымша, кейде өзіне жан ашу күнә деп есептемеймін.

  11. Қандай да бір жерден мүлт кетіп, мен, маған ойлағанымнан қандай да бір жақсы нәрсе шығатынын туралы басыма ойлар қалай келуі мүмкін екенін түсіне жиі түсіне алмаймын.

  12. Мен өзімнің істеріммен және жоспарларыммен келісемін.

  13. Менің қасиетімде басқаларда қатты жек көрушілік тудыратын бір нәрсе бар шығар.

  14. Мен өзімді бағалайтын кезде, мен одан бұрын өзімнің жетіспеушіліктерімді көремін.

  15. Сүйікті адамыма ұзақ уақытқа қызықты болып көріну менің қолымнан келмейді.

  16. Мен өзімді жеткілікті түрде жоғары бағалаймын деп айтуға болады.

  17. Менің ішкі дауысым маған немен келіспеу керек екенін сирек сыбырлайды.

  18. Менің көптеген таныстарым мені шындап қабылдамайды.

  19. Мен өзімді қатты жек көрген кездерім болды.

  20. Маған энергияның, еркіндіктің және мақсатқа жетушілік жетіспеушілігі өте қатты кедергі келтіреді.

  21. Менің өмірімде өзімнің ар-ұятыммен келісімге барған жағдайлар да болды.

  22. Кейде мен өзімді нашар түсінемін.

  23. Кейде мен өз өзіммен сөйлескенде мен қатты азап шегемін.

  24. Кез келген есті және білгір адаммен тіл табысуға болады деп ойлаймын.

  25. Егер де мен кім-кімге кінәлаумен қарасам, онда бірінші кезекте өзіме.

  26. Кейде мен шынымен сүюге болатынына күмәнмен қараймын.

  27. Менің өз өзіммен ұрысқанымды ойым бөліп жібереді, бәрібір мен ойлағандай болып шықпайды.

  28. Менің өз өзімен қатынасым достық қарым-қатынас деп айтуға болады.

  29. Менің көңілімнен шығатын адамдардың табылуы екіталай.

  30. Мен өз өзіммен келемежсіз қалжыңдасамын.

  31. Егер де менің екінші «менім» болса, онда ол мен үшін тілдесуде жалығатын серіктес болады.

  32. Мен жеткілікті түрде тұлға болып қалыптастым деп есептеймін және сондықтан басқа жағынан басқа болу үшін тырысуға күшімді жұмсамаймын.

  33. Менің қандай екенім өзіме ұнайды.

  34. Өкінішке қарай, көбі менің өмірге деген көзқарасымды бөліспейді

  35. Мен өз өзімді құрметтеймін деп толық айта аламын.

  36. Меніңше, мен өзімнен ақылды және сенімді кеңесшіеі көре аламын.

  37. Мен өзімде түршігу сезімі бар екенін көремін.

  38. Мен өзімнен бір нәрсені өзгертуге тырысамын, бірақ ол нәтижесіз.

  39. Менің ойымша, менің тұлғалық қасиетім бірінші көзқарасқа қарағанда анағұрлым бай және қызығырақ.

  40. Менің жетістіктерім кемшіліктерімнен асып түседі.

  41. Өзіме қажет кезде менің түсініксіз болып қалуым сирек.

  42. Басқалар мені жеткілікті түрде жоғары санайды деп ойлаймын.

  43. Менімен болатын жағдайлар – бұл өз қолыммен жасалған нәрселер.

  44. Егер мен өзіммен ұрыссам, онда мен жалғыз дұрыс шешім табамын.

  45. Менімен келеңсіз жағдайлар туындағанда, мен «Саған сол керек» деп айтамын.

  46. Мен рухани түрде басқаларға тартымды болу үшін жеткілікті қызықтымын деп ойлаймын.

  47. Менде жиі күмән туындайды: шынымен мен осындаймын ба?

  48. Менің опасыздыққа баруым ойымда да жоқ.

  49. Мен өзімді достық келеке түрінде көремін.

  50. Меніңше, мен туралы жаман ойлайтындар аз.

  51. Маған жауапкершілікті істерде сенуге болатынына сенімдімін.

  52. Мен өз тағдырымды бақылай аламын деп айта аламын.

  53. Мен ешқашан басқаның ойын менікі деп айтпаймын.

  54. Мені айналамдағылар қалай ойласа да, мен бәрібір басқаларына қарағанда жақсымын.

  55. Мен қандаймын, сондай болып қалғым келеді.

  56. Мен өзімді келемеждеуге келісемін, егер де ол орынды және әділетті болса.

  57. Мен сияқты адамдар көп болса, өмір жақсы жағына қарай өзгерер еді деп ойлаймын.

  58. Менің пікірім айналадағылар үшін маңызды.

  59. өзімді жақсы түсіну үшін маған бір нәрсе кедергі жасауда.

  60. ұнаушылықты тудыратындар менде аз емес.

  61. қиын жағдайларда мен проблемалардың өзінен өзі шешілетінін күтпеймін.

  62. кейде мен өзімді басқа біреу ретінде көрсетемін.

  63. өз әлсіздіктеріне мейірбан болу – түсінікті жағдай.

  64. өзіне тереңірек ену – ұнамсыз және тәуекелді кәсіп екеніне көзім жетті.

  65. Мен ешқашан белгілі бір себепсіз ашуланбаймын және тітіркенбеймін.

  66. Мені де жек көруге болтын жағдайлардың бар болатынын түсіндім.

  67. Мен өзіммен болып жатқан жағдайға аз әсер ететінімді сездім.

  68. тура сол байлық және менің ішкі әлемімнің тереңдігі менің тұлға ретінде бағалы екендігімді анықтайды.

  69. өзіммен ұзақ ұрысу менің жанымда жеңілдеп қалудан гөрі ащы таңба қалдырады.

  70. менімен әңгімелесу адамдарға нағыз рахаттану сезімін тудырады деп ойлаймын.

  71. шынымды айтсам, мен кейде өте жағымсыз боламын.

  72. Мен өзіме ұнаймын деп айтуға болады.

  73. Мен – сенімді адаммын.

  74. Менің қалауымның жүзеге асуы жол болшылықтан емес.

  75. Менің ішкі «менім» маған қызық.

  76. болмашы нәрсеге мұңаймау керек екеніне өзімді сендіру оңай.

  77. Мені жеткілікті түрде бағаламау жақын адамдарыма тән.

  78. Менің өмірімде өз өзіме жек көрінішті болып көрінуім болады.

  79. Меніңшеғ мен өзімен шындап ашулана алмаймын.

  80. Маңызды істерде маған сенуге болмайтынына көзім жетті.

  81. Мен өзімен бір түрлі сияқты болып көрінем.

  82. қиындықтарға беріле салмаймын.

  83. Менің өзімнің «менім» лайықты емес болып көрінеді.

  84. Мен өзімнің ішкі проблемаларымды ойлана отырып, өзімді жақсырақ түсіне бастадым деп ойлаймын.

  85. айналамдағылардың көбіне ұнайтыныма күмәнмен қараймын.

  86. Мен ақталуға болатындай әрекеттер жасамадым.

  87. Мен өзімді әлсіз деп есептеймін.

  88. егер мен өзімді бір нәрсеге кінәласам, мені әшкерелеу оңай.

  89. менің мінезім өзімен ұнайды.

  90. мені алда не күтіп тұрғанын анықтай аламын.

  91. кейде маған өзімнің ішкі «меніммен» тіл табысу қиынға соғады.

  92. Менің өзім туралы ойым менің жағыма деген кінәлаулармен тура келеді.

  93. Мен қатты өзгергім келмейді, жақсы жаққа болса да, өйткені әрбір өзгеріс - өзіңнен қандай да бір қымбат бөлікті жоғалту.

  94. Менің әрекетімнің нәтижесі мен күткендей болмайды.

  95. Менде мен білмейтін нәрсе болуы екіталай.

  96. «ия, мен тұлға ретінде толық қалыптастым» деп айтуға маған әлі жеткіліксіз.

  97. Маған менің жақсы қасиеттерім де, жетіспеушіліктерім де бірге сияды.

  98. Мен өзіме жақсы көріну үшін адамдарға риясыз көмек көрсетемін.

  99. Менде өз өзімен ақталу жиі болып тұрады.

  100. Мені жақсы көрмейтіндер, менің қандай екенімді білмейді.

  101. Мені бір нәрсеге көндіру басқалар үшін оңай

  102. Мен өзімнің жақындарымнан және мені түсінетін адамдардан жетіспеушілкті сезбеймін.

  103. Меніңше, мені шынымен сыйлайтындар аз.

  104. егер арамданбаса, онда мен өзімді сөге алмаймын.

  105. мені өзімді қандаймын, солай етіп жараттым.

  106. басқалардың мен туралы пікірі менікімен сәйкес келіп жатады.

  107. Мен өзімде көп нәрсені өзгеркенді қалар едім.

  108. Маған лайықты қарайды.

  109. Менің тағдырым бәрібір мен қалағандай бомайды деп ойлаймын.

  110. Мен өмірде өз орнымда екеніме сенімдімін.

кілттер

Ашықтық: 1,3,9,21,48,53,56,62,65,86,98.

Өзіне сенімділік: 7,20,24,30,35,36,51,52,58,61,78,80,82,103.

Өзін басқарушылық: 43,44,45,74,76,84,90,105,106,108,109,110.

Айнадағы «мен»: 2,5,13,18,29,34,41,42,50,85,102.

Өзін бағалау: 8,15,16,26,31,39,46,54,57,68,70,75,83,100.

Өзіне жағу: 10,12,17,28,40,49,63,72,77,79,88,97.

Өзіне үйреніп қалу: 6,32,33,55,89,93,95,96,101,104,107.

Шиеленістік: 4,11,22,23,27,38,47,59,64,67,69,81,91,94,99.

Өзін кінәлау: 14,19,25,37,60,66,71,78,87,92.

нормалары (қабырғаларда):