Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

1. Барлық тыңдау нүктелерінде протодиастолада тіркелетін қосымша тонның даму механизмі – перикардтық болғандықтан перикардотон аталады, констрикциялық перикардитке тән белгі.

2. Клиникалық минимум, бауыр сынамалары, оның УДЗ, фтизиатр кеңесі (травма болғанымен), ЭхоКГ. Науқасқа тынысын ішке терең алдырғанда пульс толқыны әлсірейді немесе жоғалады (Куссмаульдің парадокстік пульсі).

3. Бектің триадасы:

* “кіші, тыныш, жиі жүрек”; веналық гипертензия синдромы; ісіну-асциттік синдром. “Кіші, тыныш, жиі жүрек”, веналардың қысылу синдромы дамығанда науқастардың аяқтарында ісіну мардымсыз болады, тіптен болмайды, портальді гипертензия дамиды (Пиктің псевдоциррозы – дер кезінде операция жасалса бауыр қызметі қалыптасады);

* жүрек шамасыздығы синдромы, ерекшелігі науқасты ентігу қанша мазаласа да ортопноэ ешуақытта болмайды.

4. Негізгі ауруы: Констрикциялық перикардит.

Асқ.: ЖШФКIV. Бауырдың жүректік фиброзы?

Клиникалық жағдай N12

18 жастағы жігіттің шағымдары: субфебрильді қызба, терлегіштік, тез шаршағыштық, ішінің жайылма ауырсынуы, салмақ жоғалту.

Анамнезінен: 2 жыл бұрын анасының туберкулездік диспансерде емделуіне байланысты тексерулерден өткенде, ішек туберкулезінен күдік туып, зерттеу барысында ол ауру дәлелденбеген. Әлеуметтік жағдайлары нашар, үйінде тұрақты жұмысы бар ешкім жоқ.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тері жамылғылары қуқыл, алақандар ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 106 мин. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Тілі құрғақ, ақ шөгінді бар. Іші шамалы үлкейген, іштің алдыңғы қабырғасының нақты локализациясы жоқ ауырсынуы және бос сұйықтық бар. Бауыры шамалы ұлғайған, 13х10,0х8,0см.

Көзделген биопсиямен лапароскопия жасалды. Парацентез жасалып, асциттік 60 мл сұйықтық алынды: асциттік сұйықтық – экссудат, лейкоциттері өте көп, мононуклеарлары басым.

  1. Жетекші синдромдары. Күдіктенген нозобірліктер.

  2. Кеңесі қажетті маман.

N12. Жауаптары:

1. Туберкулездік эпиданамнез, асцит, қызба, ішінің жайылма ауырсынуы. Туберкулездік перитонит.

2. Фтизиатр.

Клиникалық жағдай N13

54 жастағы ер кiсi емхана дәрiгерiне келесi шағымдармен қаралды: аз мөлшердегі кiлегейлi-iрiңдi қақырық түсетiн таңертеңгiлiк жөтел, тыныш жағдайдағы ентiгу, тез шаршағыштық, жалпы әлсiздiк, делсалдық.

Анамнезiнен: науқас соңғы 25 жыл бойына күнiне 30 данадан шылым шегедi. Соңғы көп жылдар бойы таңертеңгiлiкте аз мөлшерлi кiлегейлi қақырық түсетiн жөтел қосылған. Науқас оған көңiл аудармаған. Кейін жөтелі тұрақталып, күндiз ғана емес, түнде де мазалайтын болды. Қақырық кiлегейлiден iрiңдiге айнала бастаған, әсiресе суық маусымдарда күшейетiн болды. Ентiгуі соңғы 2-3 жылда физикалық күш түскенде мазалаған, ал соңғы 4-5 айда тыныш қалыпта да мазалай бастаған.

Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, тыныс жиiлiгi минутына 26, салыстырмалы перкуссияда өкпе үстiнде қорап дыбысы, топографиялық перкуссияда Крениг кеңiстiгi кеңiген, өкпенің төменгi шектерi бiр қабырғаға төмен ығысқан, төменгi шегiнiң экскурсиясы шектелген. Аускультацияда

өкпе үстiнде әлсiз везикулалық тыныс, тыныс шығаруының ұзаруы негiзiнде көптеген ызыңдаған және ысқырықты сырылдар естiлдi. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, өкпе артериясы үстiнде II тонның акцентi, ЖСС минутына 100, АҚ 140/70 мм сын. бағ. Бауырының Курлов бойынша өлшемдері: 13х12х10 см. Ішінде бос сұйықтық бар.

Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында бронх-тамырлық суретi әсiресе төменгi бөлiктерiнде күшейген, деформацияланған, өкпе ауалылығы артқан.

Қанның жалпы анализiнде: ЭТЖ 8 мм/сағ., лейк. 7,6х109/л, эрит. 5,5х1012/л.

ЭКГ-де: оң қарынша гипертрофиясы, Гис будасы оң аяғының толық блогі.

  1. Жетекші синдромдары.

  2. Болжам диагнозы.

N13. Жауаптары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]