Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, анемиялық, қызба.

2. Нег. Ауруы: Созылмалы лимфолейкоз, жайылма сатысы.

3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге.

Клиникалық жағдай N15

Науқас Г. 70 жаста, соңғы 5 жыл iшiнде гемотологиялық стационарда 2 рет және амбулаторияда созылмалы лимфолейкоз диагнозымен емделеді. Науқасқа хлоробутин және кезеңдермен преднизолон тағайындалған, жағдайы қанағаттанарлыққа жеткізілген. 2 ай бұрын тұмаумен ауырған соң науқаста перифериялық лимфалық түйiндерi ұлғайған, аз көлемдi физикалық күштен соң жүрегiнің соғып кетуі, ентiгу дамыған, терiсі мен склерасының сарғаюы байқалған, солармен қатар жалпы әлсiздiк үдей түскендiктен стационарлық емге жолдама берiлген.

Об-тi: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терi жамылғылары және склерасы сарғайған, геморрагиялық ошақтары жоқ. Жақ асты, мойын, қолтық асты, шап лимфа түйiндерi (1-2; 3-4 см) ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қозғалмалы, бiр-бiрiмен және терiмен жабыспаған. Тыныс алу жүйесi ерекшелiксiз. Жүрек тондары тұйықталған, бiрен-саран экстрасистолалар, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi. АҚ 150/70 мм сын. бағ., пульсi 82 мин., қанағаттанарлық толумен, ырғақсыз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, талағы 4 см төмен анықталды, пальпацияда ауырсынусыз.

Қанның анализiнде: эр. 2,1х1012/л, гем. 62 г/л, т.к. 0,9, лейк. 280х109/л, эоз. 14%, лимф. 32%, пролимфоцит. 2%, лимфобластар 14%, с/я 44%, рет. 3,84%, тромб. 190х109/л. ЭТЖ 42 мм/сағ.

Эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнің минимальдiсі 0,60, максимальдісі 0,34.

Билирубині 58 мкмоль/л (байланбағаны – 46 мкмоль/л).

Зәрдiң уробилиннге реакциясы оң.

Қандағы трансаминазалар белсендiлiгi өзгермеген.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

  3. ЖДП тактикасы.

N15. Жауаптары:

1. Лимфопролиферациялық (гиперплазиялық) синдром, гепатоспленомегалия, сарғаю, аг, анемиялық (гемолиздік), сарғаю, қызба.

2. Нег. Ауруы: Созылмалы лимфолейкоз, жайылма сатысы.

3. Гематолог кеңесі, стационарлық ем порталмен, гематологиялық бөлімдерге.

Клиникалық жағдай N16

27 жастағы әйелдің, жүктіліктің екінші жартысында, ұрықтың өмірмен сыйымсыз дамулық ақауларына байланысты, жүктілігін үзген.

Шағымдары: соңғы 7-9 ай бойына мезгіл-мезгіл дене қызуының 37,0-37,70 жоғарылауы, бұлшық еттері мен буындарының ауыруы, жүрегінің шаншулары, бауырының ұлғаюы.

Жүктілікке дейін гастроэнтерологта зерттелген, ем қабылдаған, гепатиттің вирустық этиологиясы нақталмаған (гепатит вирустарына тапсырылған анализдер теріс болған). Окулисте де бірнеше рет емделген. Науқас 4 жылдан бері үй қызметшісі ісін атқарады, қожайындарының бірнеше иттері мен мысықтары бар. Жүктілігін үзу барысында мүмкін инфекциялық аурулар топтамасына анализдер тапсырған.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары қалыпты түсті. Мойын лимфалық түйіндері ұлғайған, қатты эластикалық консистенциялы, қозғалғыш, ауырады. Буындары мен бұлшық еттерінің объективті зақымдану белгілері жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 90 мин. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауырсыну бар, бауыры қабырға доғасынан 4см шығыңқы. Перкуссияда талақ өлшемдері 14х8см.

Қосымша тексеру нәтижелерінен: ҚЖА, ЭТЖ қалыпты, лейкопения, лимфоцитоз. ЭКГ: ырғағы синусты, ЖСС 88 мин., ЖЭӨ қалыпты, миокардтың ошақты өзгерістері. Бауырдың инкрециялық көрсеткіштері қалыптыдан 3-4 есе жоғары. Токсоплазмозға ИФА IgM және IgG оң мәнді (положительно).

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

  3. ЖДП тактикасы.

N16. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]