Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

1. Лимфаденопатия, өкпе тінінің тығыздалу синдромы, анемия, эпид анамнезінің қолайсыздығы. Күдікті аурулар: біріншілік туберкулездік кешен, сегменттік пневмония, Фридлендер пневмониясы.

2. Анамнезіндегі анасының жүктілік кезіндегі токсикозы, анемиясы; туберкулезбен ауруы – фтизиатр кеңесін бірінші кезекте жүргізуге міндеттейді.

3. Кальцинаттарының толық сорылуы; кальцинация; өкпе фиброзы; лимфа түйіндерінің орнында туберкулема. Клиникалық жағдай n23

11 жастағы қыз балада дене қызуы 38,60С көтеріліп, жұтынғанда тамағында ауырсыну пайда болды. Емхана дәрігері науқастанудың екінші тәулігінде паратонзиллярлы абсцесс диагнозымен ауруханаға жіберді.

Анамнезінен: 1 жасқа дейін қыз балаға АДС-М анатоксинімен екі рет алдын алу егу шаралары жүргізілген. Онан соң эписиндром болуына байланысты егуге медициналық карсы көрсетпе болған.

Қабылдау бөлімінде қарау: об-ті: жалпы жағдайы ауыр, сылбыр, адинамиялы, қуқыл жүзді. Дауысы қарлыққан, аузынан жүрек лоблытатын иіс шығады. Тері жамылғылары таза. Мойын клетчаткасының ІІ мойын қатпарына дейін ісінуі бар. Аңқасы қабара қызарған, бадамша бездері ортаңғы сызыққа дейін түйісе ісінген және ісіну доғалары мен жұмсақ таңдайға дейін тараған. Екі жағында да бадамша бездерінде сұрғылт, тығыз қабыршақ бар, ол таңдайы мен жұтқыншақтың артқы қабырғасына тараған. Жүрек тондары әлсіздеу, пульсі қанағаттанарлық толу мен кернеулі. Іші жұмсақ, ауырсыну жоқ, бауыры мен талағы пальпацияланбайды. Несеп мөлшері азайған.

Қосымша зерттеулерден.

ҚЖА: Нв 120 г/л, эр. 3,5х1012/л, лейк. 12,0х109/л. Лейкоформуласы – т/я 10%, с/я 60%, лимф. 27%, мон. 3%. ЭТЖ 15 мм/сағ.

НЖА: түсі сабан сары, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,033г/л, глюкоза жоқ, лейк. 2-3 к/а, эритр. бірлі-екілі к/а.

  1. Ауыз-жұтқыншақтағы тығыз ісіну генезін айтыңыз, мойын клетчаткасының ісіну патогенезін түсініңіз

  2. Болжам диагнозын қойыңыз, педиатрдың диагнозын талдаңыз

  3. Диурезінің азаю генезін анализдеңіз

  4. Кеңеске мамандар шақырыңыз, тактикаңыз?

N23. Жауаптары:

1. Кілегей қабаттарының сілемейі дифтерияның қоздырғыштары үшін тағамдық орта болып табылады, көбейе келе олар экзотоксин бөледі, ол эпителийдің беткей некрозына ұласады, нәтижесінде токсиндік субстанциялар тіндерге ене түседі де, тамырлардың параличін шақырады, фибриногенге бай экссудат тіндер бетіне шығады, некрозалған тіннің бөлетін тромбокиназасы фибриногенді фибринге айналдырады, осылай фибриндік қабық түзіледі – күлдің тән белгісі. Ауыз-жұтқыншақтық кілегей қабатының эпителийі көп қабатты болғандықтан, онда түзілген қабық оңайлықпен сылынбайды. Бір қабатты эпителийі бар (трахея, көмей) органдарда түзілген қабықтар оіай сылынады. Мойын клетчаткасының ісінуі токсиннің тіндерге терең ене алуынан дамиды.

2. Ауыз жұтқыншағының дифтериясы. Токсиндік түрі, ІІ дәр. Емхана дәрігерінің диагнозы дұрыс емес, науқасты изоляциялап, ағымдық және қорытында дезинфекция жасалуы керек еді.

3. Диурездің азаюы – ИТШ дәлелі.

4. Қабылдау бөлімінде науқас изоляторға бөлектеліп, инфекционист, педиатр, кардиолог, нефролог, реаниматолог шаұырылады. Дифтерия дәлелденген соң, жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады.

Клиникалық жағдай N24

57 жастағы ер кісі қабылдауға келесі шағымдармен келді: қақырықты жөтел, қақырықта қан жолақтары көрінген, ішке тыныс алғанда кеуде сарайының оң жартысының ауыруы, аса тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 37,40С жоғарылауы.

Анамнезінен: 10 жыл бұрын ошақты туберкулезбен ауырып, емделіп, есептен шығарылған.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары қалыпты түсті. Өкпе үстінде қатаң везикулалық тыныс, жауырын аралықтарында жөтелуден кейін естілетін бірлі-екілі құрғақ және ылғалды сырылдар.

ҚЖА: эр. 4,8х1012/л, Нв 142 г/л, лейк. 9,2х109/л. Лейкоформула: т/я 2%, с/я 78%, лимф. 12%, мон. 8%. ЭТЖ 25 мм/сағ.

Бактериоскопия тәсілімен қақырықта МБ анықталмады.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз (жетекші синдромдарын дәлелдейтін).

  3. Дифференциялық диагноз алгоритмін жазыңыз.

  4. Кеңеске мамандар шақырыңыз.

N24. Жауаптары:

1. Өкпенің диссеминацияланған туберкулезі?

2. Қақырықтың, несептің туберкулез МБ анализі (себу тәсілімен), ЛОР кеңесі, өкпе МРТ, туберкулиндік сынамалар, бронхоскопия.

3. Процестің туберкулездік екендігін келесі белгілер дәлелдейді: анамнезі, клиникалық симптомдардың айқын болмауы, екі өкпедегі полиморфты ошақтардың болуы; қан анализдеріндегі мардымсыз өзгерістер.

4. Фтизиатр кеңесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]