Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n17

54 жастағы әйелде соңғы 2 аптада бірнеше рет естен танулар болған. Жедел жәрдем шақырған, олар келгенше есін жиған, АҚ қалыпты болған, ЭКГ түсіріп, госпитализацияға көрсетпе болмағандықтан үйінде қалдырған, синкопелер негізінен түнгі уақыттарда мазалаған.

Анамнезінен: 37 жасынан аяғының терең веналарының варикозды кеңеюлерінен зардап шегеді, ем қабылдамаған. 40 жасында орнынан тұра бастағанда естен танулар болған, оны аяқ веналарының кеңеюімен байланыстырып, емдік шынықтырулар тағайындаған. Дене салмағы 30 жасынан артық, 45-46 жасынан ентігу мазалап, кардиологта тексеріліп, есепке алынған, соңғы 6-7 жылда жүрек шамасыздығы тұрақталып, 2-3 дәрмектерді қабылдайды (периндоприл, гипотиазид, кардиомагнил).

Об-ті: санасы анық, жалпы жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары қалыпты түсті, перифериялық ісінулер тобығына дейін. Бойы 168см; салмағы 96кг. Өкпесінде везикулалық тыныс, оң өкпесінің ортаңғы бөлігінің үстінде тыныс әлсіреген, крепитациялар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСС 102 мин., сол ІІ қ/а ІІ тонның айқын акценті. АҚ 135/85 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, бауырының Курловпен өлшемдері 14х11х9см.

ЭКГ: ырғағы синусты, ЖСС 104 мин., ЖЭӨ солға ығысқан. Тісшелерінің вольтажы төмен. Қос қарынша гипертрофиясының белгілері.

Кеуде сарайы органдарының екі проекциядағы рентгенограммасында: өкпе түбірінің оң жақта кеңеюі, ортаңғы бөлігінде периинфаркті пневмония белгілері.

  1. Жетекші синдромдары, олардың диагноздық маңызы бар ерекшеліктері.

  2. Диагнозы.

  3. Синкопенің осы патологиядағы механизмі.

N17. Жауаптары:

1. Жетекші синдромдар: артық салмақ (алиментарлы семіздік); миокардтың зақымдану белгілері (семіздіктегі КМП); өкпелік гипертензия; кардиомегалия (қос қарыншаның гипертрофиясы); өкпе тінінің тығыздалу синдромы; веналардың варикозды кеңеюі; ЖШ.

2. Болжам диагнозы:

Нег. ауруы: Метаболизмдік кардиомиопатия. ЖШФКІІ.

Фон: Алиментарлы семіздік.

Асқ.: Өкпе артериясы орта тармақтарының тромбэмболиясы. Инфаркті пневмония. Синкопе.

3. В. В. Парин (1937) өкпе артериясында қысымның жіті жоғарылауында гемодинамиканың өзгерістерін бүге-шігесіне дейін зерттеген. Өкпе артериясының механорецепторларының тітіркенуінен үлкен қан айналым шеңберінде рефлекстік өзгерістер тізбегінің іске қосылатынын нақтады, олардың бастылары: аорта мен оның тармақтарын қысымның төмендеуі; коронар қан айналымының айқын төмендеуі; қанның талақта деполық іркілуі. Сонымен өкпелік гипертензиядағы синкопенің механизмінде – негізгі орынды рефлекстік фактор алады. Ірі тармақтарының эмболиясы ауыр коллапспен сипатталса; орта тармақтарының – инфарктік пневмонияның дамуымен, ал майда тармақтарының тромбэмболиясында клиникалық қысқа уақыттық ентігулер мен түнгі тұншығулар, субфебрильді қызба, шамалы лейкоцитоз, сканограммада уақытына байланысты васкуляризациясының ошақты кедейленуі немесе өкпе инфарктінің белгілері анықталады.

Клиникалық жағдай N18

19 жастағы жігітте экссудатты плеврит, торакальді хирург пункцияға дайындады.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, перифериялық ісінулер жоқ. Перкуссияда кеуде сарайының оң жартысында ІІІ қ/а төмен, жоғарғы шегі қолтық астына қарай қиғаш жоғарылаған, өкпе дыбысының қысқаруы бар. Аускультацияда ол аймақ үстінен тыныс естілмеді, тыныс жиілігі 26 мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 100 мин.

Дәрігер пункциялық инені енгізіп, сұйықтықты ағыза бастағанда, науқас қысқа уақытқа есінен танып қалды.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

  3. Синкопенің механизмі.

N18. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]