Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n15

59 жастағы ер кісі 1 жыл бұрын миокардтың инфарктін басынан өткерген, страционарға ангинозды статусы басталғаннан 11 сағаттан кейін ғана жеткен. Сондықтан науқас хирургиялық араласуларсыз жүргізілген, сол қарыншаның алдыңғы жайылма инфаркті болған. Соңғы 1,5 ай ішінде бірнеше рет есінен тану, құрысулардың болғандығына шағынды. Невропатологтар қажетті зерттеулер жасап, дертінің олар тарапынан еместігін дәлелдеген.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, санасы анық, перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдары жоқ. Жүрек шектері солға ығысқан, тондары шамалы тұйық, ырғақты, ЖСС 34 мин., жүрек ұшында мезгілімен күшейген І тон естілді. АҚ 150/90 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан +2см.

Соңғы ЭКГ 2 ай бұрын түсірілген: ырғақ көзі синусты, АВБ ІІ дәр., Мобитц-2; алдыңғы қабырғасының. Қарыншааралық перденің, жүрек ұшының тыртықтық өзгерістері, СҚГ.

Қазіргі ЭКГ: Р тісшелері өз алдына, өз жиілігінде (76 мин.); QRS кешендері өз ырғағында (34 мин) тіркелген. Алдыңғы жайылма тыртық белгілері.

  1. ЭКГ тұжырымын жасаңыз.

  2. Жетекші синдромдары.

  3. Болжам диагнозы.

  4. Синкопе синдромының механизмін талдаңыз.

N15. Жауаптары:

1. Толық АВБ. Қарыншалық ырғақ, ЖСС 34 мин. Тыртықтық өзгерістер.

2. Өткізгіштіктің бұзылу синдромы (толық АВБ); миокардтың ишемиялық өзгерістер – тыртықтық сатысы – синдромы; АГ; гепатомегалия, МАС (естен тану мен құрысулардың толық АВБ негізінде дамуы).

3. ЖИА, миокардтың басынан өткерген инфаркті. Асқ: Толық АВБ, МАС синдромы.

Конк: Артериялық гипертензия ІІ дәр, қте жоғары қауіп тобы (СҚГ, ЖИА).

4. Синкопе синдромы – жүрекше-қарыншалық түйін арқылы импульс өтуінің бұзылыстарының жартысында кездеседі. Оны 1769 ж. Морганьи сипаттаған; ал себептерін негіздеп түсіндірген – Стокс (1846ж.), ол өзінің

бақылаған және ұстазы Адамстың бақылаған науқастарының нәтижесін қорытындылаған еді. Жүректің толық және толық емес блоктарындағы естен танулар Адамс-Стокс-Морганьи синдромы аталады. Естен танулардың блоктардың алғашқы көрінісі болуы сирек жағдай емес. МАС синдромы келесі патологияларда кездеседі: айқын брадикардияларда; минуттық және ми арқылы өтетін қан көлемінің едәуір азаюымен асқынатын тахиаритмиялардың барлығында. Механизмі бір ырғақ екіншісімен ауысқан уақыттағы асистолияға байланысты, оның ұзақтығы 20-25 сек асса, клонустық құрысулар қосылады. Қарыншалар діріліндегі естен тану – олардың қызметінің толықтай тоқтап, артерияларға қан айдаудың тіптен жоқтығынан.

Клиникалық жағдай n16

Анасы 13 жасар ер баласымен қабылдауға келді. Соңғы кездері бірнеше рет есінен танып, неврологтарға алып барғанын, олардың зерттеулер жүргізіп, неврологиялық патологияларды жоққа шығарғанын мәлімдеді. Есінен тану қорқыныш, қобалжыған кездерінде дамыған, есту қабілеті сақталған. Баланың әкесі, атасы кардиологта есепте тұрады. Есту қабілеттері бұзылмаған.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары қалыпты, перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 96 мин. АҚ 95/60 мм сын бағ. Іші жұмсақ, ауырсынулар жоқ.

Шұғыл түсірген ЭКГ: ырғақ көзі синусты, ЖСС 90 мин. QT интервалы ЖСС санына сай көрсеткішінен ұзақ (0,43сек). ЖЭӨ вериткальді.

Балаға отырып-тұрғызу жүктемесі жасалды, ЭКГ түсірілді. Синусты ырғақ, ЖСС 120 мин., ЖЭӨ вертикаль, QT интервалы жиілеген ЖСС сай қысқармады, керісінше ұзарды.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

  3. Мамандар кеңестерін жоспарлаңыз.

  4. Синкопенің осы патологиядағы механизмі.

N16. Жауаптары:

1. Жетекші синдромдары: QT интервалының ұзару синдромы?; қарыншалар реполяризациясының баяулау синдромы?; синкопе; тұқым қуалаушылық.

2. QT интервалының тума ұзару синдромының диагноздық критерийлеріне (Schwartz, 1985) QT интервалының ұзаруы, синкопелік жағдайлардың дамуы, туыстарында да осы патологияның болуы, кейбір генотиптік түрлерінде тума кереңдік болуы, негізінен әйелдерде жиі

кездесуі жатады; біздің науқасымызда барлық негізгі критерийлер бар сияқты көрінгенмен жынысы ер бала және атасы мен әкесінде фатальді ырғақ бұзылыстары дамымаған. Сондықтан қарыншалар реполяризациясының баяулау синдромын болжам диагнозы ретінде (синкопемен асқынған) қарастырамыз. Бірақ генетик кеңесі арқылы бірінші нозобірлікті нақты жоққа шығарғанға дейін жұмыс жүргіземіз.

3. Кардиолог, генетик.

4. Қарыншалар реполяризациясының баяулау синдромында естен тану П.Л.Гладышевтің (авторластарымен, 1977) мәлімдеуінен, қарыншалардың қысқа мезгілдік фибрилляцияларынан дамиды. Ұстама ұзақтығына байланысты қуқылдық пен бас айналулар немесе сананың терең жоғалуы мен құрысулар және еріксіз кіші дәретін жіберу дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]