Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n33

Науқас 20 жаста, аурухананың гинекология бөлiмшесiнде ауруханадан тыс аборт, эндометрит дамығандықтан ем қабылдаған. Кенеттен тұншығу ұстамасы және кеудесiнде өткiр интенсивтi ауырсыну пайда болып, тыныс алғанда, жөтелгенде күшейген және басы айналған.

Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, терi жамылғылары қуқыл, цианозды, акроцианоз, әсiресе ернiнiң айқын цианозы, сонымен қатар, мұздай терге малшынуы. Дене температурасы 36,8С0. Мойын веналары iсiнген. Науқас есiн бiледi, қатты ентiгуге байланысты сөйлей алмайды, тыныс жиілігі 40 минутына. Өкпе үстiнің перкуссиясында анық өкпе дыбысы. Тыныс алуы ауыр, тыныс шығаруы ұзарған, сырылдар жоқ. Эпигастрий аймағында жүректік пульсация бар. Жүректiң оң шегi оң парастерналь сызығынан 1,5 см латеральдi орналасқан, жоғарғысы 3 қабырға аралықта, сол жағы 5 қ/а сол бұғана орта сызығында. Аускультацияда: айқын тахикардия, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi және оның екiге айырылуы, жүрек соғу саны 120 мин. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Iшi жұмсақ, аздап кебiңкi, төменгi аймақтарында ауырсыну бар. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Iсiнулер жоқ.

Қанның жалпы анализiнде: гемоглобині 128г/л, эритроциттері 3,9x1012/л, лейкоциттері 11,0x109/л, эозинофильдері 5%, нейтрофильдері 10%, сегментті/ядролылары 60%, лимфоциттері 15%, моноциттері 10%, ЭТЖ 58 мм/сағ.

Қанның биохимиялық анализiнен: ЛДГ 720 Б/л, фибриноген 7 г/л, КФК 110 Б/л, АСТ 30 Б/л, артериялық қанның рН 7,21.

Кеуде сарайының жалпы шолу рентгенограммасында: диафрагма күмбезiнiң жоғары тұруы, оң жақта өкпе түбірі көлеңкесiнiң кеңеюi, өкпе артериясы конусының шығыңқылығы анықталды.

1. Жетекшi синдромдарды көрсетiңiз:

  1. Бронхтық обструкциялық синдром

  2. Тыныс шамасыздығы синдромы

  3. Өкпе тектi жүрек (жедел) синдромы

  4. Өкпе тiнiнiң тығыздалу синдромы

  5. Өкпелік диссеминация синдромы

2. Электрокардиограммада: терең SI, QIII, терiс мәндi ТIII, РII-III биiк, үшкiрленген, электр өсiнiң оңға ығысуы, QRS ені 0,14 сек.; V1-V2 rSR1. ЭКГ мәлiметтерi сәйкес келедi:

  1. Сол қарыншаның артқы-диафрагмалық қабырғасының инфарктіне

  2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясына, Гис будасы оң аяғының блогіне

  3. Алдыңғы қабырға миокардының инфарктіне

  4. Гис будасы сол аяғының блогіне

  5. Жүрекшелер фибрилляциясына

3. Диагнозды жазбаша құрыңыз.

4. Қосымша диагноздық әдiстерді таңдаңыз:

  1. Ангиопульмонография

  2. Қанның газдық құрамын анықтау

  3. ЭхоКГ

  4. Өкпенiң рентгенотомографиясы

  5. Өкпенi сканнерлеу

  6. Өкпенiң биопсиясы

5. Жедел көмек:

  1. Стрептокиназа

  2. Гепарин

  3. Антибиотиктер

  4. Оттегiлiк терапия

  5. Эуфиллин

  6. Иммуностимуляторлар

N33. Жауаптары:

1. 1, 2, 3.

2. 2.

3. Нег. ауруы: Сепсистiк эндометрит. Кiшi жамбас қуысы веналарының флебитi.

Асқ.: ­­­Ө­кпе артериясының тромбоэмболиясы. Тыныстың жедел шамасыздығы. Жедел өкпе тектi жүрек.

4. 1, 2, 4.

5. 1, 2, 4.

Клиникалық жағдай N34

34 жастағы науқасты жедел жәрдем көлігі қабылдау бөліміне жеткізді. Шағымдары: кеуде сарайының оң бөлігінің күшті ауырсынуы мен күшейе түскен ентігу, жалпы әлсіздік.

Бірнеше сағат бұрын, штанга көтергенде кеуде сарайының оң бөлігінде кенет күшті ауырсыну, бір сәттік тұншығу, құрғақ жөтел пайда болып, денесін суық тер жапқан. Жедел жәрдем шақырылған, дәрігер анальгетиктер салған.

Бұл жағдайға дейін дені сау санатынан болған, ауыр атлетикамен 16 жасынан айналысады.

Об-ті: жалпы жағдайы өте ауыр, мәжбүр қалыпта отыр. Тері жамылғылары қуқыл, еріндерінің цианозы айқын. Мойын веналары томпайған. Оң бұғана айналасында тері астылық эмфизема анықталды. Тыныс жиілігі минутына 37. Кеуде сарайының оң жартысының үстінде перкуссияда тимпан дыбысы, дауыс дірілі мен тынысы өте әлсіреген. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы. Шұғыл тексерулер жоспары.

  3. Кеңеске жіберетін мамандар.

N34. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]