- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
1.1. Басқару психологиясы пәні
Басқару өте ертеден белгілі қызмет болғанымен жаңа ғылым болып есептелінеді. Басқару ғылымы үнемі жинақталатын білім мен әдістер және оларды алу тәсілдерінің жиынтығы. Басқару психологиясы бір адамның екінші адамға, топқа немесе тұтас қоғамға ықпалының табиғатын және оны жетілдіру тетігі туралы жаңа мәліметтерді үнемі ізестіріп, зерттеп отырады. Басқару психологиясының өзіне тән зерттеу пәні бар. Ол басқару процесін ұйымдастыру және сол процесс кезіндегі адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын зерделеп, зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне сәйкес методологиялық негізін анықтап, басқару объектісіне белсенді ықпал ететін әдістер мен жүйелерді жасау және зерттелетін процесті болжап, алдын алу әдістерін анықтау.
Басқару ғылымының басты мақсаты – тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жасауға қажет психологиялық құбылыстарды сипаттап, оларды жүйелеу және олардың арасындағы байланыстар мен себептерін анықтау. Сонымен қатар басқару процесі басшының мынадай негізгі іс-әрекеттері арқылы іске асады. Олар: басқару ұйымының жеке құрылымдарын, жағдайын және өзгерістерін диагностикалау және болжау, бағыныштылар іс-әрекетінің бағдарламасын қалыптастыру, басшының өз жұмысының тиімді болуын қарастыруы.
Басқару психологиясы басшының жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін: оның басқарушылыққа талпынысын және қабілетін, өз міндеті мен оны көре білуін қамтитын басқару тұжырымдамасын, басқару ниетін, сондай - ақ басқару ережесі мен ұстанымдары туралы ішкі шешімдерін зерттейді.
Адамзат өз дамуының мүлде жаңа дәуіріне - жаһандануға қарқынды көше бастауына байланысты өткен дәуірлерге қарағанда, бүгінде келешектің мәселелері адам өміріне қарыштап енуде.
Жаһандану - бүкіл дүниежүзілік экономикалық, саяси және мәдени кірігу процесі, оның негізгі сипаттары каптиализмнің бүкіл әлемге жайылуы, еңбектің әлемдік тұрғыдан бөлісі, ақша, адам және өндіріс ресурстарының жер шары ауқымында көшіп-қонуы, сондай - ақ экономикалық және технологиялық процестерді стандарттау, әр түрлі елдер мәдениеттерінің жақындасуы болып табылады. Бұл тұлға өмірінің түрлі саласындағы мәселелерді терең талдап, саралай білуді талап ететін күшті фактор. Ол, алдымен, басқару ісінен бастау алады.
Қазіргі кезде ғылымда адамның іс-әрекетінің ерекше саласының бірі-басқару, басқару жұмысында ұйымдардың белгілі бір мақсаттарын шешу - ерекше зерттеу объектісі болып есептелінеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайсыз қоғамның дамуы мүмкін емес, сол күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу елімізде түрлі басқару міндеттерін шешуді қажет етеді. Қазіргі басқару туралы көптеген зерттеулер, соңғы кездері жарық көрген, әсіресе, шетелдік еңбектер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді іс жүзінде басқару мүмкіндігі күрделі мәселелерді талдауға жағдай туғызды. Барлық басқару қызметін іске асыру процесінде басқару шешімдерін қабылдайтын негізгі субъект бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді.
Мазмұнына қарай басқару әрекеті сан қырлы және адамның көп күш қуатын, уақытын алатын өте күрделі мәселе. Осыған байланысты басқару іс-әрекеттің ерекше түрі болып есептелінеді.
Басқару психологиясы ғылым ретінде қалыптасып, екі ғылыми пән – басқару теориясы мен психологияның түйісуінде дамып келеді. Басқару психологиясы ғылымында психологиялық білімдер: ұйымдастыру жүйелерінің қызмет етуі мен құрылысының ерекшеліктерін ашып көрсететін жалпы ғылыми түсініктермен ұштасқан.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай басқарушының (менеджерге) өзіне, яғни басқару субъектісі ретінде және басқару объектісі ретінде тұлғаға, топқа, сондай-ақ тұтас ұйымға көптеген талаптар жүктейді. Басшы мен оған бағыныштылар (орындаушылар) арасындағы байланыстың күрделілігі басқару іс-әрекетін бір жақты қарауға болмайтынын көрсетеді. Басқару психологиясын зерттеу «адам-адам» байланыс жүйесі бойынша түрлі деңгейдегі ықпал ету мен басқарудың диалектикалық сипатын көруге және оны практикада қолдануға жағдай жасады.
Басқаруда әлеуметтік технологияның көмегімен қоғамдағы әр түрлі мәселелерді (экономикалық, саяси, басқару, ақпараттық және тағы басқа) олардың мәніне, сипатына және көлеміне қарай шешуге болатынын әлемдік практика көрсетіп отыр.
Сұрақтар:
1. Басқару психологиясының пәніне не жатады?
2. Басқару іс- әрекетінің күрделілігін қалай түсінесіз?
3. Басқару объектісіне нелер жатады?
4. Басқару іс-әрекеті шеңберіндегі психологиялық проблемаларға нелер жатады?
5. Басқару психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысын қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1.Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.
2.Ахтаева Н.С.т.б.,Басқару психологиясы.Алматы: Бастау, 2009.
3.Науменко Е.А. Психологические основы управления. Учебное пособие. Тюмень: Вектор Букъ, 2000.
4.Майерс Д. Социальная психология. СПб.:Питер, 1998.
5.Самыгин С.И., Столяренко Л.Д. Психология управления: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: Феникс,1997.
6. Чередниченко И.П.,Тельных Н.М.Психология управления /серия «Учебники для высшей школы».-Ростов-на Дону: Феникс,2004.
