Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n25

27 жастағы әйелде екі апта бұрын әлсіздік, тершеңдік, субфебрильді қызу, ентігу, кеуде сарайының сол бөлігінің ауырсынуы пайда болған. ЖРА диагнозымен нәтижесіз емделген. Ентігуі күшейе түскен, дене қызуы 39,00С жоғарылаған, кеуде сарайындағы ауырсыну шамалы кеміген.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары ылғалды, қалыпты түсті. Тыныс актінен кеуде сарайының сол бөлігі қалыңқы, сол жағында ІV қабырғадан төмен өкпе дыбысы тұйықталған, осы аймақ үстінен тыныс естілмейді. Іш қуысының органдары өзгеріссіз.

ҚЖА: эр. 4,2х1012/л, Нв 140г/л, лейк. 12,0х109/л. Л/формула: т/я 2%, с/я 80%, лимф. 12%. ЭТЖ 38 мм/сағ.

Қақырықта МБ табылмады.

  1. Болжам диагнозын нақтаңыз, аурудың этиологиясын болжаңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз (жетекші синдромдарын дәлелдейтін).

  3. Дифференциялық диагноз алгоритмін жүргізіңіз.

N25. Жауаптары:

1. Экссудатты плеврит, сол жақты, туберкулезді этиологиялы?

2. Келесі зерттеулер маңызды:

: плевра пункциясы – экссудаттың клеткалық құрамы лимфоциттік, белогі 30г/л артық болса, диагноздық тұжырым туберкулез пайдасына шешіледі;

: туберкулиндік сынамалары жоғары сезімталдықты көрсетеді;

: экссудат эвакуациясынан кейінгі рентгентомографиялар;

3. ДД бейспецификалық плевритпен жүргізіледі, туберкулездік этиология пайдасына келесі мәліметтер куәлендіреді: дерттің бірте-бірте өрбуі; туберкулездік интоксикация белгілері; жас шағы, бейспецификалық емнің нәтижесіздігі; гемограмма ерекшеліктері.

Клиникалық жағдай N26

40 жастағы ер кісіде емханада клиникалық-лабораториялық тексеру жүргізу барысында оң өкпенің үшінші сегментінде ортасында айлақ (бухтаобразный) тәріздес ыдырауы бар, өлшемдер 3,5см дөңгелек құрылым анықталды, қоршаған тіні өзгермеген. Ол келесі шағымдармен келген: ұзақ уақыттық, діңкені құртатын қылғынып жөтелу, соңғы уақыттары қан жолақтарының пайда болуы, дене салмағының кемуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Өкпе үстінен везикулалық тыныс, бірлі-екілі құрғақ сырылдар естілді. Жүрек тондары анық, ырғақты, пульсі 80 мин. АҚ 140/90 мм сын. бағ.

Қан анализінен: Нв 97 г/л, эр. 3,6х1012/л, лейк. 5,2х109/л. ЭТЖ 44 мм/сағ.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Дифференциялық диагноз алгоритмін жазыңыз.

  4. Кеңес беретін мамандарды анықтаңыз, емдік шаралармен танысыңыз.

N26. Жауаптары:

1. Өкпенің ыдырай бастаған рагі?; деструкциялық пневмония?; ыдырауы басталған туберкулема?; аспергиллема?.

2. Шешуші зерттеулерге фибробронхоскопия биопсиямен және БАЛ (бронхальвеолалық лаваж), КТ, туберкулиндік сынама жатады.

3. Қолда бар мәліметтерінен: ұзақ уақыттық, құрғақ, қырнап жөтелу; қан қақыру; астениялық синдром; І дәрежелі анемия; ЭТЖ өте жоғарылауы; ортасында айлақ тәріздес ыдырауы бар дөңгелек құрылым – бұлар, біріншілік ыдырауы басталған біріншілік қуыстық ісіктен күдіктендіреді.

4. Онколог кеңесі, шұғыл радикальді операция жүргізілуі керек (өкпенің жоғарғы бөлігінің резекциясы, региондық лимфа түйіндерінің ревизиясымен).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]