Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n7

37 жастағы ер кісі қабылдауға келді. Науқасты жүрек тұсының қысып ауруы, физикалық күш түскендегі ентiгу мен жүректiң шалыс соғуы мазалайды. Мезгiл-мезгiл басы айналады, қысқа мерзiмге есiнен танады.

Анамнезiнен: алғашқы шағымдары 2 жыл бұрын төс артының сығып ауруынан басталған, стенокардия диагнозы қойылып, нитраттар берiлген, бiрақ жағдайы жақсармаған. Соңғы қаралғанда миокард инфарктінен күдiк туып, стационарға жiберiлген, онда инфаркт дәлелденбеген. Науқастың бауыры кенет өлімнен қайтқан.

Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғыларының түсi қалыпты. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиілігі минутына 18 рет. ЖҰТ V қабырға аралықта, сол бұғана орта сызығымен, қос түрткілі, сол жүрекше жиырылуы сезіледі. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң оң, жоғарғысы қалыпты, сол шегi сол бұғана орта сызығында. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында‚ әсіресе, төстің сол қырымен III-IV қ/а айқын, кеш систолалық шу, қолтық астына өткізіледі, мойын тамырларына өткізілмейді. АҚ 125/80 мм сын. бағ. Пульс саны 74 минутына, секірмелі, түртпелі.

ЭКГ: ритм синусты, R тісшесінің вольтажі I, aVL жоғары, V1,3,4 қарыншалық кешен QS типті.

  1. Науқастың төсегінің қасында диагноз қоюға мүмкіндік беретін триаданы табыңыз. Тағы қандай мәлімет маңызды?

  2. Синкопэ механизмі.

  3. Клиникалық диагнозы.

N7. Жауаптары:

1. - секірмелі, түртпелі пульс;

- жүрек ұшында және төстің сол қырымен III-IV қ/а естілетін айқын, кеш систолалық шу;

- сол жүрекше жиырылуының сезілуі.

Триададан бөлек анамнезінде туған ағайынының кенет өлімге ұшырауы маңызды.

2. Сол қарынша ішілік обструкцияға байланысты (ЭхоКГ мәліметтерін оқыңыз. Практическая кардиология. В.В.Горбачев, 1997, Минск. 133-134б., БДҰ эксперттерімен қабылданған), физикалық күштемеде қажеттілік артады, бірақ жүректің лақтыру көлемі азаяды.

3. Нег. Ауруы: Гипертрофиялық кардиомиопатия, обструкциялық варианты.

Асқ.: Синдромдық стенокардия. Синкопэ. ЖШФКI.

Клиникалық жағдай n8

44 жастағы ер кісі емханаға мына шағымдармен келдi: төс артының сығып ауыруы, бас айналуы, естен жиi танулар. Соңғы рет естен тануы шаңғы айдап жүргенде, бiр апта бұрын болған. Төс артының ұстамалы ауыруы екi ай бұрын пайда болған, емделмеген.

Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қуқыл. ЖҰТ жайылыңқы‚ биiк, VI қ/а, алдыңғы қолтық асты сызығында орналасқан. Төстiң оң жағында II қабырға аралықта систолалық дiрiл сипалады. Перкуссияда жүректің шала тұйық дыбысының шектерi солға, төмендеп ығысқан. Тыңдағанда жүрек тондары ырғақты, аорта үстiнде II тон әлсiреген, дөрекi систолалық шу, мойын тамырларына, жүректiң аймағына тарайды. Пульсі минутына 60 рет, АҚ 100/60 мм сын. бағ.

ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы мен шамадан тыс систолалық күш түсуiнiң белгiлерi.

Сфигмограммада: анакротаның да, катакротаның да толқыны төмен, баяу, дикротасы анық емес.

  1. Жетекші синдромдарды негiздеңiз.

  2. Тексеру жоспарындағы шешуші тәсіл? Оның қандай мәліметтері ауруды дәлелдейді?

  3. Диагнозы.

  4. Дамуы мүмкін асқынулары.

N8. Жауаптары:

1. Жетекші синдромдар: прекардиаль аймағының ауырсынуы; синкопе; кардиомегалия, аорталық конфигурациямен; қақпақтық ақау.

2. ЭхоКГ, оның келесі мәліметтері маңызды: аорта жармаларының қозғалысының шектелуі, олардың толық ашылмауы; сағасының және қабырғасының тарылуы мен деформациясы; аортаның өрлеме

бөлігінің дилятациясы; сол қарынша миокардының біркелкі гипертрофиясы. Стеноздың үш дәрежесін айырады: жеңіл (тесік аумағы>1,2-2,0 см2 ); орташа (0,75-1,2 см2); ауыр стеноз (<0,75 см2).

3. Негізгі ауруы: Менкеберг “ақауы” (изоляцияланған “әктенген” қолқалық стеноз). Асқ.: Синдромды стенокардия. Синкопэ. ЖШФКI.

4. Дамуы мүмкін асқынулары: егде кісілерде инфаркт дамуына дейін ұласатын коронарлық шамасыздық; өткізгіштік бұзылыстары (Гис шоғырының сол аяғының толық блогі, толық АВБ); синкопе; кеш сатыларында жүрекшелер фибрилляциясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]