Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

1. Жетекші синдромдары: бронх өткізгіштігінің бұзылыс, келесі ерекшеліктермен: бала кезінен дамыған, қақырық мөлшері көп, қан қақырумен асқынған; қызба; бейспецификалық қабыну.

2. Негізгі ауруы: Бронхоэктаздық ауруы, орта ауырлықтағы, өршу фазасы.

Асқ.: Қан қақыру.

3. Шұғыл госпитализация, торакальді хирургия бөлімі бар ауруханаға.

Клиникалық жағдай N21

42 жастағы инженер әйел, қабылдауға келесі шағымдармен келді: мардымсыз қақырықты жөтел, аз ғана физикалық күшке ентігу, кеуде сарайының ауырсынуы, кеш мезгілінде дене қызуының 37,80С көтерiлуi, тершеңдік, жалпы әлсіздік.

Суықтаумен байланыстырып, өзін 5 айдай науқас санайды. Алғашында құрғақ жөтел, дел-салдық, дене қызуының 38,50С көтерiлуi болған. Емханада 3 апта бойына пневмониядан емдеген, нәтижесі болмағандықтан стационарға жатқызылған. Ол жерде процестің созылыңқылығын есепке алып, преднизолон тағайындаған, жағдайы біршама жақсарған, жөтелі жойылған, жұмысына түскен. Бірақ соңғы екі аптаның көлемінде жағдайы төмендеп, қабылдауға қайта келген.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, диффузды цианоз. Ұлғайған, өлшемдері 1,0-1,5 см, қатты эластикалық консистенциялы, қоршаған тіндермен жабыспаған, ауырмайтын, мойын, жақасты, қолтықасты лимфа түйіндері пальпацияланды. Оң құлақ айналасы сілекей безі үлкейген, ауырады. Өкпе үстінен екі жағынан да қатаңдау везикулалық тыныс негізінде құрғақ және майда көпіршікті ылғалды сырылдар естілді, тыныс жиілігі 28 мин. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты ЖСС 96 мин., тахикардия. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры мен талағы үлкеймеген.

Қан анализінде: ЭТЖ 25 мм сын. бағ.

Рентгендік тексеруде: өкпе суреті екі жағында да күшейген, негізінен жоғарғы, орта аймақтарында орналасқан ошақты көлеңкелер бар, бронх-өкпелік, паратрахеалық лимфа түйіндері ұлғайған.

1. Жетекші синдромдары.

2. Болжам диагнозы.

3. Мамандарға кеңеске жіберіңіз.

N21. Жауаптары:

1. Өкпенің шашыраңқы, диффузды торлы-түйінді диссеминациясы, лимфаденопатия, тш, қызба, қабынулық.

2. Негізгі ауруы: Өкпенің, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің, оң құлақ айналасы сілекей безінің саркоидозы, белсенді фазасы, созылыңқы барысты. Асқ.: тшіі.

3. Ревматолог, онколог.

Клиникалық жағдай N22

1 жас 7 айлық қыз бала І жүктіліктен, анасында токсикоз, анемия болған. Босануы мерзімінде, ұрық аяқтарымен келген, массасы 3500г, бойы – 51см. Екі ай ғана емген, 6 айлығында отырған, 12 айында жүрген. Балалар инфекцияларымен ауырмаған.

БЦЖ-М босану үйінде алған, тыртығы 3мм. Манту сынамалары 2 рет: 4мм; 15мм. Бөбектің 3 айлығында анасында инфильтрациялық туберкулез, БК+ анықталған, есепке алынып, химиопрофилактикалық 1 курс алған.

Об-ті: жалпы жағдай қанағаттанарлық, салмағы 11300г, бойы 81см. Дене қызуы 36,70С. Тері жамылғалары таза, қуқыл, периорбитальді цианоз. Перифериялық лимфаденопатия. Өкпе үстінде пуэрильді (puer – бала; балаға тән везикулалық тыныс түрі) тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауыруы жоқ. Бауыры қабырға доғасынан 1см шығыңқы. Талағы қабырға доғасында.

Қосымша тексерулерден, ҚЖА: Нв 108г/л, Эр. 3,1х1012/л, лейк. 8,4х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ.

НЖА патология жоқ. Манту сынамасы 13мм.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің 8 сегментінде шектері анық емес, біркелкі емес, орташа интенсивті, кальций тұздарының шөгінділері бар, ошақты көлеңке анықталды. Осындай сипатты ошақты көлеңке 2 сегментте де анықталды. Өкпе түбірлері екі жақты трахеобронхтық және бронх-өкпелік лимфатүйіндердің есебінен кеңейген.

  1. Клиникалық синдромдары, дертінен күдіктендіретін жетекші белгілерді бөліңіз.

  2. Зерттеу тактикасын таңдаңыз.

  3. Дертінің нәтижелерін болжаңыз.

N22. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]