Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n27

51 жастағы ер кісі келесі шағымдармен емханаға қабылдауға келді: мардымсыз қақырық тастайтын жөтел, қалыпты жағдайда да мазалай бастаған ентігу, күш қуатының күрт кемуі, әлсіздік. Суықтаудан кейін қызба 3 аптаға созылған соң зерттелуге бел буған.

Аускультацияда оң өкпенің жоғары бөлігінде везикулалық тыныстың әлсіреуі анықталды (қалыптыда оң жоғарғы бронх қысқа және кеңірек болғандықтан бұл аймақта бронхтық тыныс естіледі).

Шұғыл жасалған қан анализінде: эр. 4,1х1012/л, Нв 112 г/л, лейк. 3,8х109/л. ЭТЖ 40 мм/сағ.

  1. Болжам диагнозын нақтаңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Жетекші синдромдары.

N27. Жауаптары:

1. Оң жоғары бөліктік бронхтың рагі?.

2. Толық клиникалық зерттеулер; бронхоскопия, биопсиялық материалдарды алумен; томография; іш қуысы органдарының удз.

3. Жетекші синдромдары: жөтел (бронх өткізгіштігінің бұзылуы?), астениялық, анемиялық, қабынулық, тш. Бейімдеуші факторлардан: ер кісі, 50 жастан асқан.

Клиникалық жағдай N28

63 жастағы ер кiсi, кардиологиялық бөлiмге миокард инфарктiмен түстi, бiр апта iшiнде науқастың жүрек тұсындағы ауырсынуы басылды, жүрек шамасыздығының белгiлерi жойылды. ЭКГ: ырғағы синусты, жүректiң электр өсi горизонталь, III, aVF тiркемелерiнде терең, кеңiген Q, терiс Т тiсшесi.

Анамнезiнен 20 жыл бойы аяқтарының тромбофлебитiмен ауыратыны анықталды. Клиникадағы 17 күнi, таңертеңгiлiк жуыну кезiнде, науқаста кенет қатаң ентiгу, кеуде сарайының ауырсынуы, айқын цианоз, жабысқақ суық тер пайда болды.

Об-тi: жалпы жағдайы ауыр, аузымен ауа қармайды, тұншыға бастады. Мойын веналары томпайған, өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 40 мин. Жүрек тондары әлсiзденген, ЖСС 140 минутына, өкпе артериясының үстiнде II тонның акцентi. АҚ анықталмады, пульсi өте әлсiз.

ЭКГ: II, III тiркемелерде биiк Р тiсшесi пайда болды; I, aVL, V5, V6 тiркемелерiнде терең S; V1-V3 тiркемелерiнде терiс Т тiсшесi тiркелдi.

  1. Негiзгi синдромдарын жазыңыз; ЭКГ шешiңiз.

  2. Болжам диагнозы.

  3. Шұғыл жәрдем, тактикаңыз.

N28. Жауаптары:

1. Ең жетекші симптомы – тұншығу ұстамасы. Жетекші синдромдары: өкпе артериясының тромбтық бітелуі; миокардтың ишемиялық некрозы; веналардың варрикозды зақымдану; ТШ; ЖШ; оң қарыншаға күш түсу. ЭКГ: ұстамаға дейінгісінде – миокард некрозының белгілері; ұстама басталғанда – оң қарыншаға күш түсу белгілері анық.

2. Нег. Ауруы: жиа. Миокардтың iрi ошақты инфарктi, артқы-диафрагмалық қабырғасында орналасқан, жеделдеу кезеңi.

Конк. ауруы: Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

Фондық ауруы: Варрикозды ауру. Аяқ веналарының варрикозды кеңеюi, тромбофлебитi.

Асқ.: ТШIII. Жедел өкпе тектi жүрек.

3. Өкпе артериясының тромбоэмболиясындағы шұғыл көмек: өкпе перфузиясын қалыптастыру және тромбоэмболияның қайталануының алдын алу үшін антикоагулянтты ем тікелей антикоагулянттармен (гепарин немесе төменмолекулалық гепариндермен) жүргізіледі (дозасын АЧТВ 1,5-2,5 есе артқанша көтереді); орталық венаның катетеризациясы арқылы инфузиялық енгізулер; мұрын катетері арқылы оттегі ингаляциясы; хирургиялық араласу сұрақтарын хирург кеңесі арқылы шешу және осыған байланысты жолдайтын аурухананы таңдау.

Клиникалық жағдай N29

58 жастағы әйел кiсi емханаға мына шағымдармен келдi: екi айдан берi мазалайтын жалпы әлсiздiк, тез шаршағыштық, құрғақ жөтел.

Анамнезiнен: емхана дәрiгерi “жедел пневмония” диагнозын қойып, амбулаториялық ем жүргiзген, рентгендiк тексеру тағайындамаған. Мұнан соң да науқас дәрiгерге үш рет дене қызуының 38,50С көтерiлуiне, ентiгуiне, кеуде сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуына, несеп бөлуiнiң бұзылуына шағынып, қаралған. Гинеколог УДЗ аналық безі құрылымында аралық перделерінің айқындалғанын байқаған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Салыстырмалы перкуссияда сол өкпенің төменгi бөлiгiнде өкпе дыбысы тұйықталған. Тұйық дыбыс аймағының үстінен тыныс естiлмейдi. Жүрек тондары айқын, ырғақты. Ішінің перкуссиясында бос сұйықтық анықталды.

Қан анализiнде: ЭТЖ 50 мм/сағ., лейкоциттері 12,5х109/л, эритроциттері 3х1012/л.

Қақырық анализiнде БК табылған жоқ.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында сол жақта 6 қабырғадан төмен интенсивтi, гомогендi, жоғарғы сызығы қиғаш жоғарылайтын көлеңке бар.

  1. Синдромдарын жазыңыз.

  2. Емхана дәрiгерiнiң, гинекологтың тактикасын бағалаңыз.

  3. Болжам диагнозы. Плевра қуысына жиналатын сұйықтық ерекшеліктерінің клиникалық маңызын зерттеңіз.

N29. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]