Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

2. Өңеш арқылы ЭхоКг тәсілі сол жүрекшедегі 1-3 мм түзілімдерді де визуализациялауға мүмкіндік береді.

3. Миксома нақталған пациенттердің барлығына ол ісіктің қатерсіздігіне қарамастан, хирургиялық ем көрсетілген (түзілімді ол бекіген жерімен бірге сылып алып тастайды). Болжамы: миксома метастаздар бермейді; дерттің ұзақтығы әртүрлі, ол жүрек тесіктерінің обструкциясы мен бітелуіне және эмболиялар ауырлығына байланысты; кенет өлім қауібі – 8-30%. Миксоманы жүрекшелерден сылып тастағаннан кейінгі ауруханалық өлім-жітім 5%; қарыншалардан – 10% кем. Хирургиялық емге бармай, ауруды өз ағымымен жібергенде, клиникалық белгілері көрінгеннен бастап, өмірінің ұзақтығы 2 жылдан аспайды. Өлім себептері – жүрек қақпақтық тесіктерінің окклюзиясы, ісіктік эмболиялар.

Клиникалық жағдай N12

44 жастағы әйел, есепте жүректің созылмалы ревматизмдік ауруымен есепте тұрады, кезекті диспансерлік тексеруге келді. Науқасты төсекте тексеріп, орнынан тұрғызғанда, жіті ентігу мен цианоз дамыды; науқас қайда екендігін сұрай бере есінен танды.

Об-ті: науқас тез горизонталь қалыпқа жатқызылды, есінен танған. Тері жамылғылары денесінің жоғарға бөлігінде көгерді, әсіресе мұрны, құлақтары, ауыз қуысының өте айқын көгеруі тез дамыды. Мойны мен кеудесінің терісінде майда нүктелік цианоз дамыды. Білектерінде пульс анықталмады, мойын тамырында әлсіз сезілген, жиі пульс сипалды. АҚ өлшеу барысында есін тез жиып алды, АҚ 90/60 мм сын. бағ. Жүрек тондары шамалы әлсіреген, ырғақсыз, жүрек ұшында сартылдаған І тон, диастолалық шу; ЖСС 128 мин., пульс жиілігі 104 мин. Пульс тапшылығы – 24мин. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан +1,5см, ауырмайды.

Анамнезінен қосымша анықтаулар барысында науқаста екі-үш рет төсектен тұра бергенде санасының бұлыңғырланғаны, қатты ентігіп, қиналғаны анықталды.

Қосымша тексерулерден: шұғыл, науқас төсегінде ЭКГ түсірілді: жүрекшелер фибрилляциясы, ЖСС минутына 116, оң қарынша гипертрофиясының белгілері.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Жетекші синдромдары. Синкопенің клиникасындағы ерекшеліктер, одан тұжырымдалатын асқыну? ДД өкпе артериясының тромбэмболиясымен жүргізіңіз.

  3. ЭхоКГ күтетін мәліметтер. Синкопенің даму механизмі.

  4. Дәрігерлік тактика.

N12. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы. Митральді стеноз.

Асқ: жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолалық түрі. Синкопе (сол жүрекшенің домалақ тромбы?).

2. Синкопе; жүректің жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (митральді стеноз); жүрекшелер фибрилляциясы. Митраль стенозы, жүрекшелер фибрилляциясы бар науқастарда: горизонталь қалыптан тұра бергенде; алдымен қайда екендігін түсінуден жаңылдыратын және ентігу мен денесінің жоғарғы бөліктерінің тез дамитын цианозымен сипатталатын; горизонталь қалыпта есін тез жинап алатын ерекшеліктері бар синкопе – сол жүрекше қуысындағы қозғалғыш тромбтан күдіктендіреді. Өкпе артериясының тромбэмболиясында ентігудің пароксизмі, сипатталғандай цианоз және оң қарыншаға күш түсу немесе оның гипертрофиясының белгілері болғанымен, біздің науқасымызда өкпе артериясының тромбэмболиясына негіз – үлкен қан айналым шеңберіндегі мәселелер жоқ; керісінше, митральді мәселелер бар.

3. ЭхоКГ: сол жүрекшеде сфералық, қозғалғыш, үлкен тромб анықталады; сол жүрекше-қарыншалық тесіктің кризистікке жақын өлшемді тарылуы; сол жүрекше, оң қарынша гипертрофиялары. Қозғалғыш тромб сол жүрекше-қарыншалық тесікті жартылай немесе толық жауып қалуымен сол қарыншаға қан түсуін жіті тежеп, мидың өткір ишемиясын шақырады, ол синкопемен сипатталады. Бірақ мұндай асқыну кенет өлімге де себеп болады.

4. Кардиохирургке рематологпен бірге жолдама дайындау, операциялық емге дайындап, жіберу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]