Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы

Әр түрлі міндеттерді шешу процесініңде басшы сол немесе басқа стратегиялар мен тактикаларды таңдайды. Әр басшының өзінің дара басқарушылық тәжірибесінде міндеттер туралы субъективті пікірі қалыптасады. Ұйымды дұрыс құру үшін басшылар тиімді шешім қабылдап, міндеттерді стратегиялық және тактикалық дұрыс шешу жолдарын таңдауы қажет. Сәйкес стратегияны таңдау үшін басшы басқарушылық жағдайды дұрыс бағалап қана қоймай, сонымен қатар келешек - перспективтік және өтпелі міндеттерді дұрыс сәйкестендіруі қажет. Басқару стратегиясын таңдау мындай сұрақтарға жауап береді. Бұл нақты жағдайда нақты басқарушылық міндетті қою керек пе немесе оны шешу керек пе? Бұл мазмұндық және уақыттық өлшемдердің байланысын көрсетеді. Олар:

1) қойылған мақсатты іске асыруға жағдай бар ма, жоқ па?

2) бұл басқару мақсатын шешу міндетті ме әлде міндетті емес пе? Мақсаттың мәнділігін бағалау сәтінің уақытқа қатысты сәйкес келмеуінен келешек - преспективтік мақсаттың өз дәрежесінде бағаланбауы мүмкін. Мұнымен қатар белгілі бір стратегияда басшының шешетін мақсаттың күрделілігін дұрыс бағаламауына да байланысты. Шешетін басқару жұмысының мәнін жете түсінбегендіктен оны орындау кейінге қалдырылады. Нәтижесінде мақсатқа жету жолында шешілетін мәселердің жүйесі бұзылады. Ол тұтас мақсаттар жүйесінің нәтижелі болуына кері әсер етеді. Сондай-ақ шешілетін мақсаттың күрделілігі де дұрыс бағаланбайтын кездер болады. Басшының басқару әрекетінде неғұрлым оның субъективті бағалауы мақсаттың объективті маңыздылығымен сәйкес келсе, соғұрлым шешілетін мақсаттың тиімді стратегиясын таңдау мүмкіндігі көп болады. Сонымен стратегия мақсаттың қойылуына тікелей байланысты. Басқару әрекетінде басшы үнемі белгілі бір тактиканы пайдаланады. Тактиканың стратегиядан айырмашылығы ол мақсатқа жетудің әдістері мен құралдарын білдіреді. Тактикада басшының іске асырмақ ісі мен оны шын мәнінде іске асыруының арасындағы сәйкессіздіктен үнемі қайшылық туып отырады. Сонымен қатар кез келген басқару мақсатын іске асыру тактикасын таңдауда мақсатқа жету құралымен қатар мақсаттың өзі де өзгеріске ұшырап отыратынын ескеру қажет. Нақты басқару мақсатын шешуде әр басшы белгілі бір тактиканы таңдауда белгілі бір өлшемдерді пайдаланады. Олар:

Мақсаттың мәнділігін дұрыс бағалау;

Уақыттың өзгерісіне байланысты мақсаттың мәнділігінің өзгеруін дұрыс бағалау;

Келешек және ағымдағы мақсаттардың арақатынасын дұрыс бағалау;

Мақсаттың күрделілігін дұрыс бағалау.

Ал, тактиканы таңдау мынадай факторлармен:

1. Басшының жеке тәжрибесі мен практикасына.

2. Басқару ситуациясының объективті талабына.

3. Басшының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.

Қызмет деңгейіне, құзырлығына, субъективтік мүмкіндігіне қарай өзінің белгілі басқару мақсатының маңызы туралы басшының жеке дара түсінігі қалыптасады. Бұл басшының жеке дара басқару тұжырымдамасы-концепциясы деп аталады. Белгілі бір мақсатқа жетуде тактиканы таңдау басшының психологиялық ерекшелігіне байланысты. Тактиканы таңдаудың психологиялық механизмін анықтау, қойылған мақсаттың басшы үшін қаншалықты мәнді және қажеттігіне байланысты. Бір мақсатты шешуде әр басшы әр түрлі тактиканы таңдауы мүмкін. Мысалы, салыстырмалы түрде «басқа салаға» қатысты болып есептелетін мақсаттарды шешуде басшы белсенділік көрсетуді, тәуекелге баруды талап етуі мүмкін. Егер салаішілік мәселелерді шешу керек болса, басшы тәуекелге барудан гөрі мүмкін болғанша әліптің артын күтуге тырысады. Шын мәнінде тактикада басшының сол мақсатқа жетуде орындауға берген бағыты мен нақты әрекет арасында қайшылық туады. Бұл қайшылық қойылған мақсат пен оған жету жолындағы құралдардың толық жетіспеуінің арасындағы алшақтыққа байланысты. Егер басшы мақсатқа жету жолында қажет құралдарды таба алатын болса, қайшылық азаяды. Мұндай қайшылықтарды жою үшін қойылған мақсат пен оны шешу мүмкіндігі бір-біріне сай болуы қажет. Басқару шешімдерін қабылдауда стратегия мен тактиканың арақатынасы туралы былай деуге болады. Қатаң мақсатты бағдар икемді, қосалқы, бағынышты мақсаттар арқылы ретке келтіріледі. Неғұрлым басты мақсат қатал қойылса, екінші, қосалқы мақсаттар тез өзгертуге икем болады. Мемлекеттік мекемелер басшыларының басқару мақсаттарын шешуде неғұрлым көп сүйенетін тактикалары:

1. Жоғары жауапкершілікке тәуекел ету тактикасы.

2. Өзінен жауапкершіліктің біршамасын алып тастау мақсатымен шешу жолын ұзарту.

3. Байқай отырып, тәуекел етіп мақсатты өз бетімен шешу.

4. Мақсаттың шешілмеуі туралы жауапкершіліктен тайқу және өз бетімен барынша аз шешім қабылдау тактикасы. Басқару мақсатын шешудің әр түрін таңдау мынадай психологиялық себептерге байланысты:

Іс-әрекетте мақсатқа жетуге бағытталу.

­Өзін-өзі бағалауы жоғары және өзін көрсетуге тырысады.

Жағымды әлеуметтік бағытының қалыптасу жоғарылығына байланысты.

Басқа басшылардан бөлек, ерекше көріну, олардың алдында болу. Басшы көп жағдайда ұйым ішіндегі белгілі бір шиеленіс жағдайында жұмыс істейді. Ол шиеленіс горизанталь және вертикаль бойымен де байқалады. Қалай болған күнде де басшы мінезінің бір стратегиясы болуы керек. Басшы нақты басқару мақсатын шешуде орын алған жағдайдан шығудың (өз еркімен немесе басқа адамдардың әсерінен) бір жолын таңдауы тиіс. Мұндай шиеленісті жағдайда басшылардың әлеуметтік мінезі мынадай стратегияда кездеседі.

Қарсы тұру стратегиясы (бақталастық). Бұл стратегияда басшы әріптестеріне ықпал етіп, өз пікірін өткізіп, басшылық жасуға ұмтылуымен сипатталады. Жалпы бұл стратегия жағымды мотивацияға сүйенетінін байқау қиын емес. Оны таңдаудың психологиялық негізіне мынадай себептер жатады:

Ерікті белсенділіктің жоғары болуы,

Іс-әрекетте жетістікке жету мотиві,

Өзінің және әріптестерінің арасында мәнді екенін сезіну,

Өз әріптестерін өзінің еркіне бағындыруға тырысу. Мұндай стратегияда басшы басқа іскер әріптестерінің пікірімен санаспай жетістікке жетуді көздейді. Көбіне екінші жақтың қажеттілігі ескерілмейді.

Әріптестік немесе кооперация. Бұл стратегияның негізі де іс-әрекетте жетістікке жетуге тырысу, яғни жағымды мотивация. Бірінші стратегиядан басты айырмашылығы жағымды нәтижеге жету жолында өзінің де, әріптестерінің де қызығушылықтары ескеріледі. Әріптестік стратегиясын таңдаудың себептері мынаған негізделеді:

Өндірістік белсенділіктің жоғарылығы;

Іс-әрекетте нәтижеге жетуге талпыну;

Өзінің іскер әріптестерінің қызығушылықтарымен санаса білу және оларды түсіне білу;

Топтық талқылауда шиеленісті пікірі тудырмау. Осы екі стратегиямен қатар басшылардың басқару практикасында келісімге келу-компромис стратегиясы жиі қолданылады. Әріптестік стратегия басшының басқару стиуациясында өз әріптестерімен адамгершілік нормаларына сүйене отырып, пікірлердің қалыпты болуын қалыптастыру бағытын ұстануымен сипатталады. Әріптестік стратегияда басшы ашық қарама-қарсылық пен әріптестіктің орта позициясын таңдайды. Басқару шешімін қабылдау адамдардың қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі көзқарас бойынша бұл стратегия толығымен нәтижелі болып саналмайды. Кез-келген жағдайда бұл стратегия ең алдымен басқарушылық іс-әрекетті емес, адамдық қатынастарды бекітуге бағытталуы тиіс. Әріптестік стратегияның негізіне мынадай психологиялық себептер жатады:

Кейбір келісімдерге жетудегі оң мотивация;

Басқа адамдардың ойымен санасуды әдетке айналдыру;

Шиеленістен, түрлі қайшылықтардан шығуға талпыну;

Қабылданған шешімге жауапкершіліктен қорқу;

Басқару практикасында іс-әрекет бақыланады. Осы стратегия бірнеше себептерге байланысты қолданылады. Осыған байланысты бірнеше психологиялық себептер анықталған:

Басқару мақсаттарын қабылдаудағы қорқыныш;

Жауапкершілікке деген қорқыныш;

Осы басқару мақсаттарын шешумен қатар бейімделу және тынышталу стратегиясы да кездеседі. Онда басшы мақсатқа жетуде қызығушылық та, белсенділік те танытпайды. Сонымен қатар бұл стратегия басқа да басқарушы адамдармен шиеленісті қатынастардан қашуға бағытталған. Бұл тактикалардың барлығы мынадай психологиялық себептерге байланысты:

Нақты белгілі бір уақытта, дұрыс шешім қабылдай алмау қорқынышы;

Жағдайдан қашуға ұмтылу іс-әрекеті;

Қабылданған шешімге жауапкершіліктен қашу;

Басқарушылық міндеттерді шешу процессінде басшының қабылдаған стратегиясы арқылы оның жеке қасиеттерін анықтауға мүмкіндік туады.

Стратегиялық мәліметтерді екі топқа бөлуге болады:

Өз-өзіне бағытталған;

Басқа адамдарға бағытталған.

Өз-өзіне бағытталған басқарушы адамдардың тобында негізгі екі тенденцияны атап көрсетуге болады. Олардың ішінде біреуі көшбасшылық қасиеттерге ие. Ондай адамдар өздерінің әділдігіне сенімді болып келеді. Көбінесе олар өздерінің қарамағында жұмыс істейтіндерге қысым көрсетеді. Екінші тенденция бойынша басқарушы адам тек қана өзінің күшіне сенімді болып келеді.

Басқа адамдарға бағытталған топта топ мүшелері де екі үрдіске-тенденцияға бөлінеді. Бірінші тенденцияда басқаларды өзіне ерту қасиеттері басым болып келсе, ал екіншісінде топтық шешімдерге көңіл аударады.

Сонымен қатар өз-өзіне бағытталған басқарушылар агрессивті стратегияны қолданады, ал басқа адамдарға бағытталған басқарушы компромисті жиі қолданады.

Осы материалдарды толығымен түсіну үшін К.Томастың мәтінін ұсынуға болады. ( № 7 практикум)

Сұрақтар:

1. Басқару мақсаттарын шешуде қолданылатын тактикалар

2. Басқару стратегиясының тактикадан айырмашылығы неде?

3. Басқару шешімдерін қабылдауда стратегия мен тактиканың арақатынасы туралы қалай ойлайсыз?

4.Келешек - преспективтік мақсаттың өз дәрежесінде бағаланбауы немен байланысты?

5. Шиеленісті жағдайда басшылардың әлеуметтік мінезі қандай стратегияда кездеседі?

Әдебиеттер

1.МуздыбаевК. Психология ответственности М.: Наука,1983

2.Касьяник П.М.Психология управления: Конспект лекций.М.: АСТ;СПб.: Сова. 2005.

3.Даринская В.М., Чаплыгин И.Н. Оценка и развитие пресонала методом «ACCECCMEHT-ЦЕНТР».-СПб.: Речь, 2008.