Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n7

Қыз баланың 11 айлығынан бастап бауырының ұлғайғанын байқаған, инфекциялық аурулар іздестіріліп, дәледенбеген. Тағы 3-4 айдан соң іші біртіндеп ұлғая бастаған.

Емханада қызды консилиуммен қабылдау шешілді. ЖДП дәрігері амбулаториялық картасымен баяндады.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары шамалы сарғайған, ішінің тері асты веналары кеңіген. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 100 мин., АҚ80/50 мм сын. бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші үлкен, перкуссияда бос сұйықтық дәлелденді, бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, шеті сүйір, ауырады.

УДЗ кешенінің нәтижелерінен: порталық венаның диаметрі кеңіген, бауырдың өлшемдері ұлғайғанмен, құрылымында порталық гипертензия шақыратындай өзгерістер жоқ. Талағы шамалы ұлғайған. Ангиогепатографияда бауыр венасының блогі анықталған.

Қанның анализдерінде қабынулық белгілер анықталмады.

1. Жетекші синдромдары.

2. Болжам диагнозды құрыңыз.

3. ЖДП тактикасы.

N7. Жауаптары:

1. Дамудың тума ақауы – бауыр венасының тарылуы?, окклюзиясы?; порталық гипертензия (асцитпен асқынған).

2. Бадд-Киари ауруы (бауыр веналарының немесе төменгі қуыс венасының окклюзиясы).

3. Педиатр, гепатолог, хирург мамандарымен консилиум, операциялық ем сұрақтарын шешу.

Клиникалық жағдай N8

57 жастағы ер кісі ішінің біртіндеп үлкейгеніне, қазір аяқтарының да ісіне бастағанына шағымданып келді.

Анамнезінен: 3 жыл бұрын асқазан рагін онкологияда кешенді емдеген, есепте тұрады.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, қуқыл тартқан, аяқтарында шамалы ісіну бар. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек шектері мен тондары өзгермеген, ЖСС 80 мин. АҚ 130/80 мм сын. бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші үлкен, перкуссияда бос сұйықтық анықталды, талағы ұлғаймаған.

1. Жетекші синдромдары.

2. Күдіктенген нозобірліктер.

3. Кеңесі қажетті мамандармен консилиум.

N8.Жауаптары:

1. Диффузды ісіну, оның ішінде асцит; анамнезіндегі онкопроцесс (асқазан ісігінің емі). Күдіктенетін нонзобірліктер: Стюарт-Брас синдромы, іш пердесінің карциноматозы, Мейгс синдромы, бауырдың біріншілік рагі.

2. Стюарт-Брас синдромы (венаокклюзиялық процесс), себебі – сәулелік ем.

3. Онколог, гепатолог, тамырлар хирургі.

Клиникалық жағдай N9

50 жастағы әйел кісі соңғы 2-3 айда ішінің тез ұлғайып, шамалы ауырсынудың, субфебрильді қызбаның пайда болғандығын баяндады. Гепатологтар, инфекционист мамандары зерттеулер жүргізіп, бауыр патологиясын жоққа шығарған.

Об-ті: жалпы жағдай орта ауырлықта, тері жамылғылары қалыпты. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 80 мин. АҚ 130/80 мм сын. бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші үлкен, перкуссияда бос сұйықтық, пальпацияда жайылма, шамалы ауырсыну бар.

Парацентез жасалып, анализ жүргізілді: сұйықтық геморрагиялық, цитологиялық зерттеуде обыр клеткаларының қабаттары.

  1. Жетекші синдромдары. Күдіктенген нозобірліктер.

  2. Кеңесі қажетті маман.

N9. Жауаптары:

1. Асцит. Іш пердесінің мезотелиомасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]