Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /

Э.Берннің пікірі бойынша, басқа адамға қарым-қатынас жасағанда біз мүкіндігіне қарай өзіміздің «Меннің» бір қалпын таңдаймыз. Олар: «Мен» қалпы, «Ата-ана» қалпы, «Ересек адам» қалпы. Осы үш мен сіздің мінезіңізде қалай үйлестетінін байқап көріңіз.

1.Кейде маған шыдамдылық жетіспейді.

2.Егер менің қалауым маған кедергі жасаса, мен оны тежей аламын.

3.Ата-ана көпті көрген, тәжірибелі болғандықтан өз балаларының отбасылық өмірін құруына көмектесуі керек.

4.Кейбір жағдайларда мен өз ролімді асырамын.

5.Мені алдау оңай емес.

6.Маған тәрбиеші болу ұнар еді.

7.Мен кейде бала сияқты болғым келеді.

8.Мен барлық өтіп жатқан құбылыстарды дұрыс түсінем деп ойлаймын.

9.Әркім өз міндетін атқаруы тиіс.

10.Кейде мен қалай жасау керектігіне қарамай өзім нені қалаймын, соны істеймін.

11.Шешім қабылдағанда мен оның соңғы нәтижесін ойлаймын.

12.Жас ұрпақ қалай өмір сүру керектігін аға ұрпақтан үйренуі керек.

13. Басқа көптеген адамдар сияқты мен де өкпелеймін.

14.Мен адамдардан өздері атқандарынан көбірек байқаймын.

15.Балалар міндетті түрде ата - аналарының айтқанымен жүруі крек.

16.Мен еліктегіш адаммын.

17.Адамды бағалаудағы менің басты өлшемім, критериім-объективтілік.

18.Менің көзқарасым мызғымайды.

19.Таласта мен жол бермеймін, себебі менің жол бергім келмейді.

20.Ереже пайдалы болғанға дейін ғана ақталады.

21.Адамдар жағдайға байланыссыз барлық ережелерді сақтауы керек.

Нәтижесін бағалау.

Балдар санын таблица жолдарымен санаңыздар:

Сұрақтың №

Қарым-қатынас айқындамасы-позициясы

1,4,7,10,13,16,19

Бала /Б/

2,5,8,11,14,17,20

Ересек адам /ЕА./

3,6,9,12,15,18,21

Ата-ана /А-А/

Сәйкес белгілерді олардың мәнінің азаю бағытына қарай орналастырыңыз. Егер сізде ЕАБА-А формуласы шықса, сізде жауапкершілік сезімі басым, талап деңгейінде импульсивтісіз, ақыл айтуға икемсіз. Осы сапаны сақтауға тырысыңыз.

Егер А-АБЕА формуласы шықса, сізде өзіңізге сенімділік, «айтқаным болды» деген сапа басым.

Егер формулада бірінші орында Б-бала тұрса, бұл ғылыми жұмыс үшін жағымды вариант. Бірақ балалық белгілі бір шамаға дейін ғана пайдалы. Егер, ол сізге кедергі жасай бастаса, өзгеруіңіз қажет.

12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау

Бұл сабақтың мақсаты адам санасының құрамдас бөлігі өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау әдісіне үйрету. Өзін-өзі бағалау сәйкес-адекватты және сәйкес болмауы мүмкін. Сәйкес бағалай алмау: өзін-өзі жоғары бағалау және өзін-өзі төмен бағалау түрінде болады. Өзін-өзі сәйкес - адекватты бағалау шынайы өлшемді үнемі іздеудің, өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі. Ондай адам қол жеткен деңгейін бағалауда тек өзінің өлшемімен ғана қалып қоймай, қоршаған ортаның, жолдастарының, басқа адамдардың пікірін біліп, онымен санасады. Адамның өзін-өзі жоғары бағалауы өзі туралы түсінігінің дұрыс болмауынан, өзінің қабілеті мен жеке тұлғасының бейнесін асыра бағалауынан, қоршаған орта мен ортақ жұмыстағы өзінің орнын шынайы бағалай алмауынан туындайды. Мұндай жағдайда адам өзі туралы үйренген жоғары бағасын сақтау үшін өзінің сәтсіздігін жоққа шығарады. Барлығын өзінен «сырып тастап», өзі туралы пікірді бұзады. Сондықтан әділ ескертуледі «әдейі кінә тағады», ал жұмысының нәтижесі туралы объективті бағаны – «әділетсіз төмендету» деп түсінеді. Өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдар барлығы өзінің қателіктерінің, жалқаулығының, білімінің жетіспеуінің, қабілеті немесе мінезінің дұрыс болмауының салдары екенін түсінгісі келмейді. Өзі туралы стериотиптің тұрақтылығынан аур эмоционалдық жағдай туады. Оны – адекватты емес аффект деп атайды. Егер, адамның жоғары өзін-өзі бағалауы шынайы жағдайға қарай өзгеретін болса, ол тұлғаның дамуына ықпал теді.

Тұлғаның шынайы мүмкіндігінен төмен бағалау өзін-өзі төмен бағалауы. Бұл адамдардың өзіне сенімсіздігіне, үрейленуіне өз қабілетін көрсету мүмкіндігінің болмауына байланысты. Мұндай адамдар күнделікті күйбіңнен аспайды және оны нәтижелі орындайды, бірақалдына қиын мақсаттарды қоймайды. Өзіне келгенде қоятын талабы қатал және өте сыншыл.

Өте жоғары және өте төмен өзін-өзі бағалау өзін-өзі бақылауды бұрмалап, өзін-өзі басқару процесін бұзады. Өзін-өзі жоғары немесе өте төмен бағалайтын адамдардың қарым - қатынасында шиеленіс тууы мүмкін. Өзін-өзі жоғары бағалауда шиеленіс басқа адамдарға кемсіте қараудан, олардың атына шектен тыс негізсіз айтылған сөздерден, басқа адамдардың пікіріне төзбеуден, дандайсудан туады. Өзіне сын көзбен қарай алмайтын адам басқа адамдарға өктемдігін, өзімшілдігін және менмендігін, дөрекілігін көрсетеді.

Өзін-өзі төмен бағалау нәтижесінде туатын шиеленіс ондай адамдардың шектен тыс талап қоюынан туындайды. Олар өздеріне қатаң талап қоюмен қатар басқа адамға одан да жоғары талап қояды. Жіберілген ауытқулар мен кемшіліктерді кешірмейді; басқалардың кемшіліктерін үнемі атап отырады. Олар бұл ойын жұмысты түзеу бағытында айтқанымен оны қабылдайтын адамдар үнемі дұрыс түсіне бермейтіндіктен шиеленіс туады.

Адекватты емес аффект – психологиялық қорғану. Ол басты мақсатты, яғни өзін-өзі дұрыс бағалауды шешпейтіндіктен уақытша шара болып табылады. Дұрыс өзін-өзі бағалай білу қоршаған адамдардың шынайы бағалауымен байланысты. Ең бастысы ортаның пікірімен санаса білуге үйрену керек.

Алдымен студенттерден дәптерлеріне екі қатар етіп: бірінші қатарға адамның жағымды сапаларын, ал екінші қатарға жағымсыз сапаларын білдіретін сөздерді 10 минутта нөмірлеп тізіп жазу талап етіледі. Адамның сапасын білдіретін сөздер сөз тіркесі емес, дара сөздер болуы шарт, сондай – ақ екінші қатардағы сөздер бірінші қатардағы сөздердің антонимі болмауы және екі қатардағы сөздердің тізімі бірдей сан болуы шарт. Мұндағы мақсат студенттің сөздік қорын анықтап. Одан ары қарай түрлі тапсырмалар арқылы сөздік қорын молайтуға назар аудару қажет.

Келесі орындайтындары осы екі қатардағы сөздердің ішінен өз басында бар сапаларды белгілеу тапсырылады. Одан кейін өздері белгілеген сапаларды әр қатардағы сапалардың сандарына жеке бөлу тапсырылады. Нәтижесі шамамен жағымды бөлігі 05, ал жағымсыз қатардағы сапасының көрсеткіші 0, т.б., болуы мүмкін. Неғұрлым көрсеткіші 1-ге тақаған сайын ол адамның мақтаншақтығын, өзін-өзі бағалауының жоғарылығын, ал жағымсыз сапаларының көрсеткіші жағымдыдан басым болса, ондай адамның өзін-өзі бағалауы төмен екенін көрсетеді.

Бұл практикум студенттердің өзінің ерекшеліктері туралы терең ойлануына түрткі болады. Сөйтіп, тұлғаның өзіндік санасына, өзін-өзі объективті бағалауына ықпал етуге болады.