Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_yymdastyru_psikhologiasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.

Басшыларды іріктеу, кадрлық резервті қалыптастыру сұрақтарын шешуде, басшы тұлғасының ұйымдастырушылық қабілеті және ұйымдастыруға бағытталу деңгейі үлкен көмек көрсетеді. Басшының осы көрсетілген қасиеттері оның тұлғалық белгілі бір психологиялық қасиеттерін бағалау негізінде сарапталады.

Сабақтың мақсаты: басшы тұлғасының психологиялық қасиеттерін сараптап бағалау әдісімен танысып, оны жүргізуді меңгеру.

Эксперттік бағалау бланкісінде басшы тұлғасының 9 психологиялық қасиеті көрсетілген, оның әрқайсысы іс – әрекетте жеті түрлі белгімен көрінеді.

1. Анықтылық - түрлі іс-әрекеттегі қызығулардың құрылымын ашып, талдайды.

2. Саналаушылық - ұйымдардың іс-әрекетінің мақсатын саналау.

3. Мақсатқа бағытталушылық –ұйым іс-әрекеттерінің мотивтері.

4. Таңдамалылық - ұжымдардың психологиялық ерекшеліктерін терең және толық көре алу қабілеті.

5. Тактикалылық - өзара қарым-қатынастың ең жақсы формасын таба алу қабілеті.

6. Әрекет етушілік - адамдарды өзіне еліктіре алу, олардың іс-әрекетін белсендендіру, эмоционалды ерік-жігерлік әсер етудің ең жақсы тәсілін таба алу және оларды дұрыс қолдана алу қабілеттігі.

7.Талап етушілік - нақты басқарушылық жағдайға қатысты талап етушілік қабілеттігі.

8.Сынаушылық - іс-әрекет үшін маңызды тиісті нормадан ауытқушылықты байқай алу қабілеті.

9. Жауапкершілік - өз іс-әрекетінің және ұжым іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қабілеттілігі.

Жұмыс тәртібі: Психолог-зерттеуші эксперт тобын анықтайды. Топ еңбек (оқу) ұжымы немесе оның жеке өкілдері болуы мүмкін. Эксперт тобы бағаланатын басшыны және оның іс-әрекетін жақсы білулері керек. Эксперт тобының бірыңғайлығын сақтау қажет. (Эксперт – бағынушылар, эксперттер –бағаланатын ранг бойынша тең басшылар, эксперттер – неғұрлым жоғары рангтегі басшылар). Зерттеу нақты жағдайға байланысты жүргізіледі (не аудиторияға эсперттерді жинаумен, немесе психолог-зерттеуші әрбір экспертпен жеке кездесіп жүргізеді).

Эксперттік бағалау 5-баллдық шкала бойынша бағаланады: төменгі бағалау -1; жоғары -5. Эксперттік бағалау анонимді жүргізіледі.

Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау. Эксперттер жұмысын бітіргеннен кейін, психолог-зерттеуші эксперттік бағалау бланкісінде әрбір 9 қасиет бойынша балл суммасын есептеп алып, алынған нәтижені жалпыланған эксперттік бағалау кестесіне түсіру керек.

Тәжірибені жүргізу хаттамасы

Зерттелінетін басшы ________________ күні_________

Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін жалпы сараптамалық бағалау.

Эксперт

БТЭБ бағалау, баллдарының суммасы

∑

Орташа балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

.

.

.

n

∑

Орташа балл

1.Әрбір эксперттің барлық тоғыз көрсеткіш бойынша қойған балдарының жиынтығы;

2. Әрбір эксперт жұмысының нәтижесі бойынша БТЭБ орташа балы;

3.Барлық эксперт қойған әрбір тоғыз көрсеткіштің балдық жиынтығы;

4.Барлық эксперттер жұмысының нәтижесі бойынша 9 көрсеткіштің орташа балы;

5. Барлық эксперттер жұмысының нәтижесі бойынша БТЭБ жалпы балдық сомасы;

6.Барлық эксперттер жұмысының нәтижесі бойынша БТЭБ жалпы орташа балы.

Егер нәтижелерді өңдеу барысында басқаларға қарағанда максималды және минималды эксперттік бағалау шықса, онда сол эксперт жұмысының нәтижесін алып тастау керек. Эксперттік бағалаудағы үлкен вариативтілік, эксперттік топтың бірыңғай еместігін, эксперттер құзырлылығынның деңгейінің әр түрлілігін көрсетеді.

БТЭБ жалпы орташа балл басшы санасының деңгейі бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Баға, балл

Сипаты

<21

Басшы функциясын орындауда жарамсыз

21-27

Төменгі деңгей

28-36

Орташа деңгей

>36

Жоғары деңгей

Қорытындыда басшының кәсіби, тиімді қолдануы және оның тұлғалық индивидуалды-психологиялық қасиеттерін дамыту ретінде де ұсыныстар беру керек.

Басшы тұлғасының психологиялық қасиеттерін сараптамалық бағалау парағы.

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

1.1

Басшы іс-әрекетіне қызығушылығын тудырады

1.2

Ұйымдастырушылық іс-әрекетіне өзінше, дербес қосылады

1.3

Ұжымның (топтың) іс-әрекетін жоспарлауға қызығушылық тудырады

1.4

Басшының ұйымдастырушылық іс-әрекетіне қызығушылық тудырады

1.5

Ұжымдағы (топтағы) өзара қарым - қатынасты реттеуге қызығушылық көрсетеді

1.6

Ұжым (топ) мүшелерінің іс-әрекеттеріне стимул жасауға қызығушылық тудырады

1.7

Ұжым (топ) мүшелерінің іс-әрекеттерін бағалауға қызығушылығын көрсетеді.

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

2.1

Ең бастысы –бұл нәтиже және еңбек сапасы деп санайды

2.2

Басшы ұжым (топ) іс-әрекетінің нәтижесіне жауапты деп санайды

2.3

Тәртіпті сақтау қажет деп санайды

2.4

Жұмыста, ұйымдастырушылықта тәрбиелік аспектілер маңызды деп санайды

2.5

Басшы ұжым (топ) мүшелері ынталы және дербес жұмыс істеуі мендетті деп санайды

2.6

Қатынас формальды сипатта болмау керек деп санайды

2.7

Басшы еңбегі ұжым (топ) үшін маңызды деп санайды

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

3.1

Жалпы іске жоғары пайда әкелуге ұмтылады

3.2

Әлеуметтік мойындауды алуға ұмтылады

3.3

Өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерін неғұрлым толық ашуға ұмтылады

3.4

Ұжым (топ ) тарапынан претензиялар болмайтындай жұмыс жасауға ұмтылады

3.5

Өзінің міндеттерін ынтала және жауапкершілікпен орындауға ұмтылады

3.6

Өзінің ұйымдастырушылық жұмысынан қанағат алуға ұмтылады

3.7

Ұжыммен (топпен) позитивті өзара қарым қатынасқа ұмтылады

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

4.1

Адамдарға нақты мінездеме беруге қабілетті

4.2

Басқа адамдардың ерекшелігін және күйін жылдам бағалауға қабілетті

4.3

Өзін басқа адамның басынан кешірген ситуацияға қоя алуға қабілетті

4.4

Басқа адамдардың мінезінің ерекшеліктерін талдауға қабілетті

4.5

Басқаларды басынан кешіруге және сезінуге қабілетті

4.6

Өзінің жолдастарына көңіл аударуға және қызығушылық тудыруға қабілетті

4.7

Өзара қарым қатынаста бағдарлануға қабілетті

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

5.1

Өзара қарым қатынаста дұрыс дауыс ырғағын табуға қабілетті

5.2

Адамдарға индивидуалды жол табуға қабілетті

5.3

Көмекке келеді

5.4

Түрлі жағдайларда, түрлі адаммен ортақ тіл таба алады

5.5

Дұрыс бағалауға қабілетті

5.6

Адамдармен шынайы қарым - қатынас жасауға қабілетті

5.7

Адамдармен сыпайы қарым қатынас жасауға қабілетті

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

6.1

Көзін жеткізгенше әсер етуге қабілетті

6.2

Ерік жігерлі әсер етуге қабілетті

6.3

Эмоционалды әсер етуге қабілетті

6.4

Өзіндік тәжірибесімен (әрекетімен) әсер етуге қабілетті

6.5

Жұмыстың жемістілігіне сенімділікті тудыруға қабілетті

6.6

Ұжымды (топты) әрекетке (жұмысқа) сөзбен жұмылдыруға қабілетті

6.7

Әсер етуге қолайлы сәттерді табуға қабілетті

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

7.1

Батыл талаптарды көрсете алады

7.2

Талап қоюда дербес болуға қабілетті

7.3

Талаптарды қоюға икемді

7.4

Тұрақты талаптар қояды

7.5

Үнемі талаптар қойып отырады

7.6

Талаптарды түрлі формада қоя алады (қалжыңмен, бұйрықпен)

7.7

Талапқа орай міндетті іс - шараны анықтай алады

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

8.1

Басқа адамдардың бағалауына дербестік білдіруге қабілетті

8.2

Берілген сынға бірбеткейлік және батылдық көрсетуге қабілетті, бірақ байланысушысыз (қазымырлықсыз)

8.3

Мейіріммен және жақсы тілеумен сын айтуға қабілетті

8.4

Сыни ескертулерді қисындық және аргументті түрде айтуға қабілетті

8.5

Сыни ескертулерде тереңдікті және табиғилықты көрсетуге қабілетті

8.6

Адамдардың мінезін және әрекетін нақты ажыратуға қабілетті

8.7

Өзінің мінезін бағалауға, өзі өзі сынауға қабілетті

Орташа балл:

Белгілер номері

Белгілер мазмұны

Бағалау балл

9.1

Өзінің сәтсіздіктерін және сәттіліктерін объективті бағалауға қабілетті

9.2

Барлық күшін жұмсап жұмыс жасауға қабілетті

9.3

Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге қабілетті

9.4

Жұмысқа деген қызығушылықтарын жеке қызығушылықтарынан жоғары қоюға қабілетті

9.5

Ұжымдағы қателіктен ең алдымен жетекші ретінде өзінің жеке қателіктерін көруге қабілетті

9.6

Өзінің шешімдеріндегі қателікті мойындауға қабілетті

9.7

Кез келген жұмысты жауапкершілікпен атқаруға қабілетті

Орташа балл: