- •Клиникалық жағдай n4
- •Клиникалық жағдай n6
- •2. Стационарлық ем көрсетілген: жүйелі гкс, ипратропиум бромиді, ингаляция әр 4-6 сағатта, натрий кромогликаты; о2-ауалық қоспаны 2-3л/сағ., маска арқылы немесе мұрын катетері арқылы.
- •3. Пикфлоуметрия көмегімен тшшж қадағалатып (монитор) үйрету; бета-стимуляторлар; қабынуға қарсы ем; игкс, астма-мектебіне қатыстыру; едш (лфк); физиоем; шынықтыру; жүзуге қатысу. Клиникалық жағдай n7
- •2. Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар: асфиксия; қарыншалар фибрилляциясы; ми ісінуі. Басқа асқынулары: пневмония, ми қыртысы зақымдануларының қалдық көріністері.
- •5. Бұл жағдайда – обструкциялық тыныс шамасыздығы дамиды. 4 жастағы сәбилерге арналған эндотрахеалық түтіктің диаметрі – 4,5-5,5 мм. Клиникалық жағдай n8
- •2. Пульмонолог кеңесі. Стационарлық ем қажет.
- •3. Диспансерлеу пневмонияның созылыңқы барысында аса қажет: 4 аптадан соң рентгендік бақылау жүргізіледі.
- •2. Болжам диагннозы: Нег. Ауруы: Лобарлы пневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған, сол өкпенің төменгі бөлігінің, жедел барысты. Жедел кеңеске пульмонолог керек.
- •N15. Жауаптары:
- •1. Диагнозын қойыңыз.
- •2. Бронхтық обструкциясының даму механизмдерiн көрсетiңiз.
- •3. Науқасқа келесi iс-шаралар қажет:
- •N18. Жауаптары:
- •1. Нег. Ауруы: Атопиялық бронхтық астма (пенициллин қатарына гиперсезімталдық), орта ауырлық ағымды, ұстама кезеңi.
- •Клиникалық жағдай n19
- •1. Жетекші синдромдары: бронх өткізгіштігінің бұзылыс, келесі ерекшеліктермен: бала кезінен дамыған, қақырық мөлшері көп, қан қақырумен асқынған; қызба; бейспецификалық қабыну.
- •2. Негізгі ауруы: Бронхоэктаздық ауруы, орта ауырлықтағы, өршу фазасы.
- •3. Шұғыл госпитализация, торакальді хирургия бөлімі бар ауруханаға.
- •1. Өкпенің шашыраңқы, диффузды торлы-түйінді диссеминациясы, лимфаденопатия, тш, қызба, қабынулық.
- •2. Негізгі ауруы: Өкпенің, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің, оң құлақ айналасы сілекей безінің саркоидозы, белсенді фазасы, созылыңқы барысты. Асқ.: тшіі.
- •3. Ревматолог, онколог.
- •1. Лимфаденопатия, өкпе тінінің тығыздалу синдромы, анемия, эпид анамнезінің қолайсыздығы. Күдікті аурулар: біріншілік туберкулездік кешен, сегменттік пневмония, Фридлендер пневмониясы.
- •2. Анамнезіндегі анасының жүктілік кезіндегі токсикозы, анемиясы; туберкулезбен ауруы – фтизиатр кеңесін бірінші кезекте жүргізуге міндеттейді.
- •3. Кальцинаттарының толық сорылуы; кальцинация; өкпе фиброзы; лимфа түйіндерінің орнында туберкулема. Клиникалық жағдай n23
- •Клиникалық жағдай n25
- •1. Экссудатты плеврит, сол жақты, туберкулезді этиологиялы?
- •2. Келесі зерттеулер маңызды:
- •Клиникалық жағдай n27
- •1. Оң жоғары бөліктік бронхтың рагі?.
- •2. Толық клиникалық зерттеулер; бронхоскопия, биопсиялық материалдарды алумен; томография; іш қуысы органдарының удз.
- •3. Жетекші синдромдары: жөтел (бронх өткізгіштігінің бұзылуы?), астениялық, анемиялық, қабынулық, тш. Бейімдеуші факторлардан: ер кісі, 50 жастан асқан.
- •2. Нег. Ауруы: жиа. Миокардтың iрi ошақты инфарктi, артқы-диафрагмалық қабырғасында орналасқан, жеделдеу кезеңi.
- •1. Жетекші симптомы – құрғақ жөтел. Жетекші синдромдары: қабынулық; қызба; аналық безінің зақымдалуы (онкологиялық?); плевра қуысына сұйықтық жиналу, асцит.
- •3. Негізгі ауруы: Аналық безінің рагі?.
- •1. Плевра қуысына сұйықтық жиналу, қызба, қабынулық, тш, жш.
- •2. Торакальді хирург, фтизиатр, пульмонолог.
- •Клиникалық жағдай n33
- •1. Негізгі симптомдары: тұншығу ұстамасының пароксизмі, құрғақ жөтел, ентігу.
- •2. Негізгі ауруы: Оң жақты спонтанды пневмоторакс.
- •3. Кеңеске қажет мамандар: пульмонолог, торакальді хирург, кардиолог.
- •2. Нег. Ауруы: Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы. Дуоден-гастер-ззофагтік рефлюкс, рефлюкс гастрит, рефлюкс эзофагит, III дәрежесі.
- •3. Гастроэнтеролог, хирург. Клиникалық жағдай n36
- •2. Тексеру жоспарына клиникалық зерттеу кешенімен бірге экг; спирография; онколог кеңесін қосу керек.
- •3. Жөтел мен ентігудің арнайы емі қажет емес, нр ассоцияцияланған гастрит пен рефлюксті емдеу арқылы бұл симптомдардан құтыламыз. Клиникалық жағдай n37
- •3. Клиникалық кешендік зерттеуде рентгендік тексерулердің диагноздық мәні жоғары: жалпы шолу рентгенораммасы мен кт. Онкологиялық орталықта емделеді. Клиникалық жағдай n38
- •2. Шешуші зерттеулер қатарына кт, бал жатады. Онкологиялық диспансерде, көрсетпелеріне байланысты онкологиялық зерттеу институттарында тексерулер мен ем тағайындалады. Клиникалық жағдай n39
- •2. Невролог пен психолог. Клиникалық жағдай n40
- •1. Көмейінің аллергиялық ісінуі (Квинке ісінуі).
- •2. Пульмонолог және онколог. Клиникалық жағдай n43
- •2. Тиреоидты гормондық статусын (ттг, fт4, атг, атп) анықтау; эндокринолог, онколог кеңестері. Клиникалық жағдай n44
- •2. Реаниматолог, пульмонолог, хирург қатысуымен консилиум, д-димерлерге шұғыл анализ, рентгендік тексеруін динамикада бақылау.
- •2. Онколог кеңесі. Клиникалық жағдай n2
- •2. Ревматолог, онколог. Клиникалық жағдай n3
- •2. Емхана хирургінде емделеді. Клиникалық жағдай n4
- •2. Зерттеулерден шешушілері: қан анализі лейкоформуламен (лимфопения тән); фтизиатр кеңесі. Ем фтизиатрлармен іске асырылады.
- •2. Ревматолог, онколог. Клиникалық жағдай n6
- •2. Негізгі ауруы: Өкпенің, кеуде ішілік және перифериялық лимфа түйіндерінің, оң құлақ айналасы сілекей безінің саркоидозы, белсенді фазасы, созылыңқы барысты.
- •3. Ревматолог, онколог. Клиникалық жағдай n7
- •2. Негізгі ауруы: жқж, жеделдеу барысты, “көбелек феномені”, терінің трофикалық өзгерістері, люпус-миокардит, қызба, лимфоаденопатия, артралгия, миалгия, капиллярит, оң жақты құрғақ плеврит.
- •3. Ревматолог кеңесі, барысы жедел болғандықтан, иммунсупрессиялық емді таңдау мақсатындар ревматология бөлімі бар ауруханаға жолдау міндетті. Клиникалық жағдай n9
- •1. Миелопролиферациялық синдром (гиперплазиялық), лимфаденопатия, некроз-сепсистік, геморрагиялық, қызба.
- •2. Нег. Ауруы: Жедел миелобласты лейкоз, бірінші белсенді клиникалық-гематологиялық сатысы (жайылма сатысы).
- •3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем шұғыл түрде, гематологиялық бөлімдерге.
- •1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, лимфаденопатия, некроз-сепсистік, геморрагиялық, қызба.
- •2. Нег. Ауруы: Жедел лимфобластты лейкоз, бірінші белсенді клиникалық-гематологиялық сатысы (жайылма сатысы).
- •3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем шұғыл түрде, гематологиялық бөлімдерге.
- •1. Миелопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, қызба.
- •2. Нег. Ауруы: Нег. Ауруы: Созылмалы миелолейкоз, миелопролиферациялық акселерация фазасы.
- •3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге. Клиникалық жағдай n13
- •1. Төмендегiлердiң дұрысын таңдаңыз:
- •2. Төмендегi медикаменттiк емнiң дұрысын таңдаңыз:
- •3. Миелолейкозға тән цитохимиялық реакция:
- •1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, анемиялық, қызба.
- •2. Нег. Ауруы: Созылмалы лимфолейкоз, жайылма сатысы.
- •3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге.
- •1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, гепатоспленомегалия, сарғаю, аг, анемиялық (гемолиздік), сарғаю, қызба.
- •2. Нег. Ауруы: Созылмалы лимфолейкоз, жайылма сатысы.
- •3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге.
- •1. Лимфаденопатия, қызба, цитолиз, гепатомегалия, полимиалгия, полиартралгия, миокардтың зақымдану синдромы.
- •2. Токсоплазмоз.
- •3. Инфекционистке емге жіберу.
- •Клиникалық жағдай n1
- •1. Болжам диагнозын анықтаңыз.
- •1. Болжам диагнозы:
- •2. Нег. Ауруы: Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдроммен.
- •3. Бса (хбп) 1-3 сатыларында бүйрек биопсиясын жасау мақсатында порталмен сәйкес орталықтарға немесе стационарға жолданады.
- •2. Нег. Ауруы: Бүйрек амилоидозы, нефротикалық синдромды сатысы. Талақ, бауыр, жүрек зақымдануымен (амилоидозымен).
- •3. Бса (хбп) сатысына байланысты жоспарлы немесе шұғыл госпитализация сұрағы шешіледі. Бса хаттамасына сәйкес тексерулер жүргізіледі.
- •1. Полисерозит (асцит, құрғақ плеврит), миокардит, терілік синдром (трофикалық өзгерістермен), полиартралгия, полимиалгия, васкулит, лимфоаденопатия, қызба.
- •3. Ревматолог кеңесін алып, стационарлық ем такикасын шешу. Клиникалық жағдай n6
- •Клиникалық жағдай n7
- •1. Дамудың тума ақауы – бауыр венасының тарылуы?, окклюзиясы?; порталық гипертензия (асцитпен асқынған).
- •2. Бадд-Киари ауруы (бауыр веналарының немесе төменгі қуыс венасының окклюзиясы).
- •3. Педиатр, гепатолог, хирург мамандарымен консилиум, операциялық ем сұрақтарын шешу.
- •2. Стюарт-Брас синдромы (венаокклюзиялық процесс), себебі – сәулелік ем.
- •3. Онколог, гепатолог, тамырлар хирургі.
- •1. Асцит. Іш пердесінің мезотелиомасы.
- •1. Осы ауруға тән триаданы (Бэктің үш белгiсiн) бөлiңiз:
- •2. Келесі нозобірлік туралы ойлауға болады:
- •3. Ем тактикасы:
- •2. Онколог.
- •1. Барлық тыңдау нүктелерінде протодиастолада тіркелетін қосымша тонның даму механизмі – перикардтық болғандықтан перикардотон аталады, констрикциялық перикардитке тән белгі.
- •3. Бектің триадасы:
- •4. Негізгі ауруы: Констрикциялық перикардит.
- •1. Туберкулездік эпиданамнез, асцит, қызба, ішінің жайылма ауырсынуы. Туберкулездік перитонит.
- •2. Фтизиатр.
- •1. Бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпе ауалылығының арту және мозаикалы кему, гепатомегалия, өг, кардиомегалия (парциальді – оң қарынша ұлғаюымен)
- •2. Негізгі ауруы: Созылмалы обструкциялық-іріңді бронхит, орта ауырлықтағы, өршу фазасында.
- •1. Күдікті аурулардан болжам диагнозын таңдаңыз:
- •2. Гипопротеинемияның механизмін таңдаңыз:
- •3. Ең қажетті тексерулерді таңдаңыз.
- •Қысқа мезеттік естен танулар (синкопе) Клиникалық жағдай n1
- •2. Вазодепрессиялық синкопе. Клиникалық жағдай n2
- •2. Ортостаздық синдром (синкопе). Клиникалық жағдай n3
- •1. Науқастың естен танулары рефлекстің келесі түріне байланысты:
- •2. Нәтижелі емдік шараны таңдаңыз, осы сұрақты шешетін мамандар:
- •1. Болжам диагнозы.
- •2. Науқастың қысқа уақыттық естен тануының механизмін анықтаңыз:
- •1. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі. Асқ: Синкопе.
- •Клиникалық жағдай n5
- •Клиникалық жағдай n6
- •Клиникалық жағдай n7
- •3. Нег. Ауруы: Гипертрофиялық кардиомиопатия, обструкциялық варианты.
- •Клиникалық жағдай n8
- •Клиникалық жағдай n9
- •2. Ұқсас механизмдермен синкопелер құрсақ қуысында орналасқан аяғы бар ісіктерде де дамуы мүмкін. Клиникалық жағдай n 10
- •2. Науқасты горизонталь қалыпқа жатқызу - асциттік сұйықтықты және қуықтан көп мөлшердегі зәрді шығарғандағы ең дұрыс емдік және профилактикалық шара саналады. Клиникалық жағдай n11
- •2. Өңеш арқылы ЭхоКг тәсілі сол жүрекшедегі 1-3 мм түзілімдерді де визуализациялауға мүмкіндік береді.
- •Клиникалық жағдай n13
- •3. Невролог, психолог кеңесі, ұстама кезінде амитриптилин тб 0,025 ішкізу. Клиникалық жағдай n14
- •Клиникалық жағдай n15
- •Клиникалық жағдай n16
- •Клиникалық жағдай n17
- •2. Болжам диагнозы:
- •1. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы; тш, жш, синкопе.
- •2. Экссудатты плеврит, оң жақты. Асқ: Синкопе.
- •Клиникалық жағдай n20
- •1. Нег. Ауруы: жиа. Миокардтың жедел инфаркті, сол қарыншаның артқы қабырғасының, аса өткiр кезеңi.
- •2. Жұдырықпен бір рет соққы. Анальгезия наркотиктермен, нла; атропин; о2 ем; антикоагулянттық және ырғақ бұзылысының алды алу емі.
- •3. Жедел жәрдем дәрігерлері міндетті түрде кардиология бөліміне тасымалдау керек еді.
- •Қолданылған әдебиет
2. Пульмонолог кеңесі. Стационарлық ем қажет.
3. Диспансерлеу пневмонияның созылыңқы барысында аса қажет: 4 аптадан соң рентгендік бақылау жүргізіледі.
Клиникалық жағдай N10
42 жастағы науқастың шағымдары: кілегейлі іріңді қақырықпен жөтел, кеуде сарайының сол бөлігінің ауырсынуы, дене қызуының 380С көтерілуі.
Анамнезінен: бір күн бұрын қатты суықтаудан кейін, оншақты сағаттан соң, кенет қатты қалтырау мен дене қызуының 390С көтерілуі, кеуде сарайының шаншып ауыруы пайда болған, қатаң әлсіздік мазалаған. Науқас емханаға ауруы басталғаннан 18 сағатта келіп отыр.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, ауыз айналасында ұшықтар бар. Кеуде сарайының сол бөлігі тыныс актінен қалыңқы. Салыстырмалы перкуссияда сол жауырынынан төмен өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда везикулалық тыныс, аталған ошақ үстінде өте әлсіз везикулалық тыныс негізінде көптеген крепитациялар естілді, тыныс жиілігі 32 мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 115 мин. АҚ 90/60 мм сын. бағ.
Қанның анализінде: ЭТЖ 28 мм/сағ., лейк. 13х109/л, нейтрофильдердің токсинді түйіршіктілігі басым. Фибриногені 5,6 г/л.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: сол өкпенің төменгі бөлігінің контурлары айқын емес инфильтраты.
Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз.
Диагнозын болжаңыз. Кеңеске шақыратын мамандарыңыз.
Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) сұрақтарын шешіңіз.
N10. Жауаптары:
1. Негізгі симптомдары кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының жоғарылауымен, кеуде сарайының сол бөлігінің ауырсынуымен қабаттаса басталған. Жетекші синдромдары: өкпенің бөліктік тығыздалу, ТШ, қызба, интоксикация, бейспецификалық қабыну. Бұларға қоса, ауыз айналасының ұшықтары бар, бұл – пневмонияның критерийлерінің бірі.
2. Болжам диагннозы: Нег. Ауруы: Лобарлы пневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған, сол өкпенің төменгі бөлігінің, жедел барысты. Жедел кеңеске пульмонолог керек.
3. Стационарлық ем міндетті, пульмонология бөліміне. Көрсетпелері Н-Т-036-пневмония ДЕХ нақты тұжырымдалған: солардың ішінен біздің науқасымызда – тыныс жиілігі 32 мин (30 жиі); өкпе тінінің тығыздалу синдромы тез үдеген.
Клиникалық жағдай N11
44 жастағы науқасты жедел жәрдем бригадасы клиниканың қабылдау бөліміне ауыр күйде жеткізді.
Әйелінің айтуынан: 2 күн бұрын жұмысында қатты салқындаған, ертеңіне қалтырау, бас ауруы, ентігу, кеуде сарайының оң бөлігінің ауыруы, құрғақ жөтел, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi пайда болған; ауырсыну жөтел мен тыныс алуда күшейген. Үйінде бар дәрмектерді қабылдаған, дәрігерге бармаған. Екінші күні құсу, психикалық қозу дамыған, жедел жәрдем шақырған. Науқас ауруы басталғаннан 22 сағатта клиникаға түсіп отыр.
Об-ті: тері жамылғылары қуқыл, салқын, айқын ентігу бар, дене қызуы 35,50С, АҚ 70/40 мм сын. бағ., пульсі 115 мин., өте әлсіз, қылдай. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖСС 115 мин. Өкпенің төменгі бөліктерінде өкпе дыбысы тұйық, өте әлсіз, естілер-естілмес везикулалық тыныс, бірлі-екілі крепитациялар мен плевраның үйкеліс шуы естілді.
Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына көңіл бөліңіз.
Аурухананың сәйкес бөліміне жатқызу тактикасын шешіңіз. Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз. Шұғыл тексерулер жүргізіңіз, күдікті аурулар тізіміндегі қауіпті ауруларды дәлелдеу немесе жоққа шығару критерийлеріне тоқтаңыз (дифференциялық диагнозы).
N11. Жауаптары:
1. Негізгі симптомдары жөтел, артериялық гипотензия (шок). Жетекші синдромдары: өкпенің тығыздалу, интоксикациялық, фебрильді қызба, инфекциялық-токсиндік шок, плевраның зақымдану. Күдікті аурулардан бірінші кезекте: ауруханадан тыс лобарлы пневмония – себебі келесі диагноздық критерийлер бар: дерттің жедел, қалтырау мен қызбадан және кеуде сарайының жөтел мен тыныс алуда күшейетін ауырсынуынан басталуы; бірінші тәуліктің аяғына қарай өкпе тінінің тығыздалуының қалыптасуы; плевраның құрғақ плеврит тәрізді зақымдануы және өте жоғары қызба; сонымен қатар ауруының шокпен асқынуы. Екінші кезекте плевриттен күдіктенуге болар еді, бірақ, плевритте өкпе тіні тығыздалмайды және бірінші тәулікте шок дамымайды. Асқынуы – инфекциялық-токсиндік шок, Альговер индексі – 1,6.
Нег. ауруы: Плевропневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған, қос өкпенің төменгі бөліктерінің, жедел барысты.
Асқ.: Инфекциялық-токсиндік шок.
2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде өту керек, яғни мұндай жағдайдағы науқас реанимация бөліміне шұғыл госпитализацияланады. Консилиумге реаниматолог, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, рентгенолог қатысу керек. Тексерулердің барлығы науқас төсегінің қасында ұйымдастырылады. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы, АҚ мен пульс және диурез мониторингі.
Клиникалық жағдай N12
36 жастағы науқас, слесарь, клиниканың қабылдау бөліміне келесі шағымдармен түсті: аз мөлшерлі кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi, кеуде сарайының оң бөлігінің тыныспен байланысты ауыруы, ентігу, жалпы әлсіздік.
Ауру тарихынан: өзін 8 күннен бері науқас санайды, суықтаудан кейін басы мен бұлшық еттерінің ауыруы дамыған, дене қызуы 37,80С болған. Дәрігерге қаралған, тұмау диагнозы қойылған, екі күннен соң мұрын бітуі, тамағының жыбырлауы, төс артының тырнап ашуы, құрғақ жөтел дамыған. Төртінші күні дене қызуы 38,20С көтерiліп, кеуде сарайының оң жағында тыныспен байланысты ауырсыну пайда болып, жалпы әлсіздік күшейіп, жағдайы ауырлаған. ЖДП дәрігері ошақты пневмония диагнозын қойып, сульфодиметоксин және амоксициллин тағайындаған. Осы емге қарамастан жағдайы төмендей түскен: қалтырау, тершеңдік, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуі, бас ауруы қосылған.
Науқас клиникаға ауруы басталғаннан 8 тәуліктен соң келіп түсті.
Өмір тарихынан: күніне 1,5 қораптан темекі тартады, спирттік ішімдіктерді көп ішеді, шаңдақ, қызуы ауытқымалы жерде жұмыс істейді.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, шамалы диффузды цианоз, тыныс жиілігі 28 мин., кеуде сарайының оң бөлігі тыныс актінен қалыңқы. Кеуде сарайының оң бөлігінің артқы жағынан және орта бөлік проекциясында дауыс дірілінің күшеюі, перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, аускультацияда сол аймақ үстінде везикулалық тыныстың әлсіреуі мен үнді, ылғалды сырылдар және өкпе алаңдарының барлығында құрғақ сырылдар анықталды. Жалпы өкпе үстінде везикулалық тынысы әлсіздеу, тыныс шығару фазасы ұзарған. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты, тахикардия, ЖСС 106 мин.
Науқасты объективті қарап жатқанда жөтелдің ұстамасы мазалап, артынша 150 мл жағымсыз иісті іріңді қақырық бөлінді.
Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына көңіл бөліңіз. Оның дамуының мүмкін себептерін атаңыз: алкогольні көп қолдану, аурауының басында қорғалмаған антибиотиктерді қолдану.
Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз. Шұғыл тексерулер жүргізіңіз.
N12. Жауаптары:
1. Негізгі симптомдары жөтел, алдында құрғақ, емге берілмеген, соңынан бір мезгілде ұстамалы жөтелмен көп мөлшердегі қақырықтың бөлінуі – өкпенің деструкциялық ауруларына тән. Жетекші синдромдары: өкпенің тығыздалу, өкпеде қуыс түзілу; қызба; бронх өткізгіштігінің бұзылу; тыныс шамасыздығы, бейспецификалық қабыну. Болжам диагнозы:
Нег. ауруы: Ошақты пневмония, ауруханадан тыс, этиологиясы анықталмаған, оң өкпенің ортаңғы бөлігінің, жедел барысты.
Асқ.: Өкпе абсцесі. ТШI.
Фондық ауруы: Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхиттік варианты, категория А, өршу фазасында.
2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде өту керек, яғни мұндай жағдайдағы науқас реанимация бөліміне шұғыл жеткізіледі, торакальді бөлімге маман кеңесімен алғашқы сағаттарда ауыстырылады. Консилиумге торакальді хирург, реаниматолог, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, рентгенолог қатысу керек. Тексерулердің барлығы науқас төсегінің қасында ұйымдастырылады. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы.
Клиникалық жағдай N13
20 жастағы жігіт, терапиялық бөлімге келесі шағымдармен келді: қалтырау, дене қызуының 400С дейiн көтерiлуi, бас ауыруы, іріңді қақырықты, ұстамалы жөтел, қалыпты күйдегі ентігу, тәбетінің жойылуы.
Үш күн бұрын науқастың тісін жұлған, келесі күні қалтырау, дене қызуының 380С дейiн көтерiлуiне байланысты стоматологке қайта барған, оксациллин тағайындалған, оны дене қызуының қалыптасқанына дейін екі-ақ күн алған. Емді тоқтатқан соң-ақ дене қызуы қайта көтерiлiп, басы ауырып, іріңді қақырықты ұстамалы жөтел, ентігу дамыған. Науқас стационарға ауруы басталғаннан 3 тәуліктің соңында түсті.
Об-ті: түскен кездегі жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғыларының қатаң қуқылдығы, еріндерінің цианозы бар. Қарағанда кеуде сарайының оң жартысы тыныстан қалыңқы, тыныс жиілігі 40 мин. Перкуссияда оң өкпенің жоғары, орта бөліктерінің үстінде өкпе дыбысының қысқаруы, тыңдағанда әлсіз везикулалық тыныс негізінде үнді, майда көпіршікті ылғалды сырылдар анықталды. Жүрек шектері қалыпты, тондары айқын, ЖСС 110 минутына. АҚ 100/60 мм сын. бағ.
Кеуде сарайы органдарының тікелей проекциядағы жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің жоғары, ортаңғы бөліктеріндегі гомогенді емес ошақтардың фонында көптеген жұқа қабырғалы қуыстар анықталды.
Қан анализінде: лейк. 18х109/л, эоз. 1%, метамиелоциттер 2%, т/я 14%, с/я 67%, лимф. 14%, мон. 2%, ЭТЖ 47 мм/сағ.
Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына көңіл бөліңіз.
Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз. Аурухананың қай бөліміне жатқызу тактикасын шешіңіз. Антибактериялық ем таңдаңыз.
N13. Жауаптары:
1. Негізгі симптомдары жөтел, алдында бактериемия эпизодына себеп болған операция, қақырықтың бірден іріңді болып бөлінуі, гектикалық қызба, оксациллиннің көмек ете бастауы – келесі синдромдардан күдіктендіреді: өкпенің тығыздалу синдромы (стафилококтік этиологиялы); қызба; бейспецификалық қабыну.
Нег. ауруы: Өкпенің стафилококтік буллезді пневмониясы, оң өкпенің жоғарғы, ортаңғы бөліктеріндегі, жедел барысты. Асқ.: ТШIII.
2. Шұғыл консилиум реанимация бөлімінде өту керек, яғни мұндай жағдайдағы науқас реанимация бөліміне шұғыл госпитализацияланады. Консилиумге торакальді хирург, реаниматолог, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, рентгенолог қатысу керек. Тексерулердің барлығы науқас төсегінің қасында ұйымдастырылады. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы. Ем соңынан пульмонология бөлімінде жалғастырылады. Этиологиялық ем пенициллиназаға тұрақты, қорғалған антибиотиктерден таңдалады, олар: амоксиклав, уназин, қорғалған цефалоспориндер мен соңында, яғни алдыңғы антибиотиктер нәтижесіз болғанда – респирациялық фторхинолондар.
Клиникалық жағдай N14
53 жастағы ер кiсi аурухананың қабылдау бөліміне келесi шағымдармен түстi: көкiрек сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуы, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi, қалтырау, тәулiгiне 300 мл дейiн iрiңдi қақырық тастап жөтелу.
Сұрастырғанда 2 апта бұрын су температурасы 120С өзенге шомылғаны, бiр күн өткен соң кеуде сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуы, дене қызуының 390С дейiн көтерiлуi, қалтырау, оған қоса ерiндерiне ұшық шыққаны анықталды.
Емханада жедел респирациялық ауруды, сонан соң пневмонияны емдеген. Қақырық мөлшері соңғы 3 тәулікте артқан. Анамнезiнде – алкогольдi жиi қолдану, ішінің жиі өтуі бар. Ауруы басталғаннан 12 тәулікте түсті.
Объективтi: жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозғылт, мойын аймақтарында саңырауқұлақшалық зақымданулар, қол, аяқ бастарының гиперпигментациясы бар. Тыныс жиiлiгi 29 минутына, кеуде сарайының оң бөлiгi тыныс актiнен қалулы, жауырын ұшынан төмен перкуссиялық дыбыс қысқарған, әлсiреген везикулалық тыныс негiзiнде үндi, түрлі калибрлі көпiршiктi ылғалды сырылдар естілді. Жүрек тондары әлсізденген, ырғақты. Пульсi минутына 100, ырғақты, АҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, шамалы ауырсынады, Де-Жарден нүктесінде де ауырсыну бар.
Қан анализiнде: эритр. 3,3х1012/л, гемогл. 121 г/л, түстік көрсеткіші 1,2. ЭТЖ 50 мм/сағ, лейк. 19,8х109/л, нейтрофильдердiң токсиндiк түйiршiктiлігi +++.
Қақырық анализінде – эластикалық талшықтар.
Несебiнде – белогі 0,2 г/л.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпесiнiң төменгi бөлiгiнде өлшемi 4х5 см қуыс анықталды. Қуыстың горизонталь деңгейi, перифокальді қабыну аймағы бар.
Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз. Диагнозын болжаңыз, асқынуларына, ілеспаелі дерттеріне көңіл бөліңіз.
Кеңеске мамандарды шұғыл шақырыңыз.
N14. Жауаптары:
1. Негізгі симптомы – көп мөлшерлі қақырықпен жөтелу. Жетекші синдромдары: өкпенің тығыздалу, өкпеде қуыс түзілу; қызба; гиперпигментациялы дерматит, ұйқы безінің зақымдалу; алкогольге тәуелділік; гиперхромды анемия, бейспецификалық қабыну. Болжам диагнозы:
Негізгі ауруы: Пневмониядан кейінгі өкпенің іріңді абсцесі, оң өкпенің төменгі бөлігіндегі, ауыр ағымды.
Асқ.: ТШI. Инфекциялық-токсиндік нефропатия.
Ілесп. (фондық?) ауруы: Созылмалы алкогольдік ауру. Созылмалы алкогольдік гепатит, созылмалы латентті панкреатит. Фоль қышқылы тапшылықты анемия. В тобы витаминдік тапшылық: пеллагра.
2. Шұғыл консилиум қабылдау бөлімінде өту керек. Консилиумге торакальді хирург, пульмонолог, жетекші кезекші дәрігер, нарколог, рентгенолог қатысу керек. Шешуші тәсіл – кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасы. Ем торакальді хирургия бөлімінде жүргізіледі.
Клиникалық жағдай N15
Науқас 28 жаста, терапия бөпiмiне келесi шағымдармен жатқызылды: ентiгу, кеудесiнiң оң жағының ауырсынуы, қалтырау, дене қызуы, шаршататын құрғақ жөтел. Екі аптадан берi ауырады, емхана терапевті тыныс жолдарының ЖРВИ (ОРВИ) диагнозын қойған, ем нәтиже бермегендiктен науқасты ауруханаға “пневмония” диагнозымен емдеуге жiберген. Пенициллин, сульфаниламидтермен ем бастаған, 10 тәулікке дейiн жағдайы жақсармаған. Стационарға ауруы басталғаннан 13 тәулікте түсті.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, акроцианоз. Дене қызуы 38,20С. Тыныс жиілігі 24 минутына. Кеуде сарайы асимметриялы, оң жағы ұлғайған. Кеуде сарайының оң жағы тыныс алу актiсiнен қалыңқы. Дауыс дiрiлi осы аймаққа өткiзiлмейдi, перкуссияда: бұғана орта сызығымен 3 қабырға деңгейiнде перкуссиялық дыбыс қысқарып, тұйық дыбысқа ұласқан. Аускультацияда: тұйықталған аймақта тыныс естiлмейдi, тұйықталған аймақтың жоғарғы шегінен бронхтық тыныс естiледi. Пульсі 100 минутына, әлсiз, симметриялы. Жүректiң оң жақ шегi анықталмайды, жоғарғы шегі 3 қабырға аралықта, сол шегі 5 қабырға аралықта сол бұғана орта сызығынан 2см латеральдi орналасқан. Жүрек тондары әлсiз, ырғақты, тахикардия. АҚ 100/70 мм сын. бағ. lшi жұмсақ, ауырмайды. lсiнулер жоқ.
Қанның жалпы анализiнде: эритр. 4,5х1012/л, лейк. 12,8х109/л, эоз. 4%, нейтр.: т/я 10%, с/я 58%, лимф. 20%, мон. 8%. ЭТЖ 32 мм/сағ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ плевра қуысында гомогендi қара көлеңке, жоғарғы жағы қисық қиғашты, кеуде ортасы ағзаларының қарсы жағына ығысуы бар. Латерограммада оң жақ плевра қуысында сұйықтық анықталды.
Плевралық пункцияда 500 мл сероздық экссудат алынды, құрамында нейтрофильдер 90% дейiн, белок 62%. Ривальт сынамасы +++, ЛДГ 1000 ммоль/л.
Кеуде сарайының плевралық сұйықтықты алғаннан кейiнгi рентгенограммасында оң өкпенiң базаль бөлiгiнде өкпе тiнiнiң инфильтрациясы анықталды.
Осы науқастағы ең жетекшi синдромдарды атаңыз?
1. Өкпе тiнiнiң инфильтрат (тығыздалу) синдромы
Өкпеде қуыс түзілу синдромы
Интоксикациялық
Бейспецификалық қабыну
Тыныс шамасыздығы
Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы
Плевра қуысына ауа жиналу синдромы
Қызба
2. Келесi тұжырымдар осы науқасқа қатысты:
Дифференциялық диагнозын туберкулезбен және плевра рагімен жүргiзу керек.
Плевралық пункцияны жасау қажет болатын.
Диагнозды анықтау үшiн кеуде қуысының ФБС және КТ жасау қажет.
Кеуде аралығы ағзаларының ығысуы өкпе ателектазынан.
Емдеу дәрмектерi – фторхинолондар.
3. Диагнозды жазбаша түрде құраңыз.
