Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

1. Лимфаденопатия, қызба, цитолиз, гепатомегалия, полимиалгия, полиартралгия, миокардтың зақымдану синдромы.

2. Токсоплазмоз.

3. Инфекционистке емге жіберу.

Ісіну синдромының дифференциялық диагнозы

Асцит синдромының дифференциялық диагнозы

Клиникалық жағдай n1

28 жастағы ер кiсi клиникаға келесi шағымдармен келдi: жалпы әлсiздiк, оң қабырға астында салмақ сезіну, iшiнiң кебуi, тобық буындарының ауыруы, ұйқышылдық, мұрнынан кезеңiмен қан кетулер.

Анамнезiнен: 14 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған, есепте тұрмаған, 10 ай бұрын склерасының сарғаюы пайда болған соң жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, сарғаюы билирубиннiң 54,8-227,5 мкмоль/л арасында ауытқуымен қайталанып тұрған. Бауыры, артынша талағы үлкейген. Емi гепатопротекторлар және преднизолонмен жүргiзiлген.

Шыққаннан соң да дел-салдық, сарғаю, оң қабырға астының ауыруы сақталған. Соңғы бiрнеше күнде жағдайы төмендей түскендiктен, дәрiгерi клиникаға жiберген. Анамнезінде алкоголь қолдану зиянды әдеті жоқ, жұмыс бабы зияндылықтармен байланыссыз.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Склерасы, терi жамылғысы сары, кеуде сарайының жоғарғы бөлiгiнде тамырлық жұлдызшалар, алақандары қызарған. Іші кебіңкі, тері асты веналары кеңіген, перкуссияда бос сұйықтық анықталды, бауыры қабырға иiнiнен 5 см шығыңқы, тығыздау, пальпацияда ауырады, шетi сүйiр. Талағы қабырға иiнiнен 3 см шығыңқы.

Қан анализiнен: эр. 2,5х1012/л, гем. 80 г/л, ТК 0,9; лейк. 2,8х109/л, тромб. 80,0х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.

Биохимиялық анализдерінен: билирубинi 68 мкмоль/л (байланысқаны 39 мкмоль/л), жалпы белогi 62 г/л, альбуминi 41%, глобулинi 59%, фибриногенi 2,0 г/л, тимол сынамасы 10Б. АсАТ (оптикалық тестімен) 64 ХБ,

1. Болжам диагнозын анықтаңыз.

  1. Бауыр циррозы, вирусты этиологиялы, бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы; порталық гипертензия, декомпенсация сатысы, асцит; активті фазасы, жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты.

  2. Бауыр циррозы, алкогольді этиологиялы, бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы; порталық гипертензия, бастапқы декомпенсация сатысы; активті фазасы, жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты.

  3. Бауыр циррозы, аутоиммунды, бауырклеткалық шамасыздық, субкомпенсация сатысы; порталық гипертензия, бастапқы декомпенсация сатысы; активті фазасы, жоғары белсенділіктегі, тез үдемелі барысты.

  1. Созылмалы гепатит, вирусты этиологиялы, репликациялық фазасы, жоғары белсенділіктегі, ауыр фиброзбен.

2. Жетекшi синдромдары:

  1. Цитолиздік

  2. Бауырклеткалық шамасыздық

  3. Порталық гипертензия

  4. Геморрагиялық

  5. Гиперспленизм

  6. Асцит-ісінулік

3. Бауыр циррозының морфологиясын, этиологиясын, порталық гипертензияның сатысын анықтауда шешуші маңызы бар:

  1. Бауырдың пункциялық биопсиясы

  2. УДЗ

  3. Лапароскопия

  4. Радиоизотопты сканирлеу

  5. ФГДС

  6. В, С, Д вирустарының маркерлеріне қанның анализі

4. Қан анализiндегі өзгерістер (эр. 2,5х1012/л, гем. 80 г/л, ТК 0,9, лейк. 2,8х109/л, тромб. 80,0х109/л) келесі синдромға тән:

  1. Мезенхималық-қабынулық

  2. Гиперспленизм

  3. Цитолиз

  4. Бауырлық диспепсия

  5. Оң қабырға астының ауырсыну синдромы

  6. Спленомегалия

5. Гиперспленизм синдромының емі:

  1. Пентоксил 0,2х3рет/тәулігіне, 2-3 апта

  2. Эссенциале 2 капсуладан 3 рет тәулігіне 2-3 ай

  3. Преднизолон 20-40 мг тәулігіне 2-3 ай, нәтижеге жеткеннен кейін дозасын кеміту

  4. Эритроциттер мен тромбоциттер массасын құю

  5. Спленэктомия

  6. Энтеросорбция

6. Гепатопротекторларға жатады:

  1. Эссенциале

  2. Урсосан

  3. Гептрал

  4. Витогепат

  5. Прогепат

7. Бауыр циррозының этиологиялық еміне жатады:

  1. Алкогольді тыю

  2. Гепатотропты вирустерге қарсы дәрмектер

  3. Иммуносупрессорлар

  4. Диуретиктер

  5. Колхицин

N1 Жауаптары:

1. 1.

2. 1, 2, 3, 4, 5.

3. 1, 2, 5, 6.

4. 2.

5. 1, 3, 4, 5.

6. 1, 2, 3.

7. 1, 2, 3.

Клиникалық жағдай N2

49 жастағы науқас, автобус жүргiзушiсi, қабылдауға мына шағымдармен келді: жүрек айнуы, эпигастрий аймағында және оң қабырға астында тамақ iшуге байланыссыз ауырсыну, тамақ iшкеннен кейiн дамитын толып кету сезiмi, терi қышуы, әсiресе түнде, анда-санда мұрнынан қан кету және қызыл иектiң қанағыштығы.

Науқас 9 жыл бұрын вирустік ауыр гепатитпен жұқпалы аурулар емханасында емделген. Бiр жыл бойы ем-дәмдi сақтаған. Соңғы 5 жыл көлемiнде оң қабырғасында және эпигастрийде жағымсыз сезiм мазалай бастаған. Дәрiгерге көрiнбеген. Соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Жүрек айну, кейде тамақтан соң құсу, терi қышуы, ұйқысыздық пайда болған.

Объективтi: терi жамылғылары қуқылданған, аздап сарғыш тартқан. Тiлi таңқурай түстес. Терi асты шел қабаты нашар дамыған. Төсiнiң жоғарғы бөлiгiнде, мойнында және бетiнде көптеген тамырлық жұлдызшалар көрiнедi, алақандары қызарған. Iшiнiң бүйiр қабырғаларында кеңiген веналар анықталды. Iштiң көлемi ұлғайған, пальпацияда iшi жұмсақ, ауырсынусыз. Перкуссияда бүйiр бөлiктерiнде бос сұйықтық бар. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен орналасқан, ауырмайды, тығыз, шетi сүйiр. Талағы қабырға доғасы тұсында пальпацияланды.

Қан анализiнде: эр. 3,6х1012/л, Нв 115 г/л, ТК 0,9, тромб. 40х109/л, ЭТЖ 46 мм/сағ.

Холестерині 28 ммоль/л, билирубині 69,5 мкмоль/л (байланысқаны 43,2 мкмоль/л, босы 26,3 мкмоль/л), жалпы белогі 63 г/л (альбуминдері 31,4%, глобулиндері 68,6%, гаммаглобулиндері 39%). Тимол сынамасы 9 бiрлiк.

  1. Болжам диагнозын құрастырыңыз.

  2. Стационарғ а жатқызу тактикасын анықтаңыз.

N2. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]