Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.5. Басқарудағы ерік жігер

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестердің түрін сезім деп атайды. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама-қарсы, полярлық сапалар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі-олардың актив(қажырлы) және пассив(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынандай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамнаң мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды.

Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.

Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б.осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінді. Бұлар – белсенді әрекетке азды-көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл-күй, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.

Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоцияладың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады.

Эмоциялардың бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қаты көрінетін эмоцияның түрі.

Құмарлық – адамның ой әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Кейде өзіңе өзің риза болмай қажып, бәрін де тастап, көз көріп, құлақ есрімейтін жерге кетіп қалатындай көңіл күй туатын кездер бар. Бірақ адам алдына қойған мақсатына жету үшін осындай күйзеліске апраған жағдайларды ойша саралап, жұмысын қайта бастайтын кездері жиі кездеседі. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т.б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.

Ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі өнімінің бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.

Орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді. И. М. Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек…». Адамның кез келген қимылдарының тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.

Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды.

Ерік сапалары:

а). Тоқтамға келгіштік

Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.

ә). Табандылық

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі.

б).Ұстамдылық

Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.

в).тәртіптілік пен жинақылық

Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті.

г).Ерлік

Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.

Сұрақтар:

1. Сезім дегеніміз не және басқару жұмысында оны білудің мәні неде?

2. Сезімнің сапасын көрсететін ерекшеліктер қандай?

3. Эмоцияның қандай түрлері бар?

4. Ерік дегеніміз не?

5. Ерік сапалары қандай?

Әдебиеттер

1. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.

2.Құнанбаев А. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1968. -Б.123-216.

3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов н/Д.Изд-во «Феникс», 1996.-736 с.

4.Чередниченко И. П., Тельных Н. В. Психология управления / Серия «Учебники для высшей школы». - Ростов-на-Дону: Феникс, 2004.

5. Немов Р.С. Общая психология: Краткий курс.-СПб.:Питер, 2006.

6. Ахтаева Н.С.Басқару психологиясы.Алматы: Бастау, 2009.