- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
11. Ұйымдағы стресс
Қазір біздің өмірімізде сөзімізге тұрақты енген, ғылыми зерттеуде кең тараған термин «стресс». Ағылшын тілінде стресс сыртқы әсердің ықпалының күшеюін білдіреді. Стрес туралы ілім аты әлемге әйгілі Канада физиологі Г.Сельенің (1907-1982) еңбегінің нәтижесінде өмірге енді. Ол стрестің әмбебап концепциясын ұсынды. Мәні бойынша стресс жағымсыз фактордың әсеріне жауап ретінде организмнің тұрақтылыққа жетуін көрсетеді. Өмірдегі түрлі ситуациялар адамға кенеттен әсер ететін психологиялық күшті арттырады. Стресс туралы ғылымды жасаудың негізгі алғы шарты адамды жағымсыз факторлардың әсерінен қорғау. Алғашында стресс ағзаның үйренбеген әсерлерге қайтаратын жауабы деп түсіндірілді. Одан ары қарай стресті зерттеу оның табиғатын (психологиялық механизмі, стрестің түрлі көріністері) одан әрі зерделеуге, стресс ауруларының дамуына бағытталды. Бұл тақырып бойынша зертеулердің молдығы ғылымда «эмоциялық немесе психологиялық стресс» терминін өмірге әкелді. Стресс тек жүйкенің - нервтің ширығуы емес, бірақ жүйкенің ширығуының өзі де стресс болып талылады. Адамда стресті тудыратын кең тараған фактор эмоциялық тітіркендіргіш. Стресс тек адамда ғана болмайды, ол жануарларда, өсімдіктерде де ұшырасады. Г.Селье күнделікті тұрмыста кездесетін стрестің екі түрін бөліп көрсетеді. Олар эустресс және дисртесс. Эустресс жағымды әсерді тудырса (шабыт, көтеріңкі көңіл, нұрлану), дистресс – (артық күш жұмсау, зақымдаушы әсерден организмнің зиян шегуі) жағымсыз әсерді тудырады.
Стрестен қашып құтылу мүмкін емес және оған тырысудың қажеті де жоқ. Әдетте ол жағымды, жағымсыз жағдайлармен байланысты туындайды. Жағымды, жағымсыз эмоциялық қозу физиологиялық стреспен қатар жүреді. Г.Сельенің гипотезасы бойынша тітіркендіргіштердің болмауы (депривация), сондай-ақ тітіркендіргіштердің шамадан тыс көптігі де стресті арттырады. Г.Селье «стрестің болмауы өліммен тең» дейді. Стрестен қашып құтылу мүмкін емес, бірақ оны басқару механизмін білу арқылы болдырмауға, жағымсыз әсерін азайтуға болады.
Г. Селье (1907-1982) «Өмірді мәнді ету үшін, біз алдымызға ұзақ мерзімге күрделі міндет қоюымыз керек. Біз қызу еңбекті талап ететін мақсатқа талпынуымыз керек. Мұндай күрделі мақсаттың болмауы - ең күшті стрестің бірі, ол асқазан жарасын, инфаркт, гипертония ауруларын тудырып, адамды өмірден қуанышсыз есінеп өтуге әкеледі» деген. Бірдей стресс әр адамға әр түрлі әсер ететінін және әр түрлі реакция тудыратынын Ганс Селье атап көрсетіп, оларды ғалым «жағдай тудыратын факторлар» деп атады. Жағдай тудыратын факторлар сыртқы және ішкі болуы мүмкін.
Негізгі стрессорлар: 1) қоршаған ортаның зиянды әсерлері (ластау, сәулеленіс, жағымсыз микроклимат); 2) әртүрлі физиологиялық үрдістердің бұзылуы; 3) ақпаратты тез өңдеуге қажает уақыттың аздығы; 4) сенімсіз-күдікті себептер; 5) тіршілікке төнетін қауіп; 6) оқшаулану; 7) қудалау; 8) мақсатсыз өмір; 9) жағдайды болжай-бағалай алмау; 10) депривация-тітіркенудің жоқтығы. Жағдай тудыратын факторлардың әсерінен дұрыс өтетін стресс кейде ауру «бейімделу ауруын» (латын тіліндегі adaptasis- бейімделу, syndrome-белгі, сырқат) тудыруы мүмкін. Көбіне эндокриндік жүйенің қатынасымен жүретін күйзелісті булығу (стрес) кезіндегі адам ағзасының қорғаныш әрекеттерінің жиынтығы. Оның алғашқы сатысы – алаңдау, елегізу, яғни ағзаның қорғаныш күштерін жинақтауы. Екінші сатысы – қарсылық арқылы қиын жағдайға бейімделу (резистенттілік). Үшінші сатысы – зорығу, титықтау. Бұл саты ұзаққа созылса, күйзеліс күйі өлімге дейін апарады.
Сонымен стрестің әсері арнайы немесе арнайы емес жауап тудыруы мүмкін. Бір тітіркендіргіштің өзі әр адамға олардың жеке ерекшеліктеріне, әр қайсысының реактивтілігін анықтайтын сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты түрліше әсер етеді. Стрестің түрлі психологиялық ерекшеліктері физиологиялық реакциялардан көрінеді. Физиологиялық реакция мен стрестің психикалық сипатының корреляциясы физиологиялық реакциялардың өзгерісінен байқалады. Стресс белгілі бір әлеуметтік әсердің нәтижесінен пайда болуы да мүмкін. Одан қорғанудың құралы әлеуметтік жаңару, адамдардың қарым-қатынасын қайта құру. Стресті тудыратын жағдайлар адамның мінез-құлқына жұмыста немесе отбасылық қарым-қатынаста әсер ететін белгілі бір талаптар мен шектеулер. Сондай-ақ стрестің себебі іштей де болуы мүмкін, яғни өз қажетін қанағаттандыра алмаудан да туады. Стресс үш фактормен сипатталады. Олар: үрейлену, қарсы тұру фазасы, азу-жүдеу фазалары. Эмоциялық сферасы тұрақты адамдар үрейлену фазасына қарсы тұрып, стрестің факторларымен күресе бастайды. Эмоциялық сферасы тұрақсыз адамдарды бірден үрей билеп, арты қорқынышқа әкеледі. Мұндай адамдарда үрей фазасынан кейін бірден күйзелу фазасы басталады.
Стрестің әсерлеріне қарсы тұру екі жолмен жүзеге асады. Алдымен эмоциялық жаттығу және күрделі жағдайларды ойын түрінде мұқият үйреніп, оқу. Мұндай жаттығу психика мен іс-әрекеттің байланысы туралы ережеге негізделеді. Адамдардың психикалық мүмкіндіктерінің қоры психикасымен байланысты эмоциялық сферасында болады. Эмоция дегеніміз адамның басқа адамдардың іс-әрекетіне, өзіне қатынасы. Эмоция негізінен адамның қажеттілігіне байланысты. Егер адамның қажеті қанағаттандырылмаса, онда жағымсыз эмоция пайда болады. Адам өмірдің жағдайларына байланысты үнемі бірінен біріне ауысып отыратын жағымды және жағымсыз эмоциялар әлемінде өмір сүреді. Жағымды эмоциялар жүйке жүйесіне әсер етіп, адам организмін сауықтырса, жағымсызы организмді бүлдіреді. Өмірде ұзақтығы мен екпініне қарай эмоция түрлі эмоциялық жағдайды тудырады. Олар: көңіл-күй, құштарлық және аффект. Көңіл-күй интенсивтілігі әлсіз, өту мерзімі ұзақ, сондай ақ алаңдауы түсініксіз жағдай. Құштарлық көңіл-күйге қарағанда күшті, терең және ұзақ эмоциялық қалып. Ол адамды алдына қойған мақсатына жетуге жұмылдырады. Құштарлық адамның жеке басының қалыптасуына жағымды әсер етуі, сонымен қатар жеке басты бұзуы да мүмкін.
Аффект - адамның ерекше, ұзақ екпінді өтетін ауыр эмоциялық күйі. Ол қысқа уақытта өтсе де, бұрқ етіп сыртқы ортада қатты байқалады. Дені сау адамдарда болатын аффект адамның жеке басының кемшілігі. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің төмендігі. Ерік жігері күшті адам мұндай ағаттық жасамайды. Кез-келген эмоция белгілі жағдайда аффект күйіне әкеледі. Жағымсыз аффективтік қалып организмді әлсіретеді. Ғылыми деректерге қарағанда аффект жыл сайын көптеген адамдардың өмірін қияды. Қазір стресті эмоциялық және ақпараттық деп екіге бөледі.
Ақпараттық стресс ақпарат материалдарының шамадан тыс көптігінен оны меңгере алмаудан туындайды. Ол көбіне өндірс және отбасы жағдайында пайда болады. Ол бір ғана күшті стрестің әсерінен ғана емес, үрейлену, өкпелеу, қатер сияқты адамның қалпына үнемі жағымсыз әсер ететін ұсақ тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды .
Мұндай жағдайда стрестің әсері адамда жоғары белсенділіктен бастап, өзімен-өзі болып тұйықталу сияқты түрлі реакция тудырады. Стресс әр адамда әр түрлі өтеді. Стресс мәселесімен айналысатын ғалымдардың пікірінше стрестің көпшілігін адам өзі тудырады және өзі жасайды. Г.Селье сізбен болған жағдайдан гөрі сіздің оны қалай қабылдайтыныңыз мәндірек екенін атаған. Ежелгі грек оқымыстысы Эпиктет «адамдар жағдайды ушықтырмайды, олардың оған қалай қарайтынына байланысты» деген.
Дж Эверли және Р.Розенфельд «Стресс, табиғат және емдеу» атты кітабында (М.,Медицина 1986) мынадай «Стрестің мифологиясын» көрсетеді.
1. Стрестің симптомы маған зиян келтірмейді». Бұл жаңсақ тұжырым деуге болады, стресс психикаға және соматикаға әсер етеді. Себебі психика мен соматика бір-бірімен тығыз байланысты.
2. Стрестен тек әлсіз адамдар ғана зардап шегеді. Шындығында шектен тыс стреске еңбексүйгіштер ұшырайды. Белгілі бір мағынада біз бәріміз де стрестің нысанасымыз.
3. Мен өмірімде кездесетін стреске жауап бермеймін, біздің кезімізде одан қашып құтылу мүмкін емес, біз оның құрбанымыз. Шындығында өз өміріміздегі стрестің көп бөлігіне өзіміз жауаптымыз. Стресс сіздің басыңызда өтіп жатқан жағдайға қалай жауап қайтаруыңызға байланысты. Мұндай стресс сіздің санасыз қалауыңыз болып табылады.
4. «Шамадан тыс стрессті мен үнемі білемін». Стресс неғұрлым күшті болса, сіз оның белгілерін сезе қоймайсыз. Ал стрестің күші одан артқанда, оның белгілерін байқамау мүмкін емес.
5. «Шамадан тыс стресті білу жеңіл» Бұл дұрыс емес. Кей адамдарда стрестің белгілері оны тудырушы жойылғанға дейін байқамайды. Мұндай жағдай адамның психикалық, физикалық қалжырауы түрінде байқалады.
6. «Барлық адамдар стреске бірдей жауап қайтарады». Бұл тұжырым дұрыс емес. Себебі әсер ететін стресс көзінің әртүрлілігі және стресс әсерінен дамитын белгілер мен аурулар әр адамда әр түрлі болады.
7. «Шамадан тыс стресті бастан кешіргенде мен тынығуым, өзіме өзім келуім керек». Бұл пікір де дұрыс емес, себебі релаксация пайдалы болғанымен адамдардың бәрі бірдей одан терең босай алмайды, сондай -ақ стрестен құтылу релаксациямен шектелмейді.
Стреспен күрестің басты шарасы психотерапия. Психотерапевттің көмегімен адам стресс жағдайында өзін дұрыс ұстауы туралы жауапкершілік алуы керек, сондай-ақ стреске өз қатысын өзгертуі қажет. Бұл үшін өзіне қандай стрессор әсер етіп тұрғанын түсіну қажет. Пациент стресті болдырмауы, оны айналып өтуі, стрестің күшін азайтуы немесе модификациялауы мүмкін. Психотерапевттік әсердің басқа түрі мінез-құлық стеориотипін саналы түрде алдын ала стрестің әсер ету деңгейін төмендетуге мүмкіндік беру. Сонымен, психотерапияны когнитивтік және аффектілік сферадағы мәселенің түп тамырына араласу деп қарастыруға болады. Бұл - стрестің көзі болып табылатын жеке тұлғаның ішкі шиеленісін шешу. Стресс адам үшін қажетті өмірлік құбылыс. Ол кездескен қиындыққа «әскери даяр болуды» және жаңа жағдайға икемделу мүмкіндігін арттырады.
Организмнің бейімделуге даярлығы оның бірнеше рет машықтануы арқылы икемделген қасиеттеріне байланысты. Қоршаған ортаға бейімделу қабілетіне қарай адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші тобын спринттер-шапшаңдар деп атайды. Олар қоршаған ортадағы күтпеген, кенеттен болатын қысқа мерзімді құбылыстарға тез және оңай бейімделеді. Екінші тобы стайерлер-шыдымдылыр организм әрекеттерін өзгерте алатын, ұзақ уақыт әсер ететін түрткілерге тиянақты және тұрақты бейімделе алатын адамдар. Адамның бейімделуінің мөлшерлік және сапалық айырмашылықтары болады. Бұлардың арасалмағы бейімделудің өлшемі болып табылады.
Стрессордың қайталануы біртіндеп стресске үйретеді. Мұнда стрессордың реакциясы әлсірейді. Яғни белгілі бір уақыт аралығында психиканың стресске төзімділігіне жүйке жүйесі жаттығады. Кейбір жағдайда стресс адам организімінің еңбекке қабілетін арттыруға жағымды әсер етуі мүмкін. Мысалы: шығармашылық жұмыстардың кейбір түрлерінде, сондай - ақ спортта белсенді мотивті және келесі жұмысқа дайындалумен байланысты тұлға эмоциялық стресс жағдайын басынан кешіреді. Адам стресстің әсеріне жауап ретінде өзінің мінез-құлқын өзгертеді және стресс көзіне өзінің күшін бағыттайды. Стрессорлық жағдайды жеңуге іштей қажетсіну түрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Олар бір жағдайда оқу және тәрбие құбылыстарын қамтитын жағымды факторлар болса, екінші жағдайда адамның жас мөлшері, дәрілік заттардың әсері, ауру сияқты жағымсыз факторлар болуы мүмкін. Стрестің әсеріне қарсы тұру кейбір қиындықтарды жеңумен байланысты болғанымен, қол жеткізуге болатын мәселе. Стресті басқаруда адам түрлі жағдайларда өзіне қойылатын талап пен мүмкіндігінің сәйкес келмеуін түсінеді. Бұл құбылысты қабылдау механизмін өзгерту стресті басқарудың күшті құралы болып табылады. Бұл контексте адамның қабылдауын үш негізде өзгертуге болады. Олар: адамға қойылатын талап, оны орындау мүмкіндігі және оны жеңе білудің мәнділігі.
Жоғарыда айтылғандай стресті басқаруда психотерапиялық және кеңес беру шараларының мәні зор. Адамға бағытталған психотерапия оның сол жағдайдағы қалпын, сондай-ақ өзін және жағдайды бағалауы мәні жағынан өзгеріске түсіреді.
Адам үшін жағдайдың мәнін өзгерту стресті саналы түрде басқарудың маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Мұнда стресті тудырушы мен оған қарсы күресуді өзгертуге талпыну және мінез-құлық реакциясын өзгерту бір - бірінен ерекшеленеді.
Стрестің адамның мінез-құлқына ұзақ әсер етуіне және екпініне байланысты оны басқару қиындай түседі. Бұл адамның стресті тудырушымен күресуге талпынысына әсер етеді. Ғалым дәрігерлер мен психологтар стресті басқару көпшілік адамның қолынан келетінін дәлелдеді. Оның бір түрі стресс тудыратын жағдайдан қашу. Оны демалыс жолымен шешуге болады. Демалыс деп - адамды стреске әкелген жағдайды ұмытатын белсенді әрекетті айтамыз. Егер адам уақытын бос өткізетін болса, стресті тудырған жағдай ойынан шықпайды. Сондықтан стреске қарсы шара ретінде демалыс кезінде балық аулаумен, суда жүзумен, орманда серуендеумен, тоқыма тоқу, сурет салу т.б. айналысу ұсынылады.
Стрестің алдын алу шараларының бірі жағымды эмоция тудыратын арнайы жаттығулар жасау. Психиканы реттейтін жаттығуларды орындау өте пайдалы. Олар: таңертеңгілік денешынықтыру, тыныс алу гимнастикасы, бетке арналған гимнастика. Кейбір авторлар стресті болдырмау үшін йогамен айналысуды ұсынады. Йоганың құндылығы адамның іштей қарсы тұруын арттырады. Сондай – ақ медитацияның мәні де зор (медитация - латынның ойлаймын деген сөзінен шыққан). Ол психиканы терең шоғырландыру қалпына бағытталған ой жұмысы. Медитация эмоциялық күйзелістен шығарып, оның реактивтілігін белгілі деңгейде төмендетеді. Адамның психикасына релаксация да әсер етеді. Ол стрессор механизміне қарсы және стрестен оның зиянды әсерінен қорғануға жағдай жасайды. Релаксация адамның ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыста шектен тыс стреске ұшырайтын адамдарға мынадай психологиялық кеңестер беріледі:
Басшылардың немесе басқа біреулердің дау-дамай туғызатын
талаптар қоюына келіспе.
Басшыға немесе қызметкерлерге жұмыс нәтижесі дұрыс
бағаланбағанда немесе шектен тыс талап қойылғанда міндетті түрде хабарла.
Басшымен жұмыстағы келеңсіздік немесе тартымсыз жұмыс
туралы ашық әңгімелес.
Өз жұмысыңда септігін тигізетін әдіс-тәсілдерді ойластыр.
Жұмысты «міндетті түрде бүгін бітіруім керек», «осы аптадан қалдырмай істеуім керек» деген бағытта жоспарла.
Басшымен сенімді қарым-қатынас орнатуға тырыс. Басшының
көптеген мәселелерді шешуі керектігін түсін, өз мәселелеріңді де түсіндіре біл.
Басшының мәртебеңді құрметтеуін, өзіңе жүктелген жұмыстың
ауыртпалығын, қолыңнан келетін тапсырманы беруін талап ет.
Егер тапсырылған жұмысты мерзімінде орындай алмасаң,
«бітіре алмаймын» деп шыныңды айт.
Сұрақтар:
1.Стресс деп нені айтамыз, ол немен байланысты?
2.Г.Селье жағдай тудыратын факторлар деп нені атаған, Стрестің өту фазалары қандай?
3. Стрестің түрлері қандай?
4. Жағымды және жағымсыз стрестердің айырмашылықтарын талдаңыз.
5. Стрестің алдын алу және оны басқарудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
6. Стреске шектен тыс ұшырайтын адамдарға қандай психологиялық кеңестер беруге болады?
Әдебиеттер
1.Китаев-Смык Л.А. Психология стреса М.: Наука,1983
2.Кокс Т. Стресс пер.с англ., М.: Медицина,1981
3.Тигранян Р.А. Стресс и его значение для орнизма М.:Наука,1988
4.Рутман Э.М. Надо ли убегать от стресса М.: Физкультура и спорт, 1990
5.Эверли Дж, Розенфельд Р. Стресс. Природа и лечение.М.: Медицина,1986
6.Грейсон Дж младший, О.Делл К. Американский менеджмент на пороге века. Пер.с англ., М.:Экономика,1991
7.Карнеги Д. Как выбрать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично Пер.с англ., М.: Прогресс,1990.
