Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

1. Миелопролиферациялық синдром (гиперплазиялық), лимфаденопатия, некроз-сепсистік, геморрагиялық, қызба.

2. Нег. Ауруы: Жедел миелобласты лейкоз, бірінші белсенді клиникалық-гематологиялық сатысы (жайылма сатысы).

3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем шұғыл түрде, гематологиялық бөлімдерге.

Клиникалық жағдай N11

16 жастағы науқас К., мектеп оқушысы, шағымдары: дене қызуының 390С көтерiлуi, мұрнынан қан кетудiң қайталануы, жүргенде дамитын ентігу, құрғақ жөтел, жалпы әлсiздiк. Ауруы 4 апта бұрын жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiнен, басының ауруынан, айналуынан, жалпы әлсiздiктен басталған. Мектептегi сабақтарға амалсыздан қатысқан. Жүре бара дене қызуы 37,50С- 380С дейін көтерiлiп, мұрнынан қан кету пайда болған.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғысы және кiлегей қабаттары қуқыл. Кеудесiнiң аяқ-қолдарының терiлерiнде ұсақ нүктелi геморрагиялық бөртпелер табылды. Жақ асты, мойын, қолтық асты лимфалық түйiндерi ұлғайған, эластик консистенциялы, ауырмайды. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары тұйықтау, тахикардия. АҚ 110/60 мм сын. бағ. Бауыры қабырға иiнiнен 3 см, талағы 2 см шығыңқы орналасқан, сипауға ілінеді.

Кеуде сарайының рентгенскопиясында ұлғайған бронх-өкпелік лимфалық түйiндері анықталды.

Қан анализiнде: Нв 60г/л, эр. 1,8х1012/л, ТК 1,0, тромб. 65х109/л, лейк. 8,2х109/л, т/я 1%, с/я 7%, лимф. 11%, мон. 2%, лимфобластары 79%. ЭТЖ 50 мм/сағ. Анизоцитоз және пойкилоцитоз айқын.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

  3. ЖДП тактикасы.

N11. Жауаптары:

1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, лимфаденопатия, некроз-сепсистік, геморрагиялық, қызба.

2. Нег. Ауруы: Жедел лимфобластты лейкоз, бірінші белсенді клиникалық-гематологиялық сатысы (жайылма сатысы).

3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем шұғыл түрде, гематологиялық бөлімдерге.

Клиникалық жағдай N12

41 жастағы науқас Б., II-ші топтың мүгедегi, ЖДП дәрігеріне келесi шағымдармен келді: күрт әлсiздiк, қос жақты қабырға астының ауруы, салмақ тастау (1,5 айда 12 кг), тершеңдiк.

Науқас 2 жыл бұрын сол жақ қабырғасының ауыр тарту сезiмiне шағым айтып, дәрiгерге көрiнген, қанын тексергенде лейкоциттер саны аса жоғары болған (150х109/л). Осыған орай гематология бөлiмiне жатқызылып, миелосанмен емделген. Жағдайы жақсарған, салмақ қосқан, талағының өлшемдерi кiшiрейген. Жыл бойы емханалық жағдайда миелосан қабылдаған. Соңғы 4 ай көлемiнде дәрмектi тоқтатқан, өйткенi жүрегi айнып құсу мазалай бастаған. Жағдайы нашарлаған: жүдей бастаған, қос қабырға астында тұрақты сыздап ауырғандық пайда болған, оссалгия, субфебрильдiк қызба, жалпы әлсiздiк мазалаған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғысы бозарған, лимфалық түйiндерi ұлғаймаған, төс сүйегiн қаққанда ауырсынады, жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi солға ығысқан. Жүрек тондары әлсiздеу, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, пульсi ырғақты, 78 мин. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға иiнiнен 8 см төмен орналасқан, тығыз, бетi тегiс, сипағанда сезiмтал. Талақтың төменгi полюсi мықын аймағында сипалады, бетi тегiс ауырсынбайды.

Қан анализiнде: ЭТЖ 15 мм/сағ., эр. 3,7х1012/л, Нв 110г/л, ТК 0,9, лейк. 123х109/л, эоз. 7%, базоф. 6%, миелобастары 1%, промиелоциттері 13%, миелоциттері 26%, метамиелоциттері 10%, т/я 11%, с/я 24%, лимф, 2%, тромб. 570х109/л.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

  3. ЖДП тактикасы.

N11. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]