Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n9

22 жастағы жүкті әйел соңғы 5-6 күнде екі рет қысқа уақытқа есінен танғанына шағымданып келді. Әсіресе таңқалдыратыны, есінен тану дем алуға жатқаннан соң 15-30 минуттар шамасында дамиды. Жүктілігі екінші, бірінші жүктілігінде және осы жүктілігінің осыған дейінгі ағымында (жүктілігінің 34 аптасы) ауытқулар болмаған.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғылары қалыпты түсті, ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қалыпты, ырғақты. АҚ 120/80 мм сын. бағ. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, жүктілік мерзіміне сай ұлғайған. Қағу симптомы екі жақты теріс.

  1. Жүкті әйелдердегі қысқа уақыттық естен танулардың механизмін талдаңыз.

  2. Тағы қандай патологияларда осындай механизмдер синкопе шақырады?

N9. Жауаптары:

1. Естен танудың бұл түрі ғылыми әдебиетте парадокстік естен тану атымен белгілі, себебі ол әдеттегі қарапайым естен танулар дамитын жағдайларға және ортостаздық гипотонияға қарама-қайшы жағдайларда дамиды. Жүктілердегі бұл естен танудың механизмі – ол горизонталь қалыпқа жатқанда үлкейген жатырдың төменгі қуыс венасын басып, жүрекке келетін қан көлемінің және минуттық қан көлемінің күрт азаюымен байланысты.

2. Ұқсас механизмдермен синкопелер құрсақ қуысында орналасқан аяғы бар ісіктерде де дамуы мүмкін. Клиникалық жағдай n 10

58 жастағы ер кісі, 38 жасынан бауыр ауруларымен ауырады, бауырдың аралас циррозымен соңғы 13 жыл бойына дертті. Асцит кернелген кезде жеке клиникаға барып, сұйықтығын алдырғанда есінен қысқа уақытқа танған.

Пункция жасаған дәрігер АҚ қалыпты болғандығына көз жеткізген.

Артынша жасалған ЭКГ патология болмаған.

  1. Синкопе механизміне көз жүгіртіңіз.

  2. Мұндай жағдайдың алдын алу шараларын талдаңыз.

N10. Жауаптары:

1. Асциттік сұйықтықты тез ағызғанда, құрсақ пен кіші құрсақ веналары сыртқы қысымнан кенет босағандықтан, олар тез кеңейеді; сондықтан бұл қуыстарда қанның біршама көлемі іркіледі; қанның жүрекке келу жылдамдығы баяулап, салдарынан минуттық көлем жіті азаяды.

2. Науқасты горизонталь қалыпқа жатқызу - асциттік сұйықтықты және қуықтан көп мөлшердегі зәрді шығарғандағы ең дұрыс емдік және профилактикалық шара саналады. Клиникалық жағдай n11

57 жастағы әйел соңғы 6-8 ай барысында кенет дамитын ентігу мен соңғы 2-3 айда бірнеше рет есінен танғанына шағымданып келді.

Сұрастыру арқылы ревматизмдік анамнездің жоқтығы, жарты жыл бұрын ЭКГ, ЭхоКГ зерттеулерінен өткендігін, дәрігердің ЭхоКГ арнайы тәсілмен тексерілуі керектігін айтқандығы, бірақ науқастың оған көңіл бөлмегендігі анықталды. Қандас туғандарында жүрек патологиясы жоқ. Жоғарыда аталған шағымдарының дене қалыбын өзгерткенде дамитындығы да нақталды. Қолындағы құжаттардан ЭхоКГ түсірген дәрігердің пациентті өңеш арқылы ЭхоКГ жолдама бергендігі анықталды.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек шектері өзгермеген. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 74 мин. АҚ 130/70 мм сын. бағ. іші ұлғаймаған, бауыры қабырға доғасында.

  1. Болжам диагнозыңыз. ДД.

  2. Өңеш арқылы ЭхоКГ артықшылықтары.

  3. Емі. Болжамы.

N11. Жауаптары:

1. Жүрек миксомасы; жүректің шар тәріздес тромбы. Жүректің шар тәріздес тромбысының болу мүмкіндігі аз, себебі, науқаста оның себепкер жағдайлары жоқ, ал дәрігердің өңеш арқылы ЭхоКГ жолдама беруі жүрек миксомасынан көбірек күдіктендіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]