Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Басқару психологиясының тарихы

2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы

Адамдардың іс-әрекеті белгілі бір басшылық жасап, бағыттауды қажет етеді, олай болмаса мақсатқа жету мүмкін емес. Қазіргі менеджмент теориясын зерттеушілер Мескон Х.М. Альберт М.Хедоури Ф ертедегі басқару туралы мынадай мысалдарды келтіреді. Ертедегі Шумерлер біздің э.д. III ғ. қыш құмыраларға коммерциялық сауда туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ археологиялық қазбалардан табылған заттар дәлелдегендей қазіргі тарихқа дейінгі адамдар ұйымдасқан топ болып, яғни қоғамдасып өмір сүрген. Тек адамдардың үйлескен күшінің арқасында әлем кереметтері-Египет пирамидасы, Вавилонның аспалы бағы т. б. ғажайып ескерткіштер пайда болған. Ертедегі Македония, Рим империялары кездейсоқ пайда болған кереметтер емес, тек басқарудың арқасында қалыптасып дамыған. Бұл айтылғандардан басқару мәнінің өзгермейтінін, тек оның формасы мен құрылымы ғана өзгеретінін байқаймыз. XIX ғ. бірінші жартысында Англияда басқару тәжірибесін жүйелеу басталғанымен XX ғ. дейін басқару мәселесі ғылыми зерттеудің жеке объектісі болмаған. XX ғ. басқару туралы ғылымның технико-технологиялық, биологиялық және әлеуметтік жүйеде эвалюциялық даму кезеңі болды. Басқару туралы «Экономика машин и производство» атты бірінші оқулықты ағылшынның математика профессоры, инженер, кәсіпкер Ч.Бейббиджа (1832) жазған. Әлеуметтік басқару туралы ғылымның негізін салушы әлемге әйгілі Америка өнертапқышы, инженер Ф.У. Тейлор. Ол ұсынған еңбекті ұйымдастырып, басқару қатынасын қалыптастыру жүйесі өндіріс саласында және оны басқаруда шын мәнінде «ұйымдастыру революциясын» тудырды. Ф.У.Тейлордің 1911ж. «Менеджмент немесе фабриканы басқару» атты кітабының шығуына сәйкес басқару еңбегінің негізгі принциптері анықталды. Ф.У.Тейлор еңбекті ғылыми ұйымдастырудың атасы болып саналады. Ол басқару психологиясының қалыптасып, дамуына теңдесі жоқ үлес қосып, менеджменттің классигі атанды. Ф.У.Тейлордың басқару жүйесінің негізі:

-жұмысты талдай білу, оны орындаудың сабақтастығын зерделеу;

-жұмыстың сол түрін орындай білетін жұмысшыларды іріктеу;

-жұмысшыларды оқыту, үйрету;

-әкімшіліктің жұмысшылармен ынтымақтастығы. Бұл жүйенің маңызды ерекшелігі - ол белгілі бір құралдар немесе «техника жүйесі» арқылы іске асырылды. Ф.У.Тейлордің пікірі бойынша, ол мыналарды қамтиды:

жұмыс уақытын нақты анықтау және есепке алу, осыған байланысты еңбекті нормалау;

қызметті атқаратын-жобалау, қозғалыс бойынша нормалау және жалақы туралы, құралдарды жөндеу, жоспарлы- бөлу жұмыстары бойынша дау-дамайды шешу және тәртіп туралы мамандарды іріктеу;

еңбек құралдарын, инструменттерді, жұмыс операцияларын, қозғалысты стандарттау;

жұмыс түрлерін анықтайтын, бөлетін бюро құру және ол бойынша орындаушыларды бекіту;

дифференциалдық еңбекақы төлеу;

өндіріске кеткен шығынды калькуляциялау.

Ф.У.Тейлордің де ізін қуушылар мен оппоненттері болды. Кезінде ол «нағыз инженер» деген атақ алды. Бұдан ары қарай алып металлургия комбинатының басқарушысы француз инженері А.Файоль менеджменттің бір ізді принциптер жүйесін ұсынды. Ол - менеджменттің алғашқы классиктерінің бірі. А.Файольдың Ф.У. Тейлорден ерекшелігі менеджмент принциптерін жоғары басқару эшалонында қолдануы. А.Файоль алғашқылардың бірі болып менеджмент психологиямен тығыз байланысты екенін атап көрсетті. «Менеджмент негіздері» атты кітабы классикалық шығарма болып табылады. Ол еңбек өнімділігін арттырудағы билік, басқарудың бірлігі, жеке мүддені жалпы мүддеге бағындыру, белсенділік, кәсіпорынның коорпоративтік рухы, т.б. психологиялық факторларды анықтап, еңбек өнімділігін арттыруда барлығы 14 принципті бөліп көрсеті А.Файоль өндірісті басқару сұрақтарын нақты талдай отырып, «атаққұмарлық, іштарлық, жалқаулық және адамның түрлі әлсіздіктері адамды жеке мүддені көздеп, жалпы қызығушылыққа немқұрайды қарауына әкеліп соғады. Бұл мәңгі күресті жандандырады» деген.

А. Файольдың өткен ғасырдың 20 жылдары жазған бұл сөздері қазір де өз мәнін жойған жоқ. Бұл адамдардың қызығушылығы тоқайласатын экономика, саясат саласында әмбебап сөздер. А. Файоль барлық ұстанымдардың ішінде басқару психологиясында тәртіпке ерекше мән беріп, өте мәнді деп есептеді. «Тәртіп армияның негізгі күшін құрайды. Мен бұл афоризмді сөзсіз қабылдар едім, егер ол мынадай түсіндірумен қоса берілсе, «Тәртіп - бұл басшылар неге айналдырса сол болады» бірінші афоризм сенім ұялатады, ал басшылардың мұндағы жауапкершілігі әрине жағамсыз» деген Анри Файоль басқарудың бірлігі принципіне де ерекше назар аударды. Ол бір мақсатты көздеген бір басшы, бір бағдарлама болуы керек деп есептеді. Әлеуметтік өмірде, жануарлар әлемінде екі басты дене құбыжық. Оған өмір сүру өте қиын. Қызметкерге тапсырманы бір басшы ғана беруі керек. Басшылардың бірлігі тұтас персоналдың қызметінің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз етеді. А.Файоль еңбектерінің арқасында басқару жеке ғылым болып танылып, жаңа ғылым саласы «басқару психологиясы» пайда болды. А.Файоль өз қызметінде басқарудың мынадай принциптерін басшылыққа алған: билік, тәртіп, бөлудің бірлігі, басқару бірлігі, жеке қызығушылықты жалпы қызығушылыққа бағындару, марапаттау, орталықтандыру, иерархия, реті, әділеттілік, персонал құрамының тұрақтылығы, бастамашыл, персоналдардың бірлігі.

Осылардың бәрі басқару жұмысының классикалық құрамдас бөліктері болып табылады. Сондықтан бұл басқарудың «дәстүрлі» түрі деп аталады.

Бұл мектеп қалыптастырған негізгі басқаруды ұйымдастыру құралы-инструменті мына түсініктермен белгіленеді: еңбекті ұйымдастыру және еңбек процесі, норма және нормативтер, нұсқаулықтар, жұмысты талдау, персоналды іріктеу, жұмысшыларды оқыту, жаттықтыру; төлеу және ақы төлеу жүйесі, есеп және шығынды есептеу, өнімділік және басқару принципі, басшы қызметі - функциялары, қажетті білім, іскерілік пен дағды.

Ғылымда осы «революциялық басқару мектептерімен» қатар қарапайым «практика жүзінде» эмпирикалық мектеп те қалыптасты. Олардың басқару негізіне мыналар жатады:

1) міндет пен мақсатты шешетін құралдар мен әдіс тәсілдерді табу;

2) қажетті басқару тәжрибесін жинақтау, оны бағалау;

3) өз ісінің шеберлерімен, мамандармен, басшылармен қарым-қатынас жасау арқылы іс жүзінде қажет білім, білік, дағды, іскерлікті меңгеру, «іс-әрекет үстінде оқу»;

4) белсенді еңбек әрекетінен кеткен адамдардың білімдерін кеңесші, сарапшы ретінде пайдалану. Осы басқару мектебі менеджментті оқытудың жаңа түрлерін, әдістерін нақты жағдайды талдай отырып шешім қабылдауды ісжүзіне-практикаға енгізді. Мұнда басқаруды модельдеу, іс-әрекетте және нақты жағдайды шешу процесінде білім қалыптасады.

Басқару функцияларын Анри Файоль уақыт пен қызметті негізге ала отырып, көре білу, ұйымдастыру, бөле білу, келісу, бақылаудан тұратын күрделі процесс деп қарады. Қазіргі кезде бұл сатылар мынадай үш буыннан тұратын жүйе:

1. Алдын ала басқару - (мақсатқа сүйену, болжау, жоспарлау).

2.Жедел басқару - (ұйымдастыру, үйлестіру, мотивін басқару).

3.Қорытынды басқару - (бақылау, ескеру, талдау).

Басқару психологиясында мынадай басқару қызметтері болады:

1.Жоспарлау.

2.Ұйымдастыру (басқару жұмысын реттеу).

3.Мотивация.

4.Бақылау.

Кадрлық менеджмент түрлі «адамдық» мәселелер мен міндеттерді шешетін ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық құралдардың жиынтығы.

Ұйымдастыру құралы «жұмысқа қабылдау-жұмыс-жұмыстағы өзгерістер» циклы бойынша мынадай жүйеден тұрады:

1. Жұмысқа қабылдау кезінде персоналды бағалау.

2. Қызмет үміткердің білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар мен

міндет, мақсат, құқық, жауапкершілік жүйесі ретінде.

3. Еңбек жағдайы-физикалық ортасы, күн режимі, ұжымдағы

әлеуметтік-психологиялық климат, «жұмыс- үй» байланысы т.б.

4.Еңбек процесіндегі бағалау жүйесі.

5.Компенсация, қосымша төлеу еңбекақысы.

6.Қызметтік жоғарылауы, ротация.

7.Басшылардың, мамандардың, «дала» жұмысшыларының, техникалық

және қосымша персоналдың кәсіптік біліктілігін арттыру.

8.Ауыстыру, бір жұмыстан екіншісіне өту, босату, қысқарту. Осы әр жүйенің өзінде ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық құралдар қолданылады.

Осылардың әрқайсы менеджердің адамдармен жүргізетін күрделі қызметі.

Басқару психологиясының өз синонимдері бар. Олар: «ұйым психологиясы», «ұйымдастыру психологиясы». Бұл басқару ғылымының бір бөлігі болып табылатын салыстырмалы түрде жаңа ғылым. Басқару- еңбек процесімен біріккен адамдардың жеке қарым-қатынастары байқалатын адамзат іс-әрекетінің өте күрделі салаларының бірі. Қазіргі басқаруды менеджмент, басқару, ұйымдастыру, көшбасшы (лидер) сияқты түсініктерсіз елестету қиын. Бұл түсініктердің басқару психологиясында өз орындары бар. Басқару психологиясында жеке тұлғаның, топтың, ұжымның іс-әрекетінің психологиялық аспектілері қамтылады. Басқару психологиясының негізгі мақсаты – ұйымдастыру жүйесінің тиімді жолдарын жасау. Басқарылатын объектілердің ерекшелігіне қарай басқарудың технологиялық-техникалық, биологиялық және әлеуметтік басқару түрлері бар. Әлеуметтік басқарудың саласы көп.

Сұрақтар:

  1. Басқарудың мәні мен формасы және құрылымы дегеніміз не?

  2. Басқару теориясының негізін салған кімдер?

  3. Басқарудың психологиямен байланысын қалай түсінесіз?

4. Басқарушының адамдармен жүргізетін қызметіне нелер жатады?

5. Кадрлық менеджмент дегеніміз не?

6.«Атаққұмарлық, іштарлық, жалқаулық және адамның түрлі әлсіздіктері адамды жеке мүддені көздеп, жалпы қызығушылыққа немқұрайды қарауына әкеліп соғады. Бұл мәңгі күресті жандандырады» деген түсініктің мәнін өз қызметіңіздегі немесе өзіңіз білетін жағдайларға байланысты талдап көріңіз.

Әдебиеттер

1. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.

2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. Пер. с английского М.Дело, 1992

3. Тейлор Ф.У. Менеджмент. Пер. с английского М., Контроллинг,1992.

4. Файоль А. Общее и промышленное управление.Пер. с французск М.,Контроллинг,1992.

5. Ладанов В. Практический менеджмент. Часть1-ш. М.: Ника,1992.